Синдромның кездесу жиілігі жаңадан туылған ұлдар арасында 1/500-1/750 қатынасындай.
Артық Х хромосома психиканың түрлі өзгерістеріне әкеледі: аурулар өте сенгіш, жігерсіз, селқос, кейде ақыл-естің мешеулігі байқалады(дебильдік).
Мысық айқайы синдромы
Бұл аурумен ауыратын балалардың дыбыс тембрі ерекше, мысықша "мияулап", жалынышты күйде болады. Сол сияқты олардың ақыл-есі кем, денесінің дамуы нашар болады. Негізгі фенотиптік белгілері: беті дөңгелек, эпикант дамымаған, микроцефалия және жүрегінің ақаулықтары айқын байқалады.