Оқырманның қалыптасуы
[ 39 ]
парақ үш
бөлікке бөлінеді, сызықтар арасындағы
қашықтық шамамен жеті сантиметр болуы керек.
Оқыған кезде сызықтар арасындағы сөздерге ғана
қарап, перифериялық көрумен олардың сыртындағы
мәтінді қамтуға тырысу керек.
4. Диагональмен оқу. Бұл әдістің мәні мынада:
бірінші жол толығымен әдеттегідей оқылады, екінші
жолды оқығанда, көзбен бірінші жолдың соңынан
үшінші жолдың басына жылжу керек. Бірте-бірте диа-
гональ нүктелері
арасындағы интервал өсе береді,
мәселен, бес жолға дейін жетуі мүмкін.
5. Қарап шығу немесе үстірт оқу. Кез келген мәтінде
оның мағынасын ашатын негізгі сөздер бар. Бас на-
зарды соларға аударып, қалғанын көз жүгіртіп қарай
салуға болады. Салмақты ой, тұщымды пікірге кідіріп,
қызметтік сөздер мен канцеляризмдерді өткізе салса
артық етпейді. Мазмұнымен алдын ала танысып алу
кітапта не туралы айтылатынын анықтап, мәтінді
жақсырақ қабылдауға мүмкіндік береді.
Кітапты жылдам оқу уақыт үнемдеумен байла-
нысты болса, онда оның ең тиімді тәсілі –
кітаптың
мазмұнымен танысып, түкке жарамайтынына көзің
жетсе, оны оқудан бас тарту. Бұл енді менің кеңесім.
БІР КЕМ ДҮНиЕ...
Бала кезімде үйде «Общество книголюбов» деген жа-
зуы бар кеңес заманында басылған төсбелгілер жату-
шы еді. Қазір жәдігер болып көрінеді. Тәуелсіз зама-
нымызда сондай бір төсбелгі баспағанымыз алаңда-
тады. Қазір сондай қауымдастықтар бар ма екен?..
[ 42 ]
САяСАТКЕР МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВТЫҢ КЕҢЕСІ
Бірде Мәжіліс
депутаты Мәулен Әшімбаевпен
Астанадағы кеңсесінде кездестім. Екеуміз шай ішіп
отырмыз. Ол кісі әңгіме барысында: «Қазір қандай
кітап оқып жүрсің?» – деп сұрады. Мен оқып жатқан
кітаптарымды айттым. Осы кезде қазақтың этногра-
фиясына қатты көңіл бөліп жүргенмін. Кітапханамда
тарихымызға қатысты дереккөздер жинағаным бар
еді. Елдің өткенін білмей,
оның болашағы туралы
пайымдау мүмкін емес деген пікірде болатынмын.
Мәулен Сағатханұлы айтқандарымды тыңдап
отырды да: «Өткенді білген жақсы, бірақ біз саясат-
танушы болған соң, тек өткенімізді қазбалай бермей,
бүгінгі күні шығып жатқан зерттеулерге де көбірек
көңіл бөлгеніміз маңыздырақ», – деді.
Сөзі өтімді болу үшін
соңғы жылдары шыққан
Фарид Закарияның
Достарыңызбен бөлісу: