АУТОТРЕНИНГ Отырып, денеңізді бос ұстап, көңіліңізді дем алысыңызға бұрыңыз. Бірқалыпты, жәй дем алыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Жазғы күнді еске алыңыз, ертегілер еліндегідей орман ішімен келе жатырсыз, ағаштар сіздің достарыңыз. Күннің шуағының энергиясына қаныңыз. Күнге қарай тартылыңыз. Тартыла отырып оның күшін сезініңіз. Қуаныштың күшін сезініңіз. Өз махаббатыңызды барлық достарыңыз бен туысқандарыңызға жолдаңыз. Олар сені өте жақсы көреді. Олардан келіп тұрған энергия тасқынын сезініңіз. Көзіңізді жәйлап ашыңыз, қолыңызды сілкіңіз. Қатысушының әрқайсысы өз сезімдерін айтады. Кім өзін қандай ағашпын деп ойлады. Жылу мен энергияны сезінді ме?
Ал енді өз ағаштарыңыздың суреттерін салыңыздар. Әуен ойналып, барлығы сурет салады.
Тынышытық сәті Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.
- Тіршіліктің оянуын,
- Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.
Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.
Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.
Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Табиғат та оянған, оян сен де!
Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау
«БАҚШАДА» Мақсаты: Тұлғаның өмірге деген құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
Көрнекілік:Табиғат көрністері бейнеленген сурет (картинка),жәйлі музыка әуені.
Уақыт: 5 -7 минут
Ұйымдастыру кезеңі: а) Қатысушыны жайлы креслоға отырғызып, еркін, ыңғайлы сезінуін қадағалау;
ә) Сурет қатысушыға қарама-қарсы іліп, оған зейін салып, мұқият қарауын өтіну;
б) Әуенді қосар алдында қатысушы көзін жұму тиіс;
Кіріспе Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз.(Музыка қосылды)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз... - Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз... - Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді... - Алма бағы... Қып – қызыл алмалар қол созым жерде... - Сіз үзіп алып жей бастадыңыз... Дәмі сондай керемет... Жеген сайын жегің келеді... - Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз.... - Күн кешкірді.... Қайту керек... Бақтан шығып жолға түстіңіз... Иығыңызда дорба.... - Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келеді... - Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз... - Міне, қалашыққа да жеттіңіз... Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты ... - Оларға өзіңіз терген алмаларды үлестіре бастадыңыз... - Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза... - Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, қатысушы көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.