[ 108 ]
Төртінші тарау
сы атанды. Осыдан соң оның танымалдылығы ар-
тып, түгелге жуық романдары орыс тіліне аудары-
лып шықты. Осы күнге дейін жазушының барлық
шығармаларын оқыдым.
Солардың ішінде маған
ерекше әсер еткені – алғаш оқыған романы. Содан бері
он жыл өтсе де, шығармасын кеше ғана оқығандай
сезімдемін.
«Черная книга» туындысында шығыс елдерінің
әдебиетіне тән әсемдік бар, арасында сиқырға толы
таңғажайып аңыз-әңгімелер кездеседі. Солардың
бірінде кітап оқитын адамның ұлттық мүдде
тұрғысынан ішкі сүзгісі болу керегі әңгіме етіледі.
Әңгімесі «Тақ мұрагерінің оқиғасы» деп аталады және
мен өз кітабымда соның кейбір үзінділерін қазақшаға
аударып жариялауды жөн көріп отырмын:
«Бір кездері біздің қаламызда адам ғұмырындағы
ең маңыздысы – оның
өзімен-өзі бола алу немесе
бола алмау мүмкіндігі екенін ашқан Мұрагер өмір
сүрді. Оның бар өмірі өзін-өзі ашу болды және бұл
оның бүкіл ғұмырының ісі еді. Мұрагер өмірінің
осы жаңалықтарының тарихын Жазғышқа айтып
жаздырған екен.
Мұрагер үшін айтып жаздыру – өмір сүру деген сөз
еді. Мұрагер қызыл ағаштан жасалған орындықта
отырған Жазғышқа айтып жаздырғанда ғана өзімен-
өзі бола алатындығына сенімді болатын.
Мұрагер былай
дейтін: «Өзімен-өзі болу үшін адам баласы өзінің ғана үнін
естіп, өзіндік тарих пен өзіндік ойларға ие болуы керек».
Бұл Мұрагердің айтып отырып жаздырғандағы
тек қана өз даусын естуін білдірмейтін еді. Жазды-
ра бастағанда, ол өзге біреулердің тарихын ойлады;
өз ойларын дамыта бастап, ол басқалар айтқан ой-
Кітап оқудан кітап жазуға
[ 109 ]
лармен бетпе-бет келді; өз қаһарында ол
өзгенің
қаһарының жаңғырығын сезді. Мұрагер адамдар-
дың өз дауысын тек іште сайрап жатқан дауыстан
ғана таба алмасын ұқты, өз оқиғаларын ойласты-
рып жатып, кереметті өзгелерден білді. Мұрагер
мұны «өзгелердің ойымен айқасу» деп атады. Жаз-
дырып жатып соғыс майданында жеңісті ұстап
тұруға міндетті екенін пайымдады.
«Мұрагер Осман Жәлеләддин Әпенді: «Жер бетінде,
мына қарғыс атқан жержүзінде, адамдар үшін ең
маңызды мәселе – ол өзімен-өзі болу мүмкіндігі екенін
білді және бұл мәселе
ойдағыдай шешімін таппай-
тын болса, біздердің барлығымыз апатқа, жеңіліске,
құлдыққа ұшырап, беделділер құрметсіздікке, ұлт
жоғалу мен жойылуға, жойылуға ұшырайды», – деді.
Ол жиырма тоғыз жасқа толғанда, мүлде күтпеген
тарихи оқиғалардың нәтижесінде бір сәтте-ақ тақ
мұрагерлігінің кезегінде бесіншіден үшінші орынға
ауысты.
Тақ мұрагерлігі кезегінде үшінші
болған ол
бүтіндей оқуға бет бұрды: таққа келуін керемет деп
қабылдамай, жай тірліктің үрдісі деп білген әрбір
мұрагер өзін келесі оқиғаға даярлап, мұның бәрін де
кітаптың көмегімен істей аларына сенуі керек. Ол
жан-тәнімен, қызығушылықпен, кітап беттерін жеп
қоярдай оқуға берілді және әр кітаптан болашаққа
бағытталған «керекті идеялар» алды; ақылдан алжас-
пау және жақын арада болашақтағы бақытты Осман
мемлекетінде өзінің жарқын идеяларының орын-
дауына сенімін сақтау үшін ол
жиырма тоғыз жыл
ішіндегі өзінің уайымсыз балалық шағын еске түсіре-
тін барлық дүниеден құтылуды ойлады: ол әйелін,