Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет19/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

The Future of Freedom: Illiberal Democracy at Home 
and Abroad кітаптарын, Фрэнсис Фукуяманың The 
Origins of Political Order: From Prehuman Times to the 
French Revolution және Томас Пикеттидің Capital in 
the Twenty-First Century еңбектерін оқып шығуға 
кеңес берді.
Әңгіме барысында ол кісі соңғы кездері қазақ 
және орыс тілінде кітап оқығанды қойғанына 
бірнеше жыл болғанын, содан бері тек ағылшын 


Кітап таңдап үйрену
[ 43 ]
тіліндегі еңбектерді ғана оқып жүргенін айтты. 
Мұны әуелі біздің мамандығымыз бойынша ең өзек-
ті еңбектердің басым бөлігі бүгінде, негізінен, ағыл-
шын тілінде шығатынымен түсіндіруге болады. 
Әлемде жылына жүз кітап шықса, соның сексені 
ағылшын тілінде. Есесіне, олардың біраз бөлігі 
(қазақ тілін қоспағанда) орысшаға аударылмайды, 
аударылғанның өзінде арасында бірер жыл өтеді. 
Мәселен, осы жолдарды жазып жатқан кезімдегі 
оқып жүрген Мойзес Наимнің «Конец власти» еңбегі 
ағылшын тілінде алғаш жарияланғаннан кейін орыс 
тіліне үш жыл өткен соң ғана аударылды. Үш жылда 
әлем жаңа, ақпараттың өзі тез ескіреді. Мәулен 
Сағатханұлы менің ағылшын тілінде көбірек оқуы-
ма кеңес берді.
Ол кісіден: «Ағылшын тілінде оқып үйрену қиынға 
соқпады ма?» – деп сұрағанымда: «Мен жанымды
қинадым, осындай жауапты қызметте отырғандық-
тан [сол кезде Мәулен Сағатханұлы Халықаралық 
істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің 
төрағасы болатын] ағылшын тілінде шығып жатқан 
ғалымдардың кітаптарындағы жаңа әлемдік концеп-
цияларды білуге міндеттімін ғой», – деп жауап 
қайтарды. Шетелге іссапарға шықса, бір сөмке кітап 
арқалап келетінін де жасырмады.
Әңгіме соңында әлем келбетінің ауысуына ықпал 
етіп жүрген дүниежүзіндегі мықтылардың, соның 
ішінде, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы 
миллиардер Марк Цукербергтің кітап тізімдеріне 
көңіл аударып жүру маңыздылығын атап өтті. Содан 
соң: «Күніне кем дегенде жарты сағат уақытыңды 
кітап оқуға арнауды ұмытпа», – деді.


[ 44 ]
Екінші тарау
Мәулен Сағатханұлынан кітап оқуға байланысты 
осындай көп пайдалы кеңестерді алудың өзі бір 
ғанибет деп білемін.
ЕЛБАСЫНЫҢ КЕҢЕСІ
Данат деген танысым Елбасымен кездескен бо-
латын. Кездесу барысында екеуі кітап тақырыбын 
талқылапты. Танысым да қолынан кітапты тастамай-
тын жігіт. Әсіресе ағылшын тілінде көп оқиды. Елбасы 
оған The New York Times бестселлерлері тізіміндегі кі-
таптарды ылғи қарап жүруге кеңес беріпті. Президент-
тің бұл кеңесіне мен де құлақ асуға тырысатын болдым.
«АБАЙ ЖОЛЫН» ОҚУ МІНДЕТТІ ЕМЕС
Мен үш мектеп ауыстырдым. Барлық жер-
де қазақ әдебиетін оқытқан ұстаздар өз пәнінің 
«фанатиктері» болды. «Абай жолын» оқымаған 
қазақ қазақ емес», – деуші еді Күлмесхан апай. Ол 
кісі шынымен де ешқашан күлмейтін. Меніңше, осы-
лай намысқа тиюдің арқасында ұлы ақынымыз ту-
ралы эпопеяны оқитын шығарсың, әйтсе де бала-
ны бұлай ынталандыруға болмайды. Сол сөздерден 
соң мен «Абай жолы» жазылғанға дейін өмір сүрген 
қазақтардың жағдайына жаным ашып, олардың қазақ 
болып өте алмағандығына жүрегім ауыратын. Яғни, 
мұғалімдер психологиялық тұрғыдан баланы дұрыс 
бағыттамайды. Кітап оқуға баулуды осындай тілдік 
конструктілер арқылы жүргізбеу керек. 


Кітап таңдап үйрену
[ 45 ]
Менде романның төрт томдығы бар. Мұғалім-
дерімнің әлгі айтқан сөздерінен кейін бірталай жыл 
өтсе де, бір томнан аса алмадым.
«Абай жолы» романын оқу міндетті деп санамай-
мын. Тура солай әрбір орысқа да Лев Толстойдың 
«Соғыс және бейбітшілік» эпопеясын оқу да міндетті 
емес деп ойлаймын. 
Орыстың ұлы жазушысының тағы бір романы 
«Анна Каренинаны» оқып отырып, оның бітуіне 
жиырма бес беттей қалғанда, шыдай алмай, жаптым. 
Бұл кітаптың маған түк те қызық емес екенін түсін-
дім. Бас кейіпкердің, оның айналасындағылардың 
болмысы, ойлары мен үшін түсініксіз болғанына 
көзім жетті. Әрине, Лев Толстой өзі өмір сүрген 
замандастардың тап-табымен психологиясын, әдет-
терін, ойларын жақсы сипаттап берген.
Кітап дегеніміз – өткен замандарда өмір сүрген 
адамдардың келер ұрпақпен тілдесу, сырласу 
құралы. Мың жерден тырысып бақсаң да, өткен 
дәуірлердің атмосферасын, ерекшеліктерін, ол кез-
де өмір сүрген адамдардың менталитетін ұғына 
алмайсың. 
Заман ауысқан сайын киім, әбзел, тұрмыстық 
заттардың атаулары да өзгереді. Көп нәрсе уақыт 
өте қолданыстан шығады. Сондықтан өткеннің 
кітаптарын оқи отырып, қандай заттар туралы айты-
лып отырғанын, оны қалай пайдаланғанын, не үшін 
қолданғанын тағы түсіне бермейсің. Тілдің өзі де 
ғасырлар өте өзгеріске ұшырайды. Мәселен, Шекспир 
заманында punk сөзі «жезөкше» дегенді білдірсе, өткен 
ғасырда субмәдениет өкілдеріне қатысты қолданыла 
бастады.


[ 46 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет