Шарты: оқушылар ойнап тұрған минусовкалардан әннің атын танып айтулары керек.
2 – Жүргізуші:
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, өзбектер
Армян, татар, ұйғырлар.
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату – тәтті, достық қарым – қатынаста
1 – Жүргізуші:
-Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн –Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсін!
2 – Жүргізуші:
– «Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әдісқазыларға сөз берейік.
(әуен ойнап тұрады)
Жеңімпаздар аталады.
Марапаттау ресімі.
1 – Жүргізуші:
– Құрметті әдебиетті, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен талапты оқушылар! Тілдер айлығы шеңберінде өткізіліп отырған іс шарамыз аяғына жетті.
– Анамыздың қанымен бойымызға тараған тіліміздің құндылығын, қасиетін, жан-жақтылығын, маңыздылығын түсініп жүрейік, тілімізді әрқашанда құрметтейік!
Достарыңызбен бөлісу: |