«Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» Мақсаты



бет1/4
Дата24.03.2022
өлшемі21,88 Kb.
#28663
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
ТІЛ тУРАЛЫ САЙЫС


«Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем»
Мақсаты: Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.
Көрнекіліктер: тіл туралы қанатты сөздер,  презентация.
Барысы: Қазақтың әсем ұлттық әуені ойнап тұрады, сахна безендірілген, қанатты сөздер, баннер ілінген. 
1 – Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Бүгінгі «Тілім өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты сайысқа қош келдіңіздер! Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдері тойлап  келеді. Тілдер мерекесі еліміздегі барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет!

 

2 – Жүргізуші:

Қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мәртебесі көкке жеткен тіліміз көптеген жетістіктерге жетті. Соның бір айғағы жаңа Әнұраны.



(Әнұранды айту)

1 – Жүргізуші:

Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі “Қазақстан — туған жерім, Отаным, алтын ордам” деп 130 астам түрлі ұлт өкілдері бір ауыздан жар салуда. Өйткені біздің ел “татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі”.

 

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,



Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Бірлік, достық, татулық жүрегі боп

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

 

2 – Жүргізуші:

Бүгінгі шарамыз бабаларымыздың сөйлеген, ана сүтімен бойымызға дарыған, көркем әрі бай қазақ тіліне арналмақ.

Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен 9 сынып оқушыларымен «Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.

 

1-жүрізуші:

Ана тілім- арайлы шапағатым,

Ана тілім – сәнім мен салтанатым.

Ана тілім – таудағы таза бұлақ,

Ана тілім – Мәңгілік махаббатым.

Ана тілім – қазағым, қазақ тілім!


1 – Жүргізуші: (Байқаудың белестерімен таныстыру)

– Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

1.«Жүйріктен жүйрік озар жарысканда» викториналық сұрақтар. (сұрақтарға шапшаң жауап беру).

2.«Өнерлі өрге шығар» сайысы (өлең құрастыру).

3.«Мақал – сөздің мәйегі» сайысы (мақал-мәтелдің мағынасын ашу).

4.«Көңілім әнді ұғады» сайысы (өлеңнің аты мен авторын анықтау).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет