Тілі орыс бөлімдері студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата22.12.2016
өлшемі6,17 Mb.
#33
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

III деңгей
Өлендегі  қарамен  жазылған  сөздердің  түбірін  табыңыздар. 
Түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіріңіз.
Мен жазбаймын  өленді ермек үшін,
Жоқ -  барды, ертегіні термек үшін
Көкірегі 
сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
(Абай)
II деңгей
Сөздерді  оқып,  көшіріп  жазыңыз.  Айтылуда  сөздердің 
өзгеру  себебі  неде?  Осы  сөздерді  қатыстырып  сөйлем  қүра.  Бұл 
сөздердің жазылуын есте сақта.
Көкжиек,  шекара,  өнеркәсіп,  қашса,  ішсін,  ішсе,  орынбасар, 
тасбақа,  бірқазан,  жарқабақ,  әлдекім,  ашсын,  ашшы,  басшы, 
қолбасшы.
27

Біздің университет
Қазақ  сөз  өнерінің  майталманы,  академик  -   жазушы 
Зейнолла  Қабдолов  ой  толгамдарының  бірінде:  «Университет  -  
елдің  есеюі.  Ел  университетсіз  ақыл-парасат  жағынан  біртүрлі 
олқы  соғып  тұратын  тәрізді.  Университет  -   адамдарды  алға 
жетелейтін  «Прометей оты» деген екен.
Осы  сөздерде  салмақты  мэн-мағына  жатқандай.  Бұрын 
республикада  бір  ғана  университет  (ҚазМУ)  болса,  кейін  оған 
Қарағандьг  университеті  қосылды.  Ал  елдің  жоғары  білім  беру 
жүйесін  реформалау  ісі  басталғанда  облыс  орталықтарындағы 
бүрын  педагогикалық  институттар  біртіндеп  университет  атауын 
иелене бастады.
Мүның  өзі  де  аталған  реформа  елдегі  түбегейлі  өзгерістер 
нарықтық қарым-қатынастар талабынан  туындағаны белгілі.
Ендігі  жерде  облыстардағы  басты  жоғары  оқу  орны 
саналатын  педагогикалық  институттарға  тек  бір  ғана  мамандық 
иелері  мұғалімдер  әзірлеу  мүдделері  тарлық  етті.  Оньщ  үстіне 
университет  атауының  түпкі  мағынасында  жан-жақтылық,  сан 
алуандық,  эртүрлілік  үғымдары  да  қатар  көрініс  табатынын  айта 
кету  артық  емес.  Еліміздегі  іргелі  оку  орындарының  бірі  -   Орал 
педагогика институты да сонау тоқсаныншы жылдардың  басында 
университетке 
айналды. 
Қазақстандағы 
байыргы 
оку 
орындарының  бірінен  саналатын  бұл  білім  ордасының  да  өнеге 
тұтарлық  бай  тарихы,  әрі  улкен  болашағы  бар  екені  даусыз.  Әрі 
мүның  өзін  өңірдің  өткендегісімен,  бүгіні  жэне  келешегімен 
байланьгстыра  қарауға  да  болады.  Қазір  Батыс  Қазақстан 
мемлекеттік  университеті  (БҚМУ)  өз  дамуының  жаңа  кезеңіне 
аяқ  басып  отыр.  Ол  республикамыздагы  ірі,  көп  салалы  жоғары 
оку орындарының қатарынан  ойып орын  алады.
Осынау  жоғары  оқу  орнының  тарихы  1932  жылдың 
қыркүйегінен  бастау  алады.  Орал  педагогика  институты  дэл  осы 
жылы 
қүрылган 
болатын. 
Орал 
қаласында 
мүғалімдер 
дайындайтын 
институттан 
бөлек 
Батыс 
Қазақстан 
ауыл 
шаруашылығы  институты  бар  еді.  Ол  1963  жылы  қүрылган-ды. 
1991  жылы  мүнда  үшінші  жоғары  оқу  орны  -   Батыс  Қазақстан 
мәдениет  институты  ашылды.  Ал  2000  жылдың  он  төртінші 
ақпанында  республика  Үкіметінің  каулысы  бойынша  жоғарыда 
айтылган 
үш 
институттың 
6а;асында 
Батыс 
Қазақстан 
мемлекеттік университеті  кұрылды.

Орал  қаласында  БҚМУ  қүрылғанға  дейін  де  Гуманитарлык 
жэне Аграрлық деп  аталатын  екі  бірдей университет пайда болып 
үлгерген-ді.  Университет  институтпен  салыстырғанда  несімен 
ерекшеленеді?  Ол  білімнің ұңгыл-шұңғылын терең  қамтитын  көп 
қырлы  оку  орны  болып  саналады.  Университет  тек  кәсіби 
мамандық 
қана 
беріп 
қоймайды. 
Сонымен 
бірге 
терең 
эрудицияға,  жогары  мәдениетке  де  тәрбиелеп  шыгарады.  Әрі 
қогамға  қажетті  мамандар  әзірлеу  үшін  мемлекеттің  тапсырысын 
орындайды.  Сонымен  бір  мезгілде  адамдардың жеке дамуындағы 
өзін-өзі  жетілдіруіндегі  талап-тілектерін  де  қанағаттандырады. 
Университет белгілі  бір аймақта ғылымның дамуы экономикалык 
саяси  жэне  мэдени  саладағы  шешімін  күткен  мәселелерге 
зерттеу үшін таптырмас  мүмкіндіктер береді.
әзірлеу -  готовить
мағына  -   смысл,  значение,
содержание
жан-жақсы -  всесторонний 
үғым -  понятие 
мудде -  интерес 
мамандық  -   специальность, 
профессия
келешек -  будущее 
айналу -  превратиться 
терең -  глубоко 
дамыган -  развитой 
сала -  сфера, область 
болу үшін -  чтобы стать 
тапсырыс -  заказ 
аймақ -  регион
III деңгей
1.  Мәтін  бойынша жоспар құрыңыздар.
2.  Жақсы  маман  болу  үшін коп ецбектену керек пе?
3.  Сіздің мамандыгыңыз қандай?
4.  Мамандығыңыз қай салада?
5.  Әрбір  адам  өз мамандығын жүрек қалауымен таңдауы  қажет 
пе, әлде ата-анасының пікірімен санасуы  қажет пе?
II деңгей
Өзіңіз  оқитын  университетте  дайындалатын  мамандык 
атауларын сала бойынша  қойып жазыңыз.
Үлгі:  Өнер  саласы  -   (Сфера  искусства)  — музыка  пэнінің 
мүғалімі, дизайнер, суретші.
Iдеңгей
Мэтінді оқып,  қазақтіліне аударыңыз.
29

Стратегия  развития университета
Миссия  ЗКГУ -   обеспечение  Западного  региона  Казахстана 
кадровыми  и  научными  ресурсами  новой  генерации,  увеличение 
вклада  в  его  ускоренное  социально-экономическое  развитие. 
Цель  -   стать  классическим  университетом  международного 
уровня  с  фундаментальным  образованием  и  мощной  научно­
инновационной  инфраструктурой.
Главная 
задача 
-  
повышение 
профессионализма 
выпускников  за  счет  единства  и  модернизации  учебного, 
научного,  воспитательного  процессов  и  обеспечения  их  высокой 
конкурентоспособности на рынке труда.
Қосымша
1-тапсырма
Түбірдің  соңғы  дыбысы  қатаң  жэне  орыс  тілінен  енген 
сөздердегі  б,  в,  г,  д  дыбыстарына  аяқталып  тұрса,  оган 
жалғанатын  қосымшалар  да  қатаң  дыбыстардан  басталады. 
Мысалдар келтіріціз.
Үлгі:  студент+пін, педагог+тар,  мектеп+ке, клуб+қа, дос+қа  ..  .
2-тапсырма
«Өз  университетіңізді  болашақта  қалай  елестетесің?  деген 
тақырыпта шыгарма жазьщыз.
3-тапсырма
Мамандық атауларын  қазақ тіліне аударыңыз.
Дизайнер,  офицер,  социолог,  архитектор,  ветеринар,  летчик, 
экономист, 
бухгалтер, 
программист-оператор, 
юрист, 
переводчик,  координатор, официант,  ювелир.
4-тапсырма
«Біздің  университет,  менің  мамандыгым»  тақырыбына 
шагын шыгарма жазыңыз.
30

Кейінгі ықпал
(регрессивная ассимиляция)
Тубір  мен  қосымша  немесе  сөз  тіркесіндегі  сөздер 
аралығында 
қатар  келген  дыбыстардың  кейінгісінін,  алдыңғы 
дыбысқа  ықпал  етіп,  үндесуі  кейінгі  ы қп ал  деп  аталады 
(регрессивная асстптяция -  это уподобление предыдущего звука 
последующему).
Сөз  қатаң  қ,  к,  п
 
дыбыстарына 
аяқталып,  қосымша  не  келесі 
сөз  дауысты,  үнді
 
және  уяң  д, 
ж,  з
 
дыбыстарынан  басталса, 
сөз 
соңында 
қ-г, 
к-г, 
п-б 
айналады  (если  последний  звук 
основы  глухой  согласный  (к,  ц, 
п),  а  прибавляемый  к  основе 
суффикс 
или 
окончание 
начинают с гласного,  сонорного 
и  звонких  д,  ж,  з  то  глухие 
согласные  озванчиваются:  (к-г, 
к-г, п-б)
а) 
Түбір 
мен 
қосымша
аралығында:
жүрек 
+  
і 
=  
жүрег 
+  
і
тарақ 
+  
ым 
=  
тарағ + ым
ақ + ып = ағ + ып
бақ + ады = бағ 
+  
ады
шап 
+  
у 
=  
шаб 
+  
у
э) сөз бен сөз аралығында: 
ақ 
+  
ешкі 
=  
ағ 
+  
ешкі 
көк 
+  
аспан 
=  
көг 
+  
аспан 
жоқ 
+  
зат 
=  
жоғ 
+  
зат 
ак 
+  
жауын 
=  
ағ 
+  
жауын
Сөз 
қатаң 
и 
дыбысына 
аяқталып,  оған  көсемшенің  -  
ып,  in
 
жүрнагы  жалғанғанда 
қатаң  п
 
үнді  у
 
дыбысына 
айналады 
(если 
к 
словам 
оканчивающимся  на  глухой  п 
прибавить 
суффикс  деепри­
частия 
-ып, 
in 
глухой 
п 
заменяется с сонорный у)
тап 
+  
ып 
=  
тау 
+  
ып 
кеп 
+   і п   =  
кеу 
+   і п
Сөз  үнді  н  дыбысына  бітіп, 
қосымша  не  кейінгі  сөз  б,  п,  м 
дыбыстарынан  басталғанда  н 
қос  ерін м   дыбысына  айналады 
(если  слова  оканчиваются  на 
сонорный  н,  а  прибавляемый 
суффикс, 
окончание 
или 
следующее  слово  начинаются 
на 
б, 
п, 
м  
то 
звук 
н 
произносится  как м )
а) 
түбір 
мен 
қосымша
аралығында:
сен  + беді = сем + беді
келген + мін = келгем + мін
ә) сөз сөз аралығында:
Бөген + бай =  Бөгем + бай
онбес = онбес
Жан + пейіс = Жам + пейіс
он  парақ = ом парақ
кен мен жер = кем мен жер
31

Сөз  үнді  н  дыбысына  бітіп, 
қосымша  не  кейінгі  сөз  қ,  к,  г,  г 
дыбыстарынан  басталғанда,  н 
дыбысы  ң  дыбысына  айналады 
(если  слова  оканчиваются  на 
сонорный  н,  а  прибавляемый 
суффикс, 
окончание 
и 
следующее  слово  начинаются 
на  ц, 
к,  г,  г  то  звук  н 
произносится как ң)
а) 
Түбір 
мен 
косымша 
аралығында:
СӘН  +  ҚОЙ = СЭҢ +  кой
сен  +  гем = сең +  гем 
тон + ға = тоң + га 
э) сөз бен  сөз аралыгында: 
он ғасыр = оң гасыр 
Аман  +  құл = Аман + К Р  
Сәрсен  + гүл  = Сәрсең + гүл
Сөз  ұяң  з  дыбысына  бітіп, 
қосымша  не  кейінгі сөз  қатаң 
ш 
дыбысынан  басталғанда,  ұяң  з 
қатаң  ш  дыбысына  айналады 
(если  слова  оканчиваются  на 
звонкий 
з, 
а 
прибавляемый 
суффикс, 
окончание 
или 
следующее  слово  начинаются 
на  ш  то  звук  з  произносится 
как ш).
а) 
түбір 
мен 
қосымша
аралыгында:
сөз  + шең = сөш  + шең
таз + ша = таш + ша
кос + шы = қош + шы
ойлас +  шы = ойлаш + шы
ә) сөз бен сөз аралыгында: 
тез шық -  теш шық 
көз шалды  -  көш шалды 
бос  шелек = бош шелек 
бас  шайкау = баш  шайқау
Тоғыспалы ықпал
(прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
Сөз  бен  сөз  аралығында  қатар  келген  дыбыстардың  бір- 
біріне  ілгері-кейінді  ықпал  етуінің  нәтижесінде  екеуінің  де 
өзгеріске ұшырауы тоғыспалы  ықпал деп аталады  (прогрессивно­
регрессивная  ассимиляция  -   это  взаимное уподобление  соседних 
звуков).
Сөз  үнді  н  дыбысына  бітіп, 
кейінгі 
сөз  қатаң  қ   не  к 
дыбыстарынан  басталғанда  н 
дыбысы  ң  дыбысына  қ, 
к 
дыбыстары  г,  г  дыбыстарына 
айналады 
(встречаются 
следующие 
случаи 
прогрессивно-регрессивной_____
н  + қ = ң +ғ 
н +  к = ң +г
Қазан  + қап = Қазаң + ғап 
ортан қолдай = ортаң ғолдай 
мен  көрдім  = мең гөрдім 
Есен келді = Есең гелді
32

ассимиляции: 
сочетание 
нқ, 
может 
изменяться 
в 
ңг, 
сочетание 
нк 
может 
изменяться в ңг).
Жан + қара = Жаң + ғара 
күн  көру = күң + гөру
Сөз  с
 
дыбысына  бітіп,  кейінгі 
сөз  ж  дыбысынан  басталғанда, 
екеуі  де  ш   дыбысына  айналады 
(сочетание 
сж 
может 
изменяться  шш)
с  +  ж = ш + ш 
тас жол  = таш шол 
қос + жан = қош + шан 
бас жақ = баш шақ 
Дос + жан  = Дош  + шан
III деңгей
Сөздерді  үшінші  жақта  тәуелдеп  айтьщыз.  Тэуелдік жалғау 
жалғанған  кезде  түбір  сөздің  қандай  өзгеріске  үшырағанын 
анықтаңыз.
Тарақ,  жүрек,  мектеп,  бүлақ,  тауық,  терек,  көлік,  талап, 
жауап, тек.
II деңгей
Сөз  тіркестерін  көшіріп  жазыңыз.  Сөздердің  аралығындағы 
көршілес 
дыбыстардың 
айтылу 
кезінде 
өзгеру 
себебін 
түсіндіріңіз.
Ақ ешкі,  керек екен,  ала  кел,  ақ лақ,  ақ алтын,  торы  ат,  қара 
ала сиыр, ақ жаулық, ай  қабақ, дөңгелек үстел, көк аспан.
I деңгей
Сөздерді  оқып,  көшіріп  жазьщыз.  Сөздердің  айтылуы  мен 
жазылуын салыстырыңыз.
Сэнқой,  келгенмін,  басшы,  Сарыарқа,  теңізші,  жанбады, 
сөзсіз, сөнбеді, көкжиек, өнеркәсіп,  шекара.
Үлгі: 
Жазылуы 
Айтылуы
сәнқой 
сэңқой
келгенмін 
келгеммін
33

Менің ауылым,  калам.  Мен  тұратын  үй
Менің  ауылым  Батыс  Қазақстан  облысының  оңтүстік  киыр 
шетінде  орналаскан.  Ауылымыз  сырт  қарағанда дөңгелек сайдың 
ішінде  орналасқандай  боп  көрінеді.  Ауылымыздың  шетінде 
көлмен  жағалай  өсіп  түрған  орман  ауыл  көркін  ажарландыра 
түседі.  Аулымызда  400  -   ге  тарта  үй,  экімшілік  ғимараты, 
амбулатория, орта білім беретін  мектеп, балабақша, дүкен бар.
Ауыл адамдары өте қарапайым,  конақжай.
Орал -   негізі  1613  жылы  қаланган  қала.  Бүдан  бірнеше  мың 
жыл  бүрын  Орал  қаласының  орны  скиф,  гот,  хун,  овар,  печенег 
жэне  қыпшақ  көшпелі  тайпаларының  мекені  болды.  Орал  қаласы
-   Саратов-Елек  темір  жолындағы  ірі  темір  жол  станциясы. 
Жайық  бойындағы  өзен  порты  жэне  эуе  жолының  торабы. 
Орыстар  Жайық  бойына  XV  ғасырдың  аяғы  -  XVI  гасырдың  бас 
кезінде  келе  бастады.  Олар  1580  жылы  Жайық  бойымен  жогары 
көтеріліп,  Ноғай  хандығының  астанасы  Сарайшық қаласын  талан
-  таражға салып, Жайық бойына біржола қоныс тепті.
Қазір  Оралда  нарықтың  басты  салалары  -   машина  жасау, 
металл  өндіру,  кұрылыс  материалдарын  өңдеу  т.б.  сияқты  толып 
жатқан өндіріс орындары бар.
Орал  -  өте  көне  қала.  Қаланың  тарихы  өте  бай.  Сондықтан 
мұнда  тарихи  орындар  ете  көп.  Көптеген  тарихи  ескерткіштер 
болашақ  үрпақтар  үшін  қаз-қалпында  сақтаулы:  бүрынғы  қазақ- 
орыс  мектебі  (Қазіргі  уақытта  мұнда  тарихи-өлкетану  мұражайы 
орналасқан.) Ол  1880 жылдары салынған.
ХҮПІ  ғасырдағы  сәулет  өнерінің  ескерткіші  Жебірейіл 
Михаилдың  соборы  (1751  жылы  салынган).  Бүл  собор  1773-1775 
жылдары  Емельян  Пугачевтің  басшылыгымен  өткен  шаруапар 
соғысының куәгері.
XIX  ғасырдағы  сәулет  ескерткіші  -   құтқарушы  Христос 
храмы;  Алаш  Орданың  Батыс  бөлімшесінің  жетекшілері  Халел 
мен  Жаһанша 
Досмұхамедовтер  білім  алған  әскери  реалдык 
училищенің ғимараты.
Достық  даңғылы  бойында  М.В.Фрунзенің  бүрынғы  штаб 
үйі  болған үй  бар.  Осы  үйде  ол  әскери  бүйрықтар  берген.  Фрунзе 
ақ казактарды оңтүстікке қарай  сырып тастаған.
Батыс  Қазақстан  облысының  облыс  экімшілігі  -   бүрынгы 
одактар  үйі.  1919  ж.  облыстық  ревком,  жүмысшылар.  шаруалар, 
солдаттардың одағы жүмыс істеген.
34

А.С.Пушкин  мұражайы  (2006  ж.)  -   бұрынгы  атамандар  үйі. 
Бүл  үйде  Покатилов  деген  атаман  тұрған.  1833  жылы  Покатилов 
Пушкинді  жылы  қарсы  алып,  оған  қаланы  көрсеткен  жэне  оған 
жұмыс  бөлмесін  берген.  Пушкин  Пугачев  туралы  деректер 
жинап,  «Капитан  қызы»  повесін  жазган.  Бұл  үйде  В.И.Даль,
В.А.Жуковский,  Л.Н.Толстой  сияқты  жазушылар  токтап,  жұмыс 
істеген.
Қалалық  мұсылмандар  мешіті  -   ғимаратында  Ғабдолла 
Тоқай  оқыған.  Гайдар  атындағы  қалалық  кітапхана  XIX  ғасырда 
салынған.  Бұл  үйде  1900  жылы  шілде-тамыз  айларында  Пугачев 
туралы мұрағаттармен Короленко жұмыс істеген.
Жұбан  Молдагалиев  атындагы облыстық кітапхана бұрынғы 
Карев деген саудагердің үйі  1901  жылы қаланған.
Мен  Орал  қаласының  орталығындағы  үш  бөлмелі  пәтерде 
тұрамын.  Менің  пэтерімде  бұл  бөлмелерден  басқа,  ас  үй  жэне 
жуынатын  бөлме  бар.  Үй  бөлмелері  өз  талғамым  бойынша 
жиһаздармен жабдықталган.
Төргі  бөлмеде  конақтар  қабылдаймыз.  Екінші  бөлме  -  ата- 
анамдікі,  ал  үшінші  бөлме  -  менікі.  Мүнда  жүмыс  үстелім,  екі 
орындық, музыкалық  орталык бар.
ірі -  крупный, большой 
сәулет -  архитектура 
нарық -  рынок
сай -  овраг, яма
қиыр 
шет 
-  
отдаленный,
дальный
орналасу 
-  
устроиться,
расположиться
жагалай -  вокруг
көшпелі -  кочевой
торап -  перекресток, узел
куэ -  свидетель
жабдықтау -  оборудовать
ажарландырады -  украшает 
дерек -  сведение 
өлкетану -  краеведение 
қоныс тепті -  поселились 
нарық -  рынок 
жогары -  верх 
тал гам -  вкус
III деңгей
Төмендегі  мәтелдерді  сәйкестендіріңіз.  М акал - м эте л де р д і ң 
қандай магына беріп тұрғанын түсіндіріңіз.  Есте сақтаңыз.
Отанды 
сүю 
I басталады.
Отан оттан да ыстық.
Туған жердей жер болма, 
Туған елдей ел болмас.
Туган жердің ауасы да шипа.
от 
басынан  | На 
Родине 
и 
воздух 
лекарство.Любовь  к  Родине  у 
семейного  очага  зарождается. 
Нет  земли  лучше  Родины,  нет 
людей  лучше,  чем  на  Родине. 
Родины тепло -  огня  жарче.
35

II деңгей
«Ауылым-алтын бесігім» деген тақырыпта эңгіме жазыңыз.
I деңгей
«Орал  қаласының  тарихи  орындары»  деген  тақырыпта 
шығарма жазыңыз.
Қосымша
1 -тапсырма
Кейінді  ықпал  қалай  жасалатындығын  еске  түсіре  отырып,
кестені толтырыңыз.
Түбірдің С0ҢҒЫ 
дыбысы
Түбірдің
немесе
аффнкстің
алғашқы
дыбысы
Айтылудың
қорытындысы
ЖазылудыңЛ
қорытындысы
Үнді
Қатаң
Ң -  амаң ғал
Аман  кал
Н
К
Қатаң
Қатаң
Щ -  жұмышшы
Жүмыс +  шы
с

ш
2 -тапсырма
«Көркейе бер, туған  қалам» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.
Б у ы н  т ү р л е р і
(виды слогов)
Буын  дауысты  дыбыс  арқылы  жасалады:  Ас  -   та  -   на, 
Ак  -   те  -   бе.  Сөзді  буынга  бөлгенде  екі  дауысты  дыбыстың 
ортасындағы  дауыссыз  соңғы  буынға  ауысады  (гласные  звуки 
являются  слогообразующими.  При  образовании  слога  согласный, 
который  находится  в  слове  между  двумя  гласными  звуками, 
переходит к следующему слогу).
Мысалы:  а -  на,  ма -  қал.
Қазақ  тілінде,  орыс  тілінен  өзгеше,  буындардың  уш  түрі 
болады  (в казахском языке в отличие от русского имеется 3  вида 
слогов).
1.  А ш ы к  буын  (открытый  слог)  -   тек  кана  дауысты 
дыбыстан 
немесе  дауыссыздан 
дасталып, 
дауыстыға 
аякталатын  буын түрі.  Мысалы:  Ә -   ке, а -  та;
2.  Туны к буын  (полузакрытый слог) -  дауыстыдан басталып, 
дауыссызға аякталатын  буын түрі.  Мысалы:  ет,  ем.
36

3.  Бітеу  буын  (закрытый  слог)  -   екі  жагы  дауыссыз.  ортасы 
дауысты дыбыстан  гүратын  буыи  түрі.  Мысалы:  -нам.  нан.
Тасымал
(перенос)
Қазақ  тілінде  орыс  тіліндегі  сияқты  сөз  буын  жііінен 
тасымалданады  (слова  в  казахском  языке,  как  и  в  русском 
переносятся  по  слогам).  Мысалы:  ка  -   на  -   гат,  қанағат.  махаб  -  
бат, махаббат.
Тасымалдағанда бір эріпті тасымалдауга не жолда  калдырып 
кетуге  болмайды  (при  переносе  нельзя  оставлять  одну  букву  или 
переносить ее на следующую строку). 
Мысалы:
о -  мір. 
т -  әжірибе.
III деңгей
Төмендегі  сөздерді  буынға  бөліп  оқыңыз  жэне  буын 
түрлерін айтып беріңіз.  Орыс тіліне аударыңыз.
Ықылас,  кеңес,  кәсіп,  есімім,  айым,  туу,  туар,  еті,  қимастық. 
ырыс,  қиял,  оқуың,  су,  дэн,  саяқ,  жаяу,  әйел,  көрікті.  уақыт.  сұлу. 
ұлың, ине,  ниет, сыйлау, дария.
II деңгей
Төмендегі  өлең  жолдарындағы  қарамен  берілген  сөздерді 
теріп  алып,  буын  түрлеріне  ажыратыңыз.  Әрқайсысымен  сөйлем 
кұрастырыңыз.
Әкесі  ұрысса,  балаға  ол  да  -  
достық,
Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?
Мал мен бақтың дұшпаны 
Кеселді пысық көбейді  .  .  .
Аясаңшы апырмау,
Әке, шеше,  бауырым  .  .  .
I деңгей
Қарамен  жазылган  сөздерді  буынға  бөліп,  буын  түрлеріне 
ажыратыңыз.
Халқымыздың  ең  жақсы  көретін  тағамы  -   ет,  әсіресе 
жылқы  еті  мен  қой  еті.  Жылқы  сойғанда  қазы,  шұжық,  қарта, 
жал, жая, омыртқа жэне төсіне ерекше  мән  берген.  Бұларды  жаз
Бар демес  сендей  бір 
Адамның баласы  .  .  .
Адамның  бір  қызыгы  бала 
деген
Баланы 
оқытуды 
жек 
көрмедім
(Абай)
37

болса,  тұздап,  сүрлеп  (күнге,  желге,  түтінге  қақтап)  келетін 
сыйлы  қонақтарға сақтаған.
Сүт  тағамдары  каймак,  май  (сары  май,  қарын  майы,  ақ 
май),  кілегей,  айран,  ірімшік  (сары  ірімшік,  ақ  ірімшік),  к^Рт- 
коспа,  сүзбе т.б.
Мерекелер
Қазақстан  Республикасы  -   егеменді  тәуелсіз  ел.  Тэуелсіз 
елімізде тойланатын  мереке түрлері өте көп.
Мерекенің  екі  түрі  бар:  бірі  -   үкіметіміз  ресми  түрде  атап 
өтетін  тойлар,  екіншісі -  ресми  емес, ұлттық мерейтойлар.  Ресми 
мерекелер  қатарына:  ҚР-ы  Конститутциясы  күні  (тамыздың 
отызында), 
Республика  күні 
(қазанның  жиырма  бесінде), 
Қазақстанның  Тэуелсіздік  күні  (желтоқсанның  он  алтысында) 
жатады.
Ал  қаңтардың  бір  -   екісінде  тойланатын  Жаңа  жыл 
мерекесі,  наурыздың  сегізінде  тойланатын  Халықаралық әйелдер 
күні,  наурыздың  жиырма  екісінде  тойланатын  Наурыз  мейрамы, 
мамырдың  тоғызында  тойланатын  Жеңіс  күні  -   бұрыннан 
тойланып келе жатқан ресми  емес ұлттық мерейтойлар.
Көптеген  казақтар  мұсылман  мейрамдары  -   Ораза  айтты, 
Құрбан айтты тойлайды.
Қазақстандагы  Христиандар  Рождество,  Пасха,  Вознесение 
т.б. атап өтеді.
ресми -  официальный 
ұлттық -  национальный 
мерекелеу -  праздновать, 
отмечать 
халықаралық -  
международный

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет