Асқазан ішек жолдарында жылжыту белсенділігін арттыруға қолданылады. Оларды ішекті тазартуға, іш қатқанда пайдаланады. Ішектегі рецепторларды қоздырып, рефлекторлы жылжыту белсенділігін арттырады. Іш жүргізетін дәрілерді ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Табиғи іш жүргізетін дәрілер атониялық созылмалы іш қатуда қолданылады. Олардың әсері 8-12 сағатқа созылады. Тоқ ішектің қызметін бұзбайтын болғандықтан өсімдіктерді ұзақ уақыт қолдануға болады. Бірақ, олардың құрамындағы смолаға ұқсас заттар ішекті тітіркендіріп, спастикалық бұзылыстар болуы мүмкін.
б) Синтетикалық іш жүргізетін дәрілер: Бисакодил, Гутталакс, Фенолфталеин, Изафенин. Бұл дәрілердің ішекте пайда болған метаболиттері ішек жүйке талшықтарын тітіркендіріп, тоқ ішектің жылжыту белсенділігін арттырады.
в) Ішекте осмостық қысымды арттыратын дәрілер: Лактулоза (Дюфалак), Лауромакрогол- 4000 (Форлакс, Фортранс). 24-48 сағаттан соң әсер етеді. Ішке қабылдағанда сіңбей, суды ұстап, нәжісті сұйылтып, жылжуын жақсартады. Аспаптық зерттеулерге дайындауда қолданады.
в) Ішекте осмостық қысымды арттыратын дәрілер: Лактулоза (Дюфалак), Лауромакрогол- 4000 (Форлакс, Фортранс). 24-48 сағаттан соң әсер етеді. Ішке қабылдағанда сіңбей, суды ұстап, нәжісті сұйылтып, жылжуын жақсартады. Аспаптық зерттеулерге дайындауда қолданады.
г) Ішектің барлық бөліміне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер: майсана майы (үпілмәлік- касторовое масло) және іш жүргізетін тұздар магний сульфат (ағылшын тұзы, ащы тұз), натрий сульфат (глауберов тұзы). 4-6 сағаттан соң әсер етеді. Осмостық қысымды көтеріп суды ұстайды. Ішектен сіңбейді. Жіті іш қатуда тағайындалады. Дәрі мөлшерін 100 мл сумен араластырып ішіп, 1-2 стакан су ішеді. Жіті улануда улы заттардың қанға сіңуін төмендетіп, іш жүргізеді. Майда еритін заттармен уланғанда майсана майын іш жүргізуге қолданбайды.
Прокинетиктер- ас қорыту жүйесінің моторикасын қалпына келтіріп, астың жылжуына ықпал етеді. Олар: Метоклопрамид, Домперидон (Мотилиум)