Timss халықаралық зерттеу бағдарламасының білім беру саласындағы ерекшеліктері «7М01107– Педагогикалық өлшемдер»



бет2/3
Дата29.04.2023
өлшемі29,97 Kb.
#88445
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Әбушахман Ақерке Фараби әлемі мақала

Keywords: Quality of education, international program, International Research Program TIMSS, monitoring.

Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім беру жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесімен тығыз байланысты. Осыған сай Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену үшін білім сапасының дәрежесі жоғары болуы қажет. Білім беру сапасы көпқырлы ұғым.


Білім беру сапасы - мектепте білім алып жатқан оқушылардың және мектеп бітіруші түлектің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы және де білім беру қызметінің сапасын қамтитын негізгі түсінік.
Қазір білім беру процесін жетілдірудегі жетекші бағыттардың бірі мектепте білім сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы басқару жүйесін қалыптастыру. Ол мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Білім беру сапасын қамтамассыз етудің тиімді жүйесін жасау үшін оған негіз болып табылатын мынадай үш міндетті орындау шарт:

  • Басқарудың түпкі мақсаттарын көздейтін (білім беру стандарттарына, әлеуметтік стандарттарға сәйкес) сапа эталонын қалыптастыру;

  • Қол жеткізген даярлық деңгейін эталонмен салыстыру және осы негізде сапаны бағалау;

  • Қол жеткізген сапаны анықтайтын шарттар мен факторларға орын алған ауытқуларды жою бағытында пәрменді ықпал ететін шаралар қабылдау[1].

Халықаралық білім беру кеңістігінің даму тенденцияларының бірі оқушылардың білім нәтижелерін бағалау және зерттеуді ұйымдастыру.
Халықаралық зерттеу бағдарламалары – еліміздің білім сапасы мен оқушылардың оқу жетістігін анықтап, сараптайтын негізгі бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Оқушылардың білімінен күтілетін нәтижелеріне жетуін бағалаудың кеңінен танымал халықаралық зерттеулеріне мыналар жатады PISA, TIMSS, PIRLS.
TIMSS халықаралық зерттеу бағдарламасы – (Trends in International Mathematics and Science Study) 4 және 8 сынып оқушылардың математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын анықтайтын және мектептегі білім беру сапасын сараптайтын халықаралық зерттеуі әлемнің 60-тан астам елінің жаратылыстану математика бағытындағы даму тенденциясы туралы ақпаратты ұсынушы жетекші
мониторингтік жоба .
TIMSS халықаралық зерттеуінде математикалық құзыреттіліктің үш деңгейі қарастырылады.: білу (еске түсіру), қолдану (байланыстарды орнату), ойлау (пайымдау) деңгейі.
Білу деңгейі бойынша оқушылардың термиендерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметті алу; құралдарды қолдану; классификациялау, математикалық объектілерді тану қабілеттері бағаланады.
Қолдану деңгейі бойынша нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады.
Ойлау деңгейі бойынша объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады [2].
TIMSS халықаралық зерттеу құралдары:
1. Оқушылар жетістіктерінің тесттері;
2. Респонденттер сауалнамалары (оқушылардың және пән мұғалімдерінің, мектеп әкімшілігінің, ұлттық үйлестіруші, зерттеуді жүргізудің сапасының халықаралық бақылаушысы);
3. Әдістемелік кешен (зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу, іріктеулерді қалыптастыру, тестілерді жүргізу, еркін жауапты тапсырмаларды тексеру, мәліметтерді енгізу бойынша ұлттық және мектеп үйлестірушілерінің нұсқаулығы);
4. Бағдарламалық кешен (мектептер, сыныптар және оқушылардың, зерттеу нәтижелерінің халықаралық және ұлттық дерекқоры ).
TIMSS зерттеуінің негізгі компоненттері төменде берілген принциптер негізінде жасалған білім алу жетістіктерінің тестілері болып табылады:
Тексерілетін мазмұн мен оқу – танымдық іс-әрекет түрлерін сәйкес қамту;
Қатысушы елдердің оқыту материалдарына максималды сәйкестік;
Тексерілуі тиіс оқу материалының математика және жаратылыстану ғылымдарынан білім беруді дамыту тарапынан маңыздылығы;
Тест тапсырмаларының оқушылардың жас ерекшелігі жетістіктерін бағалауға сәйкестігі [3].
TIMSS халықаралық бағдарламасының артықшылығы:
- Математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын анықтауға көмектеседі;
- Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, яғни математикалық құзыреттіліктің даму деңгейлеріне арналған тапсырмаларды шешіп үйренеді;
- Мектептің білім сапасын бағалауға жан-жақты мүмкіндік береді;
- Оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағыттайды;
- Оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірдің түрлі жағдайларына бейімделуге, шешімін табуға, сауаттылыққа үйретеді;
- Берілген тапсырмалар арқылы шапшаңдыққа, ойлау қабілеттерінің дамуына, шешім қабылдауға үйренеді;
- Тек оқушылар емес, мектеп ұжымының да нақты білім сапасының көрсеткішін жан-жақты сараптауға жағдай жасалады.
Кездесетін қиындықтар аясы:
1. Оқушылардың математикалық және жаратылыстану сауаттылықтарын арттыруға арналған арнайы жұмыстардың толық деңгейде ұйымдастырылмауы;
2. Ұйымдастырушылық, зерттеушілік жұмысты іске асырудың төмендігі;
3. Бақылау, анықтау, салыстыру, жүйелеу, қорытындылау сынды жұмыстардың төмендігі;
4. Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын өмірлік жағдайда дұрыс қолдана алмауы;
5. Функционалдық, математикалық, жаратылыстану, компьютерлік сауаттылық деңгейлері бойынша толық түсініктің қалыптаспауы.
TIMSS жобасын жүзеге асыруда танымал ғылыми-зерттеу орталықтары
қатысады: білім беру саласындағы тестілеу қызметі (ETS-Educational Testing
Service, АҚШ), Канадалық статистика орталығы (Statistics Canada), Білім беру
жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық (IEA, Нидерланды), Білім беру
жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық қауымдастықтың мәліметтерін өндеу
орталығы (DPC IEA-Data Processing Center IEA, Германия).
TIMSS жобасының кеңес комитеттерінің құрамына әлемнің 50-ден астам
елдерінен білім беру сапасын бағалаудың жетекші сарапшылары кірді. TIMSS
зерттеуінің халықаралық үйлестіру орталығы Бостон колледжі (ISC-International
Study Center, Boston College, АҚШ) болып табылады. Зерттеуге танымал беделді ұйымдардың қатысуы жүргізіліп жатқан зерттеудің
жоғары сапасын қамтамасыз етіп қана қоймай, эксперименталды тексеруден өткен
халықаралық стандарттар негізінде оқушылардың білім алатын жетістіктерін
бағалудың инновациялық тәсілдерін жасауға көмектесті [4].
Ал, Қазақстан да зерттеуді ұйымдастыруды IEA Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастығы айналысады. Халықаралық зерттеуді жоспарлау, ұйымдастыру, бағдарламалық тапсырмаларды құрастыру, нәтижелерді сараптау, өңдеу, қортындылау және арнайы ақпараттық жариялаумен толықтай жұмыстар жүргізеді. TIMSS халықаралық зерттеуінің тесттік тапсырмалары 4-ші және 8-ші сыныптардың мазмұндық блоктары мен оқу-танымдық әрекеттері түрлеріне сәйкес жасалады.
4 сыныптың тест тапсырмаларының көпшілік пайызы «Сандар» мазмұндық блогына беріледі. 8- сыныптың тест тапсырмаларында «Алгебра» және «Сандар», «Геометрия» және «Мәліметтер мен болжамдар» блоктарына сұрақтар мен есептер бірдей бөлінеді.
«Сандар» мазмұндық блогы цифрлардың, жәй және ондық бөлшектердің мәндерін түсінуге, көптаңбалы сандардың жазылуын, оларды беру тәсілдері, олардың арасында байланыс орнату, сондай-ақ натурал сандарды пайдалану және оларға амалдар (қосу, азайту, көбейту және бөлу) қолданудың базалық біліктеріне бағытталған тест тапсырмаларын қамтиды. Оқушылар өлшем бірліктері арасындағы байланысты түсінуі, бір өлшем бірлігін екіншісіне (минутты секундке немесе күнді сағатқа) түрлендіре білулері керек.
«Геометриялық фигуралар және өлшеулер» мазмұндық блогының тест тапсырмалары 4-сынып оқушыларының сызықтар, бұрыштар, сондай-ақ түрлі геометриялық фигуралардың қасиеттері мен сипаттамаларын талдай, анықтай алу біліктерін айқындауға бағытталған.
«Мәліметтерді беру» мазмұндық блогы тапсырмаларын орындай отырып оқушылар кестелердегі, диаграммалар және графиктердегі деректерді оқи және түсіндіре білетіндіктерін, осындай деректерді талдауға негізделген қорытындылар бере алатын біліктерін көрсетулері керек. 8-сынып оқушыларына арналған «Сандар» мазмұндық блогы цифрларды және натурал сандарды, жәй және ондық бөлшектерді, пропорциялар мен пайыздарды түсіну ғана емес, оларды түрлі есептер шығаруда пайдалана алу біліктерін көрстеулерін де қамтиды.
«Алгебра» мазмұндық блогының тест тапсырмалары сандық заңдылықтарды анықтауға және математикалық есептерді шығаруда алгебралық символдарды пайдалануға бағытталған сұрақтардан тұрады.
Халықаралық тесттің «Геометрия» мазмұндық блогының тапсырмаларын орындай отырып, оқушылар қабырғалардың ұзындығы, бұрыштардың мөлшерлері, екі және үш өлшемді геометриялық фигуралардың қасиеттері мен сипаттамаларына талдау жасай білулері және негізделген жауаптар бере білулері керек.
«Мәліметтер және болжамдар» мазмұндық блогы графиктер мен кестелердегі деректерді беру және түсіндіруге берілген тапсырмаларды қамтиды.
TIMSS халықаралық зерттеуінің тесттік тапсырмалары жабық және ашық типті сұрақтармен беріледі. Жабық типті сұрақтар TIMSS зерттеуі тест тапсырмаларының жартысынан артығын құрайды, мұнда оқушыларға төрт нұсқадан бір жауапты таңдауға құқық берілген. Сұрақтың бұл түрі дәл жауап алуға және оны тез өңдеуге ыңғайлы, бірақ оқушылардың дағдылары мен білімдеріне толық баға бере алмайтынын атап өтуіміз керек. Ашық типті тапсырмалар оқушылардың графиктер, диаграммалар мен кестелерді беру және түсіндіруін, еркін жобаланған жауаптарын көздейді[5]. Зерттеу нәтижесі арнайы мониторинг жүйесі арқылы қорытынды жасалады.
Монитиоринг- педагогикалық өлшем ретінде. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «Мониторинг (лат. Monitor – қараушы, қадағалаушы, сақтандыру)- қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер- ықпалынан өзгерудің болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі», - деп анықтама берілген. «Мониторинг термині БҰҰ –ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының кезінде (1972) «бақылау» ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты мониторингке деген қажеттілік артуда. Мысалы соңғы он жылдың ішінде 4 миллионнан артық жаңа химиялық қосылыстар синтезделіп, жыл сайын 30 мыңдай әртүрлі химиялық заттар өндірілген. Мониторинг телевизия, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің базалық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық т.б. деңгейдегі түрлері бар»[6].
Заман талабына сай ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру тәсілі мен сапасын арттыруды, жаңашылдықпен ілгері жүргізуді талап ететіні сөзсіз. Жаңа ғасыр, білім беру жүйесіндегі жаңа міндеттерді жүктеп, осы салада қызмет етіп жүрген мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жаңа ұстанымдарға сай ұйымдастыруды талап етуде. Еліміздің білім беру мекемелерінде білім сапасын бақылаудың әртүрлі бағыттары мен алғышарттары қалыптасқан. Осы ретте білім сапасын бақылаудың кеңінен тараған түрі – білім беру жүйесін мониторингілеу үрдісі екені анық.
Қазақстан халықаралық зерттеуге тек 2007 жылдан бастап қатысып келеді. Әр 4 жыл сайын болатын зерттеуде басымдық танытатын мемлекеттер қатарына Финляндия, Сингапур, Тайланд, Оңтүстік Корея, АҚШ елдері алдыңғы қатарға шығып, тіпті бұл елдер білім сапасы жоғары сөзінің синониміне айналып үлгерді. TIMSS халықаралық зерттеуі негізінен білім саласындағы әлемдік артықшылықтарды көрсететін, нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұндай халықаралық зерттеулер білім сапасының тек жетістіктерін ғана анықтап қоймай, кем тұстарын да көрсетіп және сол бойынша алға жоспар құрып, нақты жұмыс жасауға көмектеседі.
Қорытындылай келе, халықаралық бағдарламалар білім беру саласындағы негізгі бағыттардың бірі. Қазақстанның ілгері білім беру сапасын дамыту үшін, білім беруінің сипатын сақтап қалу үшін бұл зерттеулер оң әсерін берері сөзсіз. Жаңа білім беру, жаңа деңгейге көтерілу Қазақстанның әлемнің білім беру кеңістігінде жоғары нәтижеге жетуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, білім беру сапасының көрсеткіштерінің айтарлықтай артуына алып келетіні белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет