Жауаптары:
1.Алтынсарин
2.Түркістан
3.Бигелдинов
4.Алматы
5.Қашаубаев
6.Тәуке
7.Алакөл
8.Жамбыл
9.Қытай
10.Әл-Фараби
2-топ.
1.Қабанбай батырдың шын аты.
2.« Невада-Семей» қозғалысының басшысы.
3.Қазақстанның ең алғашқы астанасы.
4.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы.
5.Латын алфавиті қолданылған жылдар.
6.Қазақстан облыстарының саны.
7.Киіз үй неден тұратынын белгіле.
8.Әбілхан Қастеев- …
9.Бауыржан Момышұлы- …
10.Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта.
Жауаптар:
1.Ерасыл
2.О.Сүлейменов
3.Орынбор
4.«Семей-Невада»
5.1929-1939
6.14
7.шаңырақ, уық, кереге
8.суретші
9.батыр, жазушы
10.құсбегі
3-топ:
1.Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап.
2.Көшпелілердің баспанасы.
3.Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата?
4.Тұңғыш қазақ ғалымы?
5.Тіл білімінің негізін салушы?
6.Балалар әдебиетінің негізін салушы?
7.Жазба әдебиетінің негізін салушы?
8.Тұңғыш педагог?
9.Тұңғыш қазақ оқулығын ата?
10.Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім?
Жауаптар:
1.нағашы ата
2.киіз үй
3.Дина
4.Шоқан
5.Байтұрсынов
6.Алтынсарин
7.Абай
8.Алтынсарин
9.«Қазақ хрестоматиясы»
10.А.Байтұрсынов
2-Жүргізуші:
“Қазақстан Республикасының тілдер туралы” заңның 4-бабында былай деп жазылған.
“…Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы”.
Ал, Елбасы былай деген екен:
“Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу — уақыт талабы”.
2 – Жүргізуші:
– Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!
2-кезең: «Өнерлі өрге шығар» (өлең шығару сайысы).
Шарты: Тіл туралы өлең шығару. (уақыты 3 минут)
1 – Жүргізуші:
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
3-кезең : «Мақал – сөздің мәйегі». (Мақалдың мәнін ашу, өмірден мысалдар келтіру)
Әр топ мүшесі мақал-мәтелдерді алады, оның мағынасын топпен бірге ашады.
1.Бірлік бар жерде тірлік бар.
2.Ана тілің алпыс тілге татиды.
3.Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
4.Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін.
5.Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
6.Бірлік болмай, тірлік балмас.
7.Тіл қылыштан да өткір.
8.Тіл көңілдің кілті.
9.Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
1 – Жүргізуші:
– Өнерлінің өнерін
Тағы да байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік,
Ән сайысына кезек берейік.
«Көңілім әнді ұғады» сайысы.
Достарыңызбен бөлісу: |