Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
2 5285234098434998812

Ой салатын әңгімелер
[ 63 ]
еріксіз жас ағып жатты. Қайда, қандай кітап алып 
бару керектігін сұрадым. Ол әйел маған «тездетіңіз» 
дегендей болды. Өйткені, тізімдегі бір бала тілегінің 
орындалғанына жете алмай қайтыс болыпты. Адам 
жылына жүз кітап оқығанның өзінде бүкіл ғұмырында 
жеті-сегіз мың кітаптан асыра алмас. Ал жеті жастағы 
әлгі баланың кітапқа деген құштарлығына мұның бірі 
де жетпейді.
«Оқуға уақыт жоқ қой, жұмыстан қол тие бермей-
ді», – дейтіндерді кездестіргенде, мен Қуанышты есіме 
аламын. Қайда жүрсең де, өзіңе бақыт нәсіп етсін...
КЕРЕКУДЕГІ ТАКСиСТ
Бірде іссапармен Павлодарда болдым. Бір жерге 
тез жетіп алу керек еді, жолға шығып, қол көтеріп, 
«такси» ұстадым. Тоқтады, бағасын келістік, келе жа-
тырмыз. Қалаға бірінші мәрте келуім болғандықтан, 
бос уақытым болып жатса, тарихи не қызық жерлерін 
көргім келді. Таксистен:
– Бос уақытта қалаңыздың қай жерлерін көруге 
кеңес бересіз? – деп сұрадым.
– Көретін несі бар? Дым да жоқ бұл қалада. Одан 
гөрі үйіңе бар да, кітап оқы! – деп қайтарып тастады.
Бұл өлкеден еліміздің даңқын асқақтатып, ғылым 
мен мәдениетіміздің абыройының артуына орасан зор 
еңбегін сіңірген академиктер мен жазушылар шық-
қанын жақсы білеміз. Таксистерінің өзі «кітап оқы!» 
деп тұрса, өлкенің расымен де ерекше бір қасиеттілігі 
болды-ау. «Үйіңе бар да, кітап оқы!» – сапарда жүрген 
адам үшін бұдан артық қандай кеңес болуы мүмкін?


[ 64 ]
Үшінші тарау
КОНСТРУКТиВТІ КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚ ЖАСАСЫН
Он тоғызыншы ғасырда Еуропада норвегиялық 
Нильс Абель мен немістің Карл Густав Якоб Якоби де-
ген математиктерінің арасында бәсекелестік болады. 
Біріншісі жиырма алты жас өмір сүрсе, екіншісі қырық 
алты жасында дүние салыпты. Бір-бірімен жарыса 
жүріп екеуі ғылымда талай жаңалық ашып, математи-
каны ілгері қарай қатты дамытады.
Мен де еліміздегі екі үлкен ғалымды танитын-
мын. Бір-бірімен кітап жазып жарысатын. Осындай 
бақталастықтың арқасында қазақ ғылымы ұтпаса, 
ұтылмады. Бір-біріңді көре алмасаң, қазақ, осы екі 
ғалымнан үлгі алыңдар. Көреалмаушылықтың өзін 
пайдаға асыруға болады. 
БАЛАҢЫЗДАН БҰРЫН АЛДЫМЕН ӨЗІҢІЗДІ 
ТӘРБиЕЛЕҢІЗ
Достарымнан: «Қазір қандай кітап оқып жүрсің-
дер?» – деп сұрағанымда, кейбіреулері жұмыстан үйге 
келгенде, ештеңе істеуге күші қалмайтынын айтып, 
әбден қынжылады. 
Рас, бүгінгі таңда күн көру жеңіл шаруа емес. 
Әсіресе жас отбасыларға оңай тиіп жатқан жоқ. 
Солардың біреуіне: «Балаларың өскенде олардың 
кітапқа әуес болғандарын қаламайсыңдар ма?» – 
деймін. «Бәке, шайымызды зорға ішіп, баламыздың 
басынан бір иіскеп, төсекке құлаймыз. Кітап 
оқытуға шамамыз келмей қалады», – деп жауап 
қайырады.


Ой салатын әңгімелер
[ 65 ]
Мен ондайларға: «Балаңмен отырып бірге кітап 
оқымасаң да, ұйықтар алдында өзің он минут болса да 
кітаптың бетіне үңіл. Бала көргенін қайталайды. Өзің 
кітап оқысаң, балаң да соны қайталайды, тіпті қинап 
кітап оқытудың қажеті шамалы. Әйтпесе ертең балаң 
ақпарат заманында кітап бетін ашпай өсіп, қатарынан 
қалып жатса кімге ренжисің?» – дегім келеді. 
Мен өзім балаларымды кітап оқуға баулимын. 
Маған қарап олар да кітабын тастамайды. Үлкен 
қызым Асылжан екіге толмай жатып өзінің шағын 
кітапханасын жасап алды. Айтқандай, оның ең бірінші 
«оқыған» кітабы «Политические процессы в арабском 
мире» еңбегі болды. 
Мен ондай ата-аналардың ұйықтар алдын-
да міндетті түрде 10-15 минут қалтафондарымен 
фейсбук не инстаграмды көрпе астында жатып 
шұқитындарына сенімдімін. Ертең оны көрген бала 
да смартфоннан шықпайтын болады. 
Заман ауысса да, ақиқат жалғыз – фейсбук оқитын-
дарды кітап оқитындар билейді.
БІР КҮНДІК ПСиХОЛОГияНЫҢ КЕСІРІ
Менің жеке кітапханамда елу томдық қазақ 
этнографиясының энциклопедиясы тұр. Бұл серия 
2007 жылы Павлодарда басылып шыққан. 
Мен қазіргі тарихшыларды онша оқи бермеймін. 
Өйткені тарихшылардың біразы дереккөздермен жұ-
мыс істеу үшін баяғы шағатай, парсы сынды тілдерді 
білмейді. Бірақ атына затын сай келтіру үшін еңбек-
тер жазады. Мәселен, Бөгенбай батырды сипаттау 


[ 66 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет