Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет2/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Алдияр Даниярұлы: «Негізі, жалқау адаммын. Бір кітап 
оқып бастасам, созып алатыным бар. Осы кітапты да 16 күн 
ішінде оқыдым. Бірақ көп көмегі болды. Мысалы, ағылшын 
курсына бара алмай жүргенмін. Осы кітапты оқи отыра құдды 
артта қалғандай сезіндім. Бақытжан ағаны Сұлтанмахмұтқа 
ұқсастырдым, өйткені өз өлеңінде: «Қараңғы қазақ көгіне 
өрмелеп шығып Күн болам» дейді. Сондықтан Бақытжан 
ағамның істеген істері, халқына деген жанашырлығына қарап 
айтқаным».
Перизат Мырзахмет: «Бақытжан мырза шағын ғана 
кітап арқылы біраз мәселені қамтыған. Түйер ми болса, кітапты 
не үшін жақсы көруге, қалай жақсы көруге және сол арқылы 
айналаңа өзгеріс әкелуге жөн сілтейді. Жалаң сөз емес, сан 
қилы авторлардың ойларымен негізделіп отырған. Өзінің 
тәжірибесі мен қателіктерінен қорытынды шығарған. «Ішкі 
сүзгі» туралы ойлары қатты ойлантты. Жеке өз басымды тек 
оқуға ғана емес, көрген-түйгенімді батыл жазуға ынталандыр-
ды. Автор «адамзатпен бөлісе алатындай ең үлкен жетістігім» 
деген тізімді өзіме үлгі ретінде алдым. Іске асырып, нәтижесін 
күтуге тұратын дүние екен».
Әйгерім Түсіпқалиева: «Күміс кітаптағы» кейбір 
оқиғалардан өзімді көргендей болдым. Бір деммен оқуға 
жеңіл кітапта кітап оқуға қызығудың ең тиімді жолдары 
мен артықшылықтарын санамалап көрсеткен. Жай ғана 


оқып қоя салмай, əрекетке талпынасыз. Бұл дегеніңіз – осы 
кітапқа көз жүгірткен əрбір оқырманның кітап оқу дағды-
сының қалыптасуына сеп бола алды деген сөз. Авторды 
құттықтаймын!» 
Фархат Әмренов: «16 күнде жазылған кітапты алты 
сағатқа жеткізбей оқып шықтық. Кітапқа деген «аранымыз-
ды» одан әрі аша түскені үшін авторға алғыстан басқа айта-
рым жоқ». 
Maira Sarybay: «Как много в слове «Кітап» слилось! На-
писать о роли книги в жизни современного человека – задача 
для Отважного и Большого Сердца. Именно личность автора 
стала для меня палочкой-выручалочкой! А казахский язык, 
как аккомпанемент, звучал так изящно и современно, так ис-
кренне и крылато!» 
Марфуға Шапиян: «Шағын кітабында Бақытжан енді
қалыптасып келе жатқан оқырмандарға кітап оқуға 
дағдыланудың түрлі тәсілдерін үйретеді, өзінің кітап оқу 
тәжірибесімен бөліседі. «Күміс кітапты» кітаппен достығын 
енді бастаған жандар оқыса, пайдаға кенеледі деп ойлаймын. 
Өйткені, автор осы бір аз ғұмырда ең маңызды кітаптарды 
қалай іріктеп оқудың тәсілін айтады. Біраз кеңестерін 
дәптеріме түртіп алдым».
Мәдина Оспанәлі: «Сізге деген ыстық ықыласымыз 
ерекше. Кітаптарыңыз арқылы талай жастың жүрегіне жол 
таптыңыз. Солардың бірі – мен. «Күміс кітаптың» ғасырдан-
ғасырларға өтер кітап боларына сенімім мол. Шетсіз, шексіз 
«кітап» деп аталатын есігі көп әлемнің ең керек кілтін тауып, 
қолымызға ұстатқаныңызға рақмет!»
Ануар Бегісбаев: «Кітаптан түйіп алар ілім бар, одан 
қалса, оқу өте жеңіл, тіпті кітаптын аз беттен тұруы да 
жастардың ыңғайына қарай жасалған».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет