Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет30/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Үшінші тарау
Кітапты іздеп жүріп, Иерусалимде тұратын бір 
кісіде бар екенін анықтадым. Ақыры оны көндіріп, 
10 мың теңгеге саудаласып алдым. Ол кітаптың 
шыққандағы бағасы шамамен мың теңгедей болған. 
Кітапты маған Израильден пошта арқылы жіберді. 
Бір таңғалғаным, мені танымайтын кісі: «Мен жібере 
берейін, кітап қолыңа жеткеннен кейін ақшасын кар-
тама аударарсың», – деп сенім білдірді. Оның сенімін 
ақтадым.
Бұл кітапта Кьеркегор адамның болмысын түсін-
діруге тырысады. Адамның өмірі эстетикалық, 
этикалық және діни үш кезеңнен тұратыны айтыла-
ды. Бірінші және екінші кезеңінің сипаты осы «Или-
или» еңбегінде ашылса, үшінші кезеңі «Страх и тре-
пет» кітабында сипатталған.
«КІТАПХАНАМДА БАСҚАЛАРДАН ОҚи ТҰРУҒА 
АЛҒАН КІТАПТАР ҒАНА ҚАЛДЫ...»
Жалпы мен біреуге кітап бергенді ұнатпаймын. 
Үйге келгендердің көздері бірден кітап сөреме түседі. 
Сосын олардың біреуін таңдап, ала тұруға сұрайды. 
Көп адамның кітапты шын оқығысы келгендіктен 
емес, «мен де кітап оқушы едім» дегендей өзін көр-
сеткісі келгендіктен сұрайтындығын іштей сеземін. 
Сөрелерімде кітаптар өз ретімен қойылған. Мен 
бір кітаптың қадірін түсіну үшін он кітап оқыдым. 
Олардың кейбіреулерін үлкен ізденістен кейін тап-
тым. Кітабымды біреулер сұрап алып кетсе, қатты 
ыңғайсызданамын. Сөремде кітаптың орны үңірейіп 
тұрса, тісі қағылған ауызға ұқсайды. Кітапты алып 


Ой салатын әңгімелер
[ 79 ]
кеткен адам айтқан уақытында қайтармайды. Себе-
бі, оның қадірін дәл мендей білмейді.
Бірде менің кітабымды алған жігіт оны жоғалтып 
алды. Ол оған салғырттықпен қарағаннан кейін солай 
болады. Кейін дүкендерден іздестіріп жүріп, әйтеуір 
тауып, қайтарып берді. Тағы бір жігіт алған кітабын 
бір жыл өтсе де қайтармай жүрді. Басында әрі кетсе үш 
аптаға ғана деп сұрап алып еді. Сауатсыз болып, әріп 
танымағанның өзінде оқып болатын кезі келді. Әрі 
сұрадым, бері сұрадым. «Әне әкелемін, міне әкелемін» 
деп жүре берді. Ақыры сасқанынан шынын айтты. 
Сөйтсе, үйіндегі бір кішкентайы оны жыртып алып-
ты. Айтуға бата алмай жүрген екен. Қайтармай жүрген 
кітабы мен үшін құнды еді. Себебі онда Қадыр Мырза-
лиев атамыздың маған жазған тілегі мен қалдырған 
қолтаңбасы бар еді. «100 великих мыслителей» кіта-
бын 2000 жылы 450 теңгеге сатып алып едім. Ақша-
сын төрт ай жинап, «Орбита» ықшамауданындағы бір 
дүкеннен тауып алған болатынмын. Мен керекті кі-
таптарымды іздеп жүргенде, ол жүгірмек көшеде доп 
теуіп жүрді, сондықтан қадірін қайдан білсін?
Сегізінші сынып оқып жүргенде, мектебімізде 
ақын Қадыр Мырзалиев атамыздың шығармашылық 
кеші өтті. Мен сол кеште жүргізуші болдым. Өзіммен 
ол кісінің кітабы болмағандықтан, үйге келіп, 
осы кітабымды алдым да, мектепке қайта барып, 
қолтаңбасын қойдырдым. Қадыр Мырзалиев әзілге 
жақын кісі еді. Маған: «Бақытжан, осында жазған ой-
ларды түгел басыңа сыйғыз. Бірақ абайла, жарылып 
кетпесін» деп жазып берді. 
Әлгі жігітке: «Кітабым қандай күйде болса 
да қайтарып бер», – дедім. Жыртылған беттерін 


[ 80 ]
Үшінші тарау
тіпті жабыстырмай сол күйі әкеліп берді. Ол оның 
қадірін қайдан білсін? Міне, сол үшін кітап бергенді 
ұнатпаймын. Кітап олай қолға жеңіл түспеуі ке-
рек. Әр кітапты мен көп еңбекпен іздестіріп жүріп 
тапқанмын.
Естеріңізде болса, бұған дейін атамның бірнеше 
жыл бойы жазған кітабының қолжазбасы қайтпай, 
жазамын деп жүрген кітабы шықпай қалғаны тура-
лы айтқан едім. Енді соның нәтижесін өзгерту үшін 
шырылдап жүрмін. Кішкентай қателіктің өзі осындай 
үлкен қиындықтарға жетелейді. Қадірін түсінбейтін 
адамның қолына кітап ұстатпау керек. Мүлдем 
бермесең, тіпті жақсы.
Бүгінгі күні мен «Бақытжанның кітапханасы» де-
ген жазуы бар штамп жасатып алып, кітаптарымның 
бірінші бетіне басып жүрмін. Осы әдетім бірнеше до-
сыма да үлгі болды. Олар да мөр жасатып алды.
Айтылғанға орай, француз жазушысы Анатоль 
Франстың «Кітаптарыңызды ешкімге бермеңіз, себебі 
оларды енді қайта көрмейсіз. Кітапханамда басқа-
лардан оқи тұруға алған кітаптар ғана қалды» деген 
сөзін қалай еске алмайсың?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет