Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата12.05.2023
өлшемі237,99 Kb.
#92278
  1   2


Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы 
Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен 
сияқты жалғаулықтар түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына (жалғаулықтар 
айтылмаған жерге) әуелі үтір, одан кейін сызықша қойылады. 
Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердегі іс шұғыл болса, немесе 
біріндегі іске екіншісіндегі қарама-қарсы қойылып айтылса, араларына әуелі 
үтір, одан кейін сызықша қойылады. 
Сызықша нүктемен, үтірмен, сұрау және леп белгілерімен, көп нүктемен 
қабаттаса келгенде, сол тыныс белгілерінен кейін қойылады: 
1) —Енді сен не істемекшісің Р—деді ана баласының сөзін бөліп. (М. 
Горький.) 2) — Мен. .—деп, Асқар азғана кідіріп бірдемені қиял еткендей 
бөгеліп тұрды да,— көлді жағалап қайтам,деді. (С. Мұқанов.) 3) — 
Рас!— деп, Тоғжан қызара түсіп көзін төмендетті.— Сізді мен бір көрдім. 
(М. Әуезов.) 
Тырнақша мен нүкте, үтір, сұрау, леп белгілері және көп нүкте 
қабаттаса келгенда, олар былайша орналасады: 
а) егер леп, сұрау белгілері және көп нүкте тырнақшаға алынған 
сөйлемге ғана қатысты болса, олар тырнақшадан бұрын қойылады, ал үтір 
мен нүкте тырнақшадан соң қойылады: 
1) «Өзім алып шығайын»,— деп ойлады Бүркітбай. (С. Мұқанов.) 2) 
«Өзім алып шықсам қайтеді?»деп ойлады Бүркітбай. 3) «Ешкім де емес, 
өзім алып шығам!»деді Бүркітбай. 4) «Өзім алып шығайын». («Өзім алып 
шығайын.» деп жазған дұрыс емес.) 
Бұлармен қабаттаса сызықша жүрсе, ол тырнақшадан соң қойылады 
(жоғарыдағы мысалдарды қараңыз). 
ә) Тырнақшаға алынуға тиісті құрылым тұтас сөйлем емес, оның 
ішіндегі жеке сөздер не сөз тізбектері болса, сөйлем соңына қойылатын леп, 
сұрау белгілері мен көп нүкте қатар келген тырнақшаның сыртынан 
қойылады. 
1) - Әй, қайтып келесің бе «бала»?— деп қалжыңдай айғайлады ол 
жолдасына. 2) О, шіркін, осы ән ғой «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
б) Сөйлем тырнақша жабылған жерден бітіп тұрса, леп, сұрау белгілері 
мен көп нүкте тырнақшаның ілі жағынан қойылғанда, тырнақшаның сыртына 
басқа тыныс белгісі (сызықшадан бөтен) қойылмайды: 
1) «Олай болса,деп ойлады Асқар,мынау көш не ?»2) 1914 
жылдан бергі номерлерін Асқар тез-тез жүгіртіп қарап шықты: «Екі 
жылда Франция қырық миллиард шығын ұстаған...» (С. Мұқанов.) 
Нүкте, леп, сұрау белгілері және көп нүкте жақша ішінде алынған 
текске қатысты болса, жақшаның ішінен қойылады. Жақшаның сыртына 
жалпы сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады: 
Байқауымша, әңгіме былай: 
Біріншіден (рас қой мұным?),
Орыс үйі көрмей тыным, 
Қонақ күткен, сөз қылып ұдай... 


(А. С. Пушкин.| 
Баяндаманың, сөйленген сөздердің ішіндегі жақшаға алынған 
ремаркалар сөйлем соңында келгенде, тыныс белгісі мен жақша былай 
қабаттасады:
ремарканың алдындағы сөйлем соңына қойылатын нүкте жақшаның 
алдынан қойылмай, соңынан (ремаркадан кейін) бір-ақ қойылуы мүмкін: 
Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен Ленин партиясының ісіне 
қызмет етуге дайынбыз (Қол шапалақтау), Немесе ремарканың алдынан бір 
нүкте, жақша ішіне немесе сыртына тағы нүкте қойылып жазылуы да мүмкін: 
Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен Ленин партиясының ісіне қызмет 
етуге дайынбыз. (Қол шапалақтау). Былай қоюға да болады: 
Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен Ленин партиясының ісіне 
қызмет етуге дайынбыз. (Қол шапалақтау.) 
Келтірілген цитаттың кайдан және кімдікі екенін көрсету үшін жақша 
ішіне алынып жазылған сөздердің тыныс белгілерінің орналасуы да осындай. 
1) Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай). 2) Өлең сөздің 
патшасы, сөз сарасы. (Абай.) 3) Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай 
Көбінесе мұның 1-және 2-түрлері жиі қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет