Екінші басылымға алғысөз
[ 17 ]
күміс батқысы өшіп қалғанын байқадым. «Мынаған
не болған?» – деп сұрасам, кітабымды еш жерде таба
алмағандықтан, он адам қолдан-қолға беріп оқыға-
нын айтты. Сонда қайта шығарудың қаншалықты
қажет екенін түсіндім.
Міне, «Күміс кітаптың» екінші басылымы қолы-
ңызда. Бұл жолы кітаптағы қателердің бәрін түзетіп
шықтым, он шақты қосымша әңгімемді енгіздім,
мұқабасын жақсарттым және маған ақ батасын
берген заманымыздың нар тұлғалары – Ақұштап
Бақтыгереева апам мен Досқан Жолжақсынов ағам-
ның пікірін қостым. Ең соңында кітапты жазуға не
түрткі болғандығы туралы берген екі сұхбатымды да
енгіздім.
Бізден бір нәрсе шығады. Аянбайық. Өзімізге
сенейік. Амандықта жүздесейік.
Достарыңызбен бөлісу: