3
Білім бер
у 4.0. «Пе
даг
ог»
кәсіптік стандарты
Қазақстандық қоғам ұлтты ілгерілетуге бағытталған, қазіргі және келесі ұрпаққа еліміздің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік
беретін білімнің маңыздылығын түсінеді.
Педагог өз қызметімен ата-аналармен және мемлекетпен сенімді серіктестікте қазақстандық балалардың бүгінгі және бола-
шақ әл-ауқатын анықтайды.
Педагогтің кәсіптік стандартын әзірлеу кезінде Қазақстанда білім беру сапасын академиялық және практикалық арттырудағы
қазіргі және болашақ қажеттіліктер, білім беру саласындағы заманауи зерттеулер және үздік халықаралық тәжірибе ескерілді.
КІРІСПЕ
1. Педагогтің кәсіптік стандарты (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт):
1.1. педагогтің педагогикалық дайындығы мен
қызметінің мазмұнын сипаттайды;
1.2. педагогтерді даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың, қызметтің басқа да салаларындағы мамандарды қайта даярла-
удың білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін
негіз болып табылады;
1.3. кәсіптік дайындықтан және мамандыққа кірісуден бастап педагогикалық шеберлікке дейінгі
құзіреттіліктерді сипаттайды;
1.4. нақты педагогтің еңбек қызметін және кәсіптік танылған практика эталонын салыстыру үшін
негіз қалыптастырады;
1.5. педагогке өз мансабын кәсіптік дамытуға мүмкіндіктер береді;
1.6. педагогтің біліктілік деңгейлерін, еңбек функцияларын және кәсіптік даму дәрежесін дифференциалды бағалау құралы
болып
табылады;
1.7. өзгерістер мен инновациялық процестерге белсенді жауап бере отырып, мұғалімге сабақ беру, оқыту және тәрбиелеуде
көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді;
1.8. педагогке қоғамдық сенім мен құрметті нығайтуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әл-ауқатын арттыруға, білім
беру ұйымдарында оқыту мен дамуды жақсартуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: