Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет24/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Байланысты:
2 5285234098434998812

Екінші тарау
нәтижесі жазылған қолжазбаны фашистер өртеп 
жіберген. 
Концлагерьлерде психолог екі жарым жылға жуық 
уақыт бойы тұтқында болады. Сол жерге түскенге 
дейін ғалым өзінің негізгі ойларын тұжырымдап, 
өмір мәнін іздеу адамның жан денсаулығының кепілі 
екенін болжап жүрсе де, идеяларын іс жүзінде тексеріп 
көру тағдыр тәлкегімен тек осы концлагерьлерде ға-
на мүмкін болады.
Психолог концлагерьде жаңадан келіп жатқан 
тұтқындарға психологиялық жәрдем көрсетуді қолға 
алады. Мақсаты – оларды алғашқы шоктан арылту еді. 
Франклдің концлагерьде жасырын ұйымдастырған 
психологиялық көмек көрсету тобы өз-өзіне қол 
жұмсаудың алдын алып отыруға тырысады. Сонымен 
қатар тұтқындар арасында өз еркімен бұл дүниемен 
қош айтысқысы келіп жүргендер туралы хабарлап 
тұратын ақпарат қызметін де ұйымдастырады.
Концлагерьдегі тәжірибесіне сүйеніп Франкл 
өзінің логотерапия ілімін, яғни психотерапиялық 
жәрдем көрсету әдісін қалыптастырады. Психолог 
адам тек ләззат алып, билікке ғана ұмтылмай, соны-
мен қатар өмірдің мәнін түсінуге талпынады дейді. 
Лагерьде психотерапия жүргізу тұтқындар өмір 
мәнін іздегенде ғана оң нәтижесін береді. Осындай 
ауыр жағдайдағы адам үшін бұл мән шартсыз болып, 
өзінде тек өмір мәнін ғана емес, оның азап шегуі мен 
өлімінің де мәнін қамту керек болады. Лагерьдегілер 
Франклге: «Лагерьден аман шығамыз ба?» және «Мы-
на азап пен өлімнің мәні бар ма?» деген екі сұрақты жиі 
қойып жүреді. Бірінші сұраққа теріс жауап адамдар-
дың көбісіне азап шегу мен тұтқыннан аман шығудың 


Кітап таңдап үйрену
[ 53 ]
мәнін жойса, екінші сұраққа теріс жауап аман қалуға 
талпынудың өзін мәнсіз етіп тастайтын болады.
Өмір мәнін жоғалтпаған тұтқындар түңілген 
тұтқындарға қарағанда қиыншылықтардан жеңілірек 
өтетінін байқайды. Франкл «Өмір мәні – адамның ең 
басты мотивациясы» деген қорытындыға келеді.
Франклдің әйелі мен анасы концлагерьде өлтіріліп, 
әкесі өкпе қабынуынан солардың бірінде көз жұмады. 
Тек әпкесі ғана аман қалған.
1945 жылдың 27 сәуірінде психолог ғалымды 
америкалықтар азат етеді. 
Соғыс аяқталған соң Франкл Венаға қайтып ора-
лып, сол жерде жұмыс істейді. Тозақта өткен үш 
жылының тәжірибесін «Психолог в концлагере» 
еңбегінде жазады. Бұл кітапты ғалым соғыстан бұрын 
бастаса да, оны лагерьде жүріп тәжірибе жүзінде 
алынған қорытындыларымен толықтырады. Былай-
ша айтқанда, екі жарым жыл бойы кітапты ойында 
«жазады» және бұл жұмысты аяқтап, оны жариялау 
ғалымның аман қалуға талпынуына бірден-бір моти-
вациясы болады.
Франкл концлагерьдің тозағынан өтіп, өміріне 
ешқандай кепілдік болмаса да, мотивациясын 
жоғалтпай, тіпті басқа тұтқындардың да уәжін та-
уып беруге тырысқан. Мотивация туралы кітап 
іздесеңіз, Франклдің еңбектерінен артық еңбек тап-
пайсыз. Өйткені, олардың дүниеге келуінің құны 
өте жоғары болды. Сол себепті мотивацияны артты-
ру тақырыбындағы бүгінгі шығып жатқан кітаптар 
футболдың үшінші лигасындағы клубтар сияқты.
Виктор Франклдің «Сказать жизни «Да»: психолог 
в концлагере» кітабынан бір үзіндіні келтірейін:


[ 54 ]
Екінші тарау
«... Ішкі сүзгісін жоғалтқан адам тез бұзылады. Оны 
сергітетін барлық іс-қимылдың ол қабылдамайтын 
фразасы, әдетте: «Менің мына өмірден күтетінім 
жоқ». Бұл жерде не уәж айта аласың? Қалай қарсылық 
білдіресің?
Барлық қиындық өмірдің мазмұны жайлы сұрақ-
тың басқаша қойылу қажеттілігінде. Мәселе біздің 
өмірден нені күтетіндігімізде емес, ол бізден не кү-
тетіндігінде екенін өзімізге үйрету мен күмәнділерге 
түсіндіру керек. Философиялық тұрғыда айтса, бұл 
жерде коперникше төңкеріс жасау қажеттігі: біз 
өмірдің мәнін сұрамауға міндеттіміз, тиісінше бұл 
сұрақ бізге бағытталған – өмір күн сайын және сағат 
сайын сұрақтар қояды және біз оларға сөзбен не 
оймен емес, іспен және дұрыс мінез-құлықпен жа-
уап беруіміз қажет. Өйткені, өмір сүру – ақыр аяғында 
әрбір күн мен сағат сайын істелуге тиіс өмірдің қой-
ған талаптарын дұрыс орындауға жауапкершілікті алу. 
Бұл – талаптар. Ал олармен бірге болмыстың мәні 
әртүрлі адамдар мен өмірдің әрбір сәттерінде әр- 
қилы. Демек, өмірдің мәні жайлы сауалдың ортақ жа-
уабы болмайды. Өмір, біз оны мұнда қалай түсінеміз? 
Ол көмескі, бұлдыр дүние емес – анық, олардың 
біздерге әр сәттегі талаптары да мейлінше айқын. Бұл 
айқындық адамның тағдырына тән: әркімде ол біре-
гей және қайталанбас. Ешбір тағдырды басқасымен 
салыстыруға келмейтініндей, бірде-бір адам келе-
сісіне ұқсамайды және бірде-бір жағдай дәл солай 
қайталанбайды – әрқайсысы адамды бөлек іс-қимылға 
шақырады. Демек, өмір мәні жайлы сауал ортақ бола 
алмайды. Айқын жағдай – одан өз тағдырына белсенді 
әрекет етуді талап етіп, бағалы дүниелер жайлы ойды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет