10-дәріс. Онтогенез үдерісінде тілді деңгейлік үйретудің мәні мен маңызы
Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесіне лайық тұғырына қондыру;
Білім алушылардың бойына қазақ тілін меңгерту барысында халыққа деген құрмет пен ізет сезімін ұялату;
Халықтың рухани және мәдени құндылықтарын, тарихының өткені мен бүгінін түпнұсқада таныту;
Қазақ тілін этнос өкілдерін рухани және адамгершілік тұрғыда жақындататын, біріктірушілік қызмет атқаратын деңгейге жеткізу.
Қазақ тілін өзге тілді мектептерде деңгейлеп оқыту мәселесінің өзектілігі Білім берудің мақсаты мен қоғамдық-әлеуметтік сұранымның үйлесімділігі. Өзге тілді мектеп оқушыларын қоғамдық-әлеуметтік ортада қазақ тілінде қатысымға түсетіндей деңгейге жеткізу.
Өзге тілді мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесін қазіргі уақытта тіл үйретуде оң нәтижелерге қол жеткізіп жүрген технологиялармен қамтамасыз ету;
«Қазақ тілі» пәнінің әлеуетін тілді меңгерту әдістемесін жетілдіру арқылы арттыру.
Қазақ тілін өзге тілді мектептерде деңгейлеп меңгерту Қазақстан Республикасының көпұлттық сипаты мен өзіндік ерекшелігін және тілдік білімді бағалаудың халықаралық, Европалық стандарттары TOEFL, DALF/DELF, ALTE, IELTS.
А1 Бастапқы игерім;
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім;
В1 Қалыптасқан игерім; В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім; В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім) негізінде бағалау және оқыту жүйелерін ескере отырып әзірленді.
Еуропалық стандарт негізінде тіл үйретудің деңгейлері
Еуропалық стандарт көрсеткіш
Қарапайым деңгей
А 1 Бастапқы игерім
Негізгі деңгей
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім
Орта деңгей
В1 Қалыптасқан игерім
Ортадан жоғары деңгей
В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім
Жоғары деңгей
В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім
Жетік деңгей
В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім С1 Кәсіби игерім
Бұл – «Жалпыеуропалық тілдік қоржында» қабылданған тілдерді меңгерудің 6 деңгейі. Осы 6 деңгейге сәйкес ортақ талаптар мен күтілетін нәтижелер айқындалған. Тілді меңгеру деңгейі келісілген ортақ талаптармен тексеріледі.