§ 82.
Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың
тыныс белгілерінің орналасу тәртібі мынадай:
а) ремарка кейіпкердің
атынан кейін қатар келгенде, нүкте жақшаның
сыртына қойылады. Қейіпкердін атынан кейін нүкте қойылмайды.
Баян
(аз ойланып). Үш түрлі шарт қойсам, орындармысың
(Ғ. Мүсірепов.)
ә) Ремарка кейіпкердің сөзінің ішінде екі
сөйлемнің арасында немесе
кейіпкер сөзінің аяғында келсе, нүкте жақшаның ішіне қойылады, жақшаның
алдынан сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:
Аманкелді.
Миша! (Жайнаққа.) Әкет мыналарыңды! (Жайнақ
Жапарларды айдап кетеді.)
Тырнақшаға алынған цитаттың немесе басқаларының өзі тырнақшаға
алынған сөздерден, сөйлемнен басталса, немесе аяқталса, екі тырнақша қатар
қойылмай, біреуі-ақ қойылады, яғни ол жалпы цитаттың ішіндегі тырнақшаға
алынған сөздерге де тиісті болады.
Жақша ішіне алынған сөздердің тұрған
жеріне қойылатын тыныс
белгісі жақшадан соң қойылады.
Аңдағүл атынан рудың он шақты аулы айнала қонып жайлайтын Алуа
атты шалқар көл бар (оған кейін ораламыз), көлдің әр тұсынан су ағар
жырақалар кеп қосылады. (С. Мұқанов.)
Сұрау, леп белгілері көп нүктемен
қабаттаса келгенде, әуелі сұрау не
леп белгісі, одан кейін қатар екі (үш емес) нүкте койылады. Ал леп белгісі,
сұрау белгісі, көп нүкте — үшеуі
қатар келгенде, мағынасына қарай әуелі
сұрау мен леп белгісі (не леп пен сұрау белгісі), одан кейін бір нүкте
қойылады.
Лептік те, сұраулықта мәні бар сөйлемдерден кейін леп белгісі де,
сұрау белгісі де қатар қойылады. Сөйлемнің қай мәні басым болса, әуелі сол
мәнге тиісті белгі қойылады.
Бірыңғай мүшелердін не құрмаластағы жай сөйлемдердің арасында
көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:
Сатылып кеткен бурыл биенің құлындарын кісінікі деуге қимаймын...
іштей өзімсінем... көргім келеді де тұрады және көре де беремін» (С.
Мұқанов.)
Қаратпа, одағай сөздерден және сөйлем басында келген
иә, жоқ деген
сөздерден кейін көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:
1)
Жаным! Асылым... барым —
бір өзің! (М. Әуезов.)
2) О ...
білем, білемі
3)
Ақмола ма?
- Жоқ... Омбы, Қызылжардың бірі. (Ғ. Мүсірепов.)
Әдебиеттер тізімі
1 Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының
арнаулы курсы
бойынша методикалық қүрал. Алматы,2001.
2 Жүнісбеков А.
Проблемы тюркской словестнои просодики и
сингармонизма казахского языка. АДЦ. Алматы, 1999.
3 Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар Алматы, 2009.
4 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 2007.
5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы, 2011.