"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс. Тілдің синтаксистік құрылымын меңгеру



бет7/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
7-дәріс. Тілдің синтаксистік құрылымын меңгеру

Мектеп жасына дейінгі баланың тілдің грамматикалық құрылымын игеруі бас миының талдау-жинақтау әрекеттерімен тығыз байланысты. Ақыл-ой қызметінің осы күрделі механизмі И.П. Павловтың еңбегінде ашылды. Бұл туралы психолог маман Ф.А. Сохин, педагог ғалым Н.А. Стародубоваатап көрсетті [33, 103]. М.М. Алексева, В.И. Яшина «Грамматика – бас ми қабыршағының абстрактілеуші дерексіз жұмысының нәтижесі, бірақ қазіргі болмыстың көрінісі болып табылады және нақты дәлелдерге сүйенеді», – деп тұжырым жасады [25] Бұл ой И.П. Павлов ашқан жаңалықтың жалғасы болды. Балалардың қоршаған ортадан алған әсерінің мида таңбалануы жайында талдап жазған физиолог ғалымның үш сигналды жүйесі бала тілінің грамматикалық жағынан дамуы, ақыл-ойы және миының дамуымен тікелей байланыстылығын жан-жақты дәлелдеген [102]. Балада тілінің морфологиялық және синтаксистік жүйелерінің дамуы тығыз байланыста болады. Сөздің жаңа формаларының пайда болуы сөйлемнің құрылымын күрделендіруге ықпал етеді және ауызша сөйлеуде сөйлемнің белгілі бір құрылымын қолдану сөздердің грамматикалық нысандарын бекітеді. Тіл – әлеуметтік, ал сөйлеу тілі – жеке құбылыс. Тіл – тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал сөйлеу тілі – тұрақсыз және жиі өзгеріп отыратын әрекет. Тіл адамның миы және санасымен бірге өзі қалыптасатын, ал сөйлеу әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психофизикалық құбылыс. Осылайша тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, олардың өзара тығыз байланысты екенін ерекше атап өткіміз келеді. Тіл әртүрлі санаттағы тілдік бірліктердің (дыбыстар, морфемалар, сөздер, сөйлемдер) жиынтығынан тұрып, оларды құру және қолдану ережелерінен құралады. Сөйлеу тілі өзінің белгілі бір заңдылықтары бар орныққан жүйе, сонымен бірге ол адамның даму деңгейін білдіреді. Сөйлеу тілі әрекеттердің ерекше түрі, тілдік бірліктердің туындауы мен қабылдауы бойынша әрекеттердің жиынтығы. Ол белгілі бір мазмұнды мәтінге көшіру (сөйлегенде) және мәтіндердің мазмұнынан алу (есту барысында), сондай-ақ жаңа бірліктерді өндіруге (соңғы 92 кезде «лингвокреативтілік» атауы беріліп жүрген) байланысты үдерістер. Белгілі бір тілде сөйлеу үшін алдымен тілдік бірліктерді меңгеріп, содан кейін оларды қолдана отыра қатысым әрекетінде пайдалану ережелерін игеру қажет. Ерте жас сөйлеу тілін қалыптастырудың ең тиімді кезеңіне жатады. Ерте жас пен мектепке дейінгі кезеңде сөйлеу тілінің қарқынды дамуы баланың заттық әрекетімен тығыз байланысты болады.


Қазақ тілі білімінде сөйлеу әрекеті онтогенезі, бала тілінің шығуы мен дамуы теориялық жағынан да, бақылау тәжірибе жағынан да арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде алғаш рет ғалым Т.Т. Аяпованың еңбегінде синтаксистік семантика тұрғысынан, яғни бір сөзді сөйлемнен бастап, екі сөзді, үш сөзді сөйлемдер деңгейінде қарастырылған. Бұл – ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, тәжірибені қажет ететін тіл білімінің күрделі мәселелерінің бірі болғандықтан біз, өз кезегімізде, сөйлеу онтогенезін қалыпты жағдайдағы балалар негізінде жалпы тіл білімі, психолингвистика, жалпы педагогика мен психология, арнайы педагогика т.б. салаларға мол материал беретін тақырып ретінде зерттеуді алдымызға мақсат етіп қойдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет