Типтік сертификаттау схемаларының процедуралары


С сертификаттау схемасы өнім партиясы үшін қолданылады



бет4/10
Дата13.02.2023
өлшемі32,57 Kb.
#67362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 4

сертификаттау схемасы өнім партиясы үшін қолданылады.
3С схемасы бойынша сертификаттау кезінде өтініш беруші дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы (импорттаушы) болып табылады.
3С схемасы бойынша сертификаттау кезінде осы тармақта көзделген рәсімдер орындалады.
Өтініш беруші өнімді сертификаттау жөніндегі органға осы құжаттың 14-тармағының "б" тармақшасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді.
Өтінімде осы құжаттың 13-тармағында көзделген ақпараттан басқа, өнім партиясының сәйкестендіруші белгілері, оның ішінде құрамы мен мөлшері (партияға кіретін өнім бірліктерінің саны) көрсетіледі.
Өнімді сертификаттау жөніндегі Орган өтінімді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарайды және талдайды, сертификаттауды жүргізу туралы шешім қабылдайды және осы құжаттың V бөліміне сәйкес өтініш берушіні өзінің шешімі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Өтініш беруші өнімді сертификаттау жөніндегі органмен сертификаттауды немесе сертификаттауды, зерттеулерді (сынақтарды) және өлшемдерді (бұрын жасалған шарт болмаған жағдайда) жүргізуге шарт жасасады.
Өнімді сертификаттау жөніндегі Орган өтініш берушінің қатысуымен осы құжаттың VI бөліміне сәйкес зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер жүргізу үшін өнім партиясын сәйкестендіруді немесе өнім үлгілерін (сынамаларын) партиядан сәйкестендіруді және іріктеуді (егер Техникалық регламентте ұқсас өнімнің кейінгі партиялары үшін зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі белгіленбеген жағдайда)жүргізеді.
Өнімнің іріктелген үлгілерін (сынамаларын) зерттеу (сынау) және өлшеу осы құжаттың VI бөліміне сәйкес аккредиттелген сынақ зертханасында (орталықта) жүргізіледі (егер Техникалық регламентте ұқсас өнімнің кейінгі партиялары үшін өнімнің үлгілерін (сынамаларын) зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі белгіленбеген жағдайда).
Егер Техникалық регламентте ұқсас өнімнің кейінгі партиялары үшін өнімнің үлгілерін (сынамаларын) зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі белгіленген жағдайда, өнімді сертификаттау жөніндегі орган өнімнің сәйкестік сертификаты бұрын берілген өнімге қатысты оның ұқсастығын анықтау үшін өнім партиясын сәйкестендіруді жүргізеді. Егер өнімді сертификаттау жөніндегі орган бұрын өнімнің сәйкестік сертификаты берілген өнімге қатысты өнім партиясының ұқсастығын анықтаса, партиядан өнім үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер жүргізілмейді. Бұл жағдайда пайдаланылатын өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасының қолданылу мерзімі техникалық регламентпен белгіленеді.
Өнімді сертификаттау жөніндегі Орган өтініш беруші ұсынған құжаттарды талдау нәтижелерін және осы құжаттың 72-тармағына сәйкес өнім үлгілерін (сынамаларын) зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелерін қорытуды жүргізеді.
Өтінім беруші ұсынған құжаттарды, зерттеулерді (сынақтарды) және партиядан іріктелген өнім үлгілерін (сынамаларын) өлшеуді талдаудың оң нәтижелері кезінде өнімді сертификаттау жөніндегі орган өнімнің сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды, өнімнің сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны осы құжаттың XI бөліміне сәйкес өтінім берушіге береді.
Өнімді сертификаттау жөніндегі Орган берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтерді осы құжаттың XVI бөліміне сәйкес берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізіліміне енгізеді.
Өтініш беруші комиссия бекітетін тәртіппен өнімді бірыңғай өтініш белгісімен таңбалауды қамтамасыз етеді.
Өнімді сертификаттау жөніндегі Орган мен өтініш беруші осы құжаттың XVII бөліміне сәйкес өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдар жиынтығын қалыптастыруды және сақтауды жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет