[ 82 ]
Үшінші тарау
бәрінен бұрын ақыл айтатынды емес, қаттырақ сөй-
лейтінді тыңдайтыны» деген сөзі еске түсіп отыр.
Ежелгі Рим императоры әрі философ Марк
Аврелийдің де жақсы сөзі бар: «Мылжыңдармен
келісуге асықпа».
Reading is betteR than sex
Бірде Бақытжан
Мұхаммедияұлы досыммен
кітап жайында әңгіме-дүкен құрып отырдық. Әңгі-
меміздің қызғаны сонша, екеуміз де ішіне қалай
кіріп кеткенімізді байқамай қалыппыз. Бірқатар
әдебиеттің «сүйегін шағып, майын ішіп» талқылап,
әбден тауысқаннан кейін, ол орнынан тұрды да:
– Reading is better than sex, – деді. Яғни, «кітап оқу
жыныстық қатынастан артық» дегені. Сол сәтте оның
көзінде от ойнап тұрды. Мұны көріп мен де ойланып
қалдым. «Кітап оқығанша,
демографияның қамын
ойлаған жөн», – деп келіспейтіндер де табылар. Әйтсе
де, досымның сол бір сөзі кітабымның мұқабасындағы
суреттің идеясының туындауына түрткі болды.
АМЕРиКАЛЫҚТАРДЫҢ КІТАПҚА ҚҰРМЕТІ
Ашылуына АҚШ Конгресінің кітапханасы мұ-
рындық болған Open World Leadership Program
бағ-
дарламасының шақыруымен әлемге Марк Твенді,
Уильям Фолкнерді, Джон Стейнбекті,
Эрнест Хемингуэй
мен Боб Диланды сыйлаған елге сапарлаудың сәті
түсті.
Ой салатын әңгімелер
[ 83 ]
АҚШ Конгресінің кітапханасы – әлемдегі ең
үлкен кітапхана болып саналады. Оның қорында
дүниежүзіндегі бес жүзге жуық тілде шыққан 33 мил-
лионнан астам кітап бар. Кітап сөрелерінің жалпы
ұзындығы мың километрден асады. Жүз
жыл өмір
сүретін адам жылына жүз кітап оқығанның өзінде,
ғұмырында әрі кетсе, он мың кітаптан асыра алмай-
ды. Осыдан-ақ өмірдің қысқа екенін және білімнің
түбіне жетудің мүмкін еместігін байқаймыз. Сонымен
қатар, бұл жерде бес миллионға жуық географиялық
карталар, бүкіл әлем бойынша шығатын миллионға
жуық газеттердің топтамасы, алпыс миллиондай
қолжазба, АҚШ үкіметі шығарған миллионнан астам
құжат, он
екі миллион фотосурет, кинофильмдер
және т.б. сақтаулы. Кітапхананың қоры жылына үш
миллионға жуық жаңа бірліктермен жаңарып тұрады.
Қорды сандық жүйеге көшірсе, онда барлығы 20 тер-
рабайттай көлемді алады екен. Кітапхана күніне екі
жүздей құжатты сандық жүйеге көшіріп отырады.
Бұл жұмыс үздіксіз жасалуда және осы уақытқа дейін
қорда сақтаулы мәтіндік құжаттардың он пайызынан
астамы сандық жүйеге көшірілген.
Кітапхананың негізі 1800 жылы, яғни АҚШ
тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін көп ұзамай
қаланған. Мемлекеттің алғашқы президенттері кітап-
хананың қалыптасуына үлкен үлесін қосты. 1812–
1814 жылдардағы соғыс кезінде ағылшындар
Вашингтондағы көптеген нысандарды өртегенде,
кітапхана да отқа оранады.
Төртінші президент
Джеймс Мэдисон соғыстан кейін кітапхананы қалпы-
на келтіруге барлық күшін жұмсаған. Он тоғызыншы
ғасырдың ортасында кітапхана қайта отқа ора-