Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі



бет3/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

1 жасқа дейінгі балалардың кеудесі цилиндр тәрізді, қабырғалары көлденең, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасқан. Бұл оның қозғалуын шектейді және өкпенің ашылуын қиындатады. Тыныс алу тереңдігі негізінен диафрагманың экскурсиясымен қамтамасыз етіледі (тыныс алу үшін қор жоқ). Тыныс алу функциясының бір бөлігін тері атқарады. Баламен жұмыс жасау кезінде бұл ерекшеліктерді ескеру қажет.

Жаңа туған нәрестенің омыртқасында физиологиялық қисықтар болмайды. Олар статикалық функциялардың пайда болуына байланысты қалыптасады:

- мойын бөлігі (лордоз) 2 айда бала басын ұстай бастағанда пайда болады;

- кеуде бөлігі - бала отыра бастаған кезде 6 айдан бастап;

- бел бөлігі - бала ұзақ отыра бастағанда 10-12 айдан бастап пайда болады.

Сәбилердің аяғы біршама варусті болып келеді,яғни тізе бөлігінде ішке қарай кіріп, болмаса сыртқа қарай шығып тұрады, ал табаны тығыз болады ,баланың аяғы 6-7 жасқа дейін қалыптасады.

Бұлшық ет жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері

Балалардың бұлшық ет жүйесінің ересектермен салытырғанда өзіне тән анатомо-физиологиялық ерекшеліктері бар. Эмбрионда бұлшық еттер жүктіліктің 6-7 аптасында дами бастайды. 5 жасқа дейін толық дамымайды,нәзік,жіңішке болады және тері асты шел май қабатында қолға сезілмейді. Жыныстық жетілу кезінде өсе бастайды.Өмірінің алғашқы жылдары дене салмағының 20-25%, 8 жасында - 27%, 15 жаста – 15-44% құрайды. Бұлшық ет салмағының өсуі әр миофибрилдердің көлемі өзгеруінен болады.Бұлшық еттің дамуына маңызды рөлді жасына сәйкес қозғалыс режимі,ал сәл үлкейгенде спортпен айналысу алады.

Бұлшық еттер біркелкі дамымайды.

Бұлшық еттер біркелкі дамымайды.

  • Өмірінің алғашқы жылдарында иықтың ірі бұлшық еттері, содан кейін қолдың бұлшық еті дамиды.(6 жасқа дейін балалар саусақтарымен аса жақсы жұмыс жасай алмайды)
  • 5-6 жасқа дейін қозғалу қабілеті,
  • 6-7 жаста хат жазатын,сурет салатын,ермексазды мүсіндейтін қабілеті дамиды.
  • 8-9 жаста қол,аяқ,мойын,иық белдеуі бұлшық еттерінің көлемі ұлғаяды,
  • жыныстық жетілу кезінде қол,арқа,аяқ бұлшық еттерінің көлемі оданда ұлғая түседі.
  • 10-12 жаста қозғалыс координациясы жақсарады.
  • 15 жастан кейін майда бұлшық еттер қарқынды түрде дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет