Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет18/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Бірінші тарау
Өзінің ойлап тапқан жылдам оқу әдісінің арқасын-
да президент өмірінде он мыңдаған кітап оқыған 
деседі. Соларға нақтырақ тоқталсақ:
1. Мәтінді оқығанда, оны іштей оқуды ұмыту ке-
рек. Бұл әдет бізде жас кезімізде, енді оқып үйреніп 
жатқанда және әрбір сөзді дауыстап оқығанда қа-
лыптасады екен. Кейбір адамдар оқығанда балалық 
шағындағыдай ернімен жыбырлауды да қалдыр-
майды. Көп оқырманның оқып жатқан мәтінді іштей 
қайталау әдеті ешқайда жоғалмайды. Сөздерді ойда 
айтуды субвокализация дейді және ол оқу барысын 
қатты тежеуі мүмкін. Оның жылдамдығы, әдетте, 
кәдімгі сөйлегендегіміздің жылдамдығымен бірдей. 
Әрбір сөзді ойда оқудан арылуға болады, ол үшін сөзді 
дыбыстық танудан оның визуальды бейнесін тануға 
ауысу керек. Егерде болмай жатса, онда кітап оқып 
жатқан сәтте ойда санап немесе «а-е-и-о-у» дауыс-
ты дыбыстардың ретін іштей айта бастаған дұрыс. 
Осының арқасында мәтінді ауызбен емес, көзбен оқып 
үйренесіз және оқу жылдамдығыңыз артады.
2. Оқып кеткен жерге оралмау. Көп адам оқып кет-
кен жолды немесе сөздерді қайталап оқиды. Көп 
жағдайда олар бұны бейсаналы түрде жасайды. Бұл 
әдеттен сұқ саусақтың көмегімен арылуға бола-
ды: сұқ саусақпен оны алмай, жол бойымен жүргізіп 
отыру керек. Сонда көз саусақтың ізімен қозғалып, 
оқылған сөйлемдерге қайтып оралмайды. Саусақпен 
сіз оқығаннан гөрі жылдамырақ жүргізген абзал. 
3. Оқу барысында бір сөзден екіншіге көшпей, 
көзбен бір топ сөзді қамтып оқу керек. Бұл дағдыны 
перифериялық көруді жаттықтыру арқылы қалып-
тастыруға болады. Ол үшін екі параллель сызықпен 


Оқырманның қалыптасуы
[ 39 ]
парақ үш бөлікке бөлінеді, сызықтар арасындағы 
қашықтық шамамен жеті сантиметр болуы керек. 
Оқыған кезде сызықтар арасындағы сөздерге ғана 
қарап, перифериялық көрумен олардың сыртындағы 
мәтінді қамтуға тырысу керек. 
4. Диагональмен оқу. Бұл әдістің мәні мынада: 
бірінші жол толығымен әдеттегідей оқылады, екінші 
жолды оқығанда, көзбен бірінші жолдың соңынан 
үшінші жолдың басына жылжу керек. Бірте-бірте диа-
гональ нүктелері арасындағы интервал өсе береді, 
мәселен, бес жолға дейін жетуі мүмкін. 
5. Қарап шығу немесе үстірт оқу. Кез келген мәтінде 
оның мағынасын ашатын негізгі сөздер бар. Бас на-
зарды соларға аударып, қалғанын көз жүгіртіп қарай 
салуға болады. Салмақты ой, тұщымды пікірге кідіріп, 
қызметтік сөздер мен канцеляризмдерді өткізе салса 
артық етпейді. Мазмұнымен алдын ала танысып алу 
кітапта не туралы айтылатынын анықтап, мәтінді 
жақсырақ қабылдауға мүмкіндік береді.
Кітапты жылдам оқу уақыт үнемдеумен байла-
нысты болса, онда оның ең тиімді тәсілі – кітаптың 
мазмұнымен танысып, түкке жарамайтынына көзің 
жетсе, оны оқудан бас тарту. Бұл енді менің кеңесім.
БІР КЕМ ДҮНиЕ...
Бала кезімде үйде «Общество книголюбов» деген жа-
зуы бар кеңес заманында басылған төсбелгілер жату-
шы еді. Қазір жәдігер болып көрінеді. Тәуелсіз зама-
нымызда сондай бір төсбелгі баспағанымыз алаңда-
тады. Қазір сондай қауымдастықтар бар ма екен?..



ЕКІНШІ ТАРАУ
КІТАП ТАҢДАП 
ҮЙРЕНУ


[ 42 ]
САяСАТКЕР МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВТЫҢ КЕҢЕСІ
Бірде Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевпен 
Астанадағы кеңсесінде кездестім. Екеуміз шай ішіп 
отырмыз. Ол кісі әңгіме барысында: «Қазір қандай 
кітап оқып жүрсің?» – деп сұрады. Мен оқып жатқан 
кітаптарымды айттым. Осы кезде қазақтың этногра-
фиясына қатты көңіл бөліп жүргенмін. Кітапханамда 
тарихымызға қатысты дереккөздер жинағаным бар 
еді. Елдің өткенін білмей, оның болашағы туралы 
пайымдау мүмкін емес деген пікірде болатынмын.
Мәулен Сағатханұлы айтқандарымды тыңдап 
отырды да: «Өткенді білген жақсы, бірақ біз саясат-
танушы болған соң, тек өткенімізді қазбалай бермей, 
бүгінгі күні шығып жатқан зерттеулерге де көбірек 
көңіл бөлгеніміз маңыздырақ», – деді.
Сөзі өтімді болу үшін соңғы жылдары шыққан 
Фарид Закарияның The Post-American World және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет