[ 136 ]
Бесінші тарау
шығарумен айналысады. Осы кітабымды жазардың
алдында бірнеше апта
бұрын сол Дәулеттің жұмыс
орнына бардым. Сол жерде баспадан жарық көрген
соңғы туындылардың арасынан Аспан асты елінің
жаңа заман тарихына арналған үш томдықтың
шыққанын байқап қалдым. Бірден қалтафонымның
камерасына түсірдім де,
Тілектеске осындай кітап
шыққанын айтып, керек-керек еместігін сұрап,
суретін уатсап арқылы жібердім. Ол бұл жаңалыққа
қатты қуанып, кітапты сатып алуымды өтінді. Сөйтіп,
бұл жерде кітабын сатқан Дәулет те ұтты, зерттеу са-
ласына қатысты жаңа әдебиетті иеленген Тілектес
те олжалы болып қалды. Ал өзім екі адамға көмегім
тигенін сезініп бір марқайып қалдым.
Бұған дейін де досыма «Китай глазами казах-
станцев» атты кітапты сыйлаған едім. Ал соңғы үш
томдықты алған соң
Тілектес қуанышын ішіне жа-
сыра алмай, суретін фейсбуктағы парақшасына са-
лып, былай деп жазды: «Қытай жайлы оқыған сайын
өзімнің білімімнің жетік емес екенін мойындаймын!
Жаңа кітап – жаңа білім шыңы! Бақытжан бауырыма
кітап үшін алғысым шексіз!»
Әдеби «делдалдығымның» екінші және үшінші
мысалдары келесі әңгімелерде.
ШӘКІРТТІК БОРЫШЫМДЫ ӨТЕГЕНДЕЙ БОЛДЫМ
Қатты сыйлайтын ұстаздарымның бірі – Әлия
Саккоқызы Балапанова. Ол кісі қазір Германия-
да ғылыми жұмыстармен айналысып жүр. Маған
жақсылығы көп тиді. Бір-бірімізге жиі кітап сыйлай-
Оқырманды қалыптастыру
[ 137 ]
мыз, кездескенде әдебиет жайында сөз өрбітеміз.
«Сыйға – сый, сыраға – бал» дейді. Келесі жақсылық
менен
болсын деген оймен, бірақ ол жақсылықты
қалай білдіретінімді білмей жүргенде, Әлия Сакко-
қызының өзі сөз арасында қазір Германияда жас
кезінде үйренген неміс тілін шыңдау үшін Томас
Манның «Будденброки» шығармасының орыс тілінде
шыққан кітабын іздеп жүргенін айтып қалды. Бұл
2015 жылы болған оқиға.
Ең қызығы, сол кітапты
жетінші сыныпта оқып
жүргенде қаладағы бүрге базарларының (блоши-
ный рынок) бірінде жетпіс теңгеге сатып алып, кейін
өскен соң оқимын ғой деп сақтап келе жатыр едім.
Кеңес дәуірінде басылып шыққан сарғылт кітап еді.
Міне, сәтті кездейсоқтық деп осыны айт! Мен ол кісіге
романның менде барын қуана айтып, шын жүректен
сыйладым.
Бір жыл өткен соң құрметті Әлия Саккоқызы маған
уатсап арқылы хабарлама жолдады. Егер оны хат деп
санайтын болсақ, менің өмірімде алған ең терең, ең
әсерлі хаттардың бірі болды. Ұстазымның рұқсатымен
осында жариялап отырмын:
«Құрметті Бақытжан! Неміс тілінің егжей-
тегжейлеріне тереңірек үңілуге көмектескен үздік
кітаптардың бірі үшін ризашылығымды білдіремін.
Көп рақмет!
Бүгін Томас Манның Нобель сыйлығын иеленген
«Будденброки» романын абыройлы сезіммен оқуды
аяқтадым. Бұл мен үшін
абзац бойынша орыс және
неміс тілдерінде салыстырмалы оқудың алғашқы
тәжірибесі болды. Әрине, біздің тез өтетін есепшілдік
әбігерлікте мұндай әсем нәзіктік пен интерьердегі