52
қанатының астында ірі ақ қауырсындары болады. Бүркіттің қанатының шеткі
қауырсындарын шалғысы деп, ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді
қауырсынын көбесі,
қалғандарын жебесі деп атайды.
Ұябасарының бір
қанатының ұзындығы (топшысынан шалғысының ұшына дейінгі аралығы)
65 –
74 см, шәулісінікі –
59 – 66 см. Ұябасарының салмағы
3,8 – 6,3 кг, шәулісінікі
2,8 – 4,1 кг. Бүркіттің құйрық қанатының ұзындығы
33 – 36 см. Тұмсығының
үстіңгі жағы төмен қарай иіліп келген, ұшы үшкір болады
5. Табиғи жағдайда бүркіт жүз жылдай тіршілік етеді. Қазақ құсбегілері
бүркітті
жасына қарай ажыратып, атай білген. Мысалы: бір жастағысын –
балапан, екідегісін – қантүбіт, үштегісін – тірнек, төрттегісін – тас түлек,
бестегісін – мұзбалақ, алтыдағысын – көк түбіт, жетідегісін – қана, сегіздегісін
– жаңа, тоғыздағысын – майтүбіт, ондағысын – барқын, он бірдегісін – баршын,
ал он екі жастағысын – шөгел деп атаған.
6. Халық ұғымында бүркіт – текті әрі киелі құс. Мысалы, балалардың бас
киіміне, бесікке бүркіттің бармағын тағып қойған.
7. Қыран бүркіт мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі.
Қазақстан Республикасының Туындағы бүркіт бейнесі азаттық айбыны ретінде
бейнеленген.
Дереккөзі:
kk.wikipedia.org/wiki/
Тапсырмалар:
1-сұрақ.
Бүркіттің азаю себептері неде
?
Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.
2-сұрақ.
Бүркіттің дене бітімі қандай?
Жауабыңызды 1-2 сөйлеммен жазыңыз.
3-сұрақ.
ІІ азбац не туралы?
A. Бүркіттің азаю себептері.
B. Бүркіттің дене бітімі.
C. Бүркіттің мекендейтін орны.
D. Бүркіттің мінез-құлқы.
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:
1-тапсырма
1.
Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.
2.
Мәтіннен «негізгі себептері» деген кілт сөзін табыңыз.
3.
Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.
4.
Мәтінге сүйеніп,бір сөйлеммен жауап беріңіз.
2-тапсырма
1.
Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.
53
2.
Мәтіннен«денесі» немесе«кең қанаттары» кілт сөздерін табыңыз.
3. Машинадан басқа қандай көліктерді қолдануға болатыны туралы
айтылған кеңесті табыңыз.
4. Мәтіндегі «алтын қыран» деген аты күштілік
пен айбындылықтың
белгісі деген сөйлемге мән беру.
5.
Жауабыңызды бір, екі сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз
3-тапсырма
1.
Тапсырманы мұқият оқыңыз.
2.
Мәтіннен ІІІ абзацты тауып, тағы бір рет оқып шығыңыз.
3.
Дұрыс
жауапты тауып белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: