Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі



бет14/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Сол және оң қарыншалары өзара тең, қабырғалардың қалыңдығы 5 мм шамасында, ал 14 жасар балаларда 1 см - ге жетеді. Емшектегі сәбилерде жүрекшелері мен күре тамырлары (аорта, өкпелі артерия) қарыншалардан біршама үлкен болады, кейін қарыншалардың, әсіресе сол жақ қарыншаның дамуы озып кетеді.

Оң қарыншаның массасы өкпе тамырларының қар сылығы төмендегеннен кейін, керісінше алғашқы айларда 20% ке кішірееді. Ұлдардың жүрегі қыз балаларға қарағанда, біршама үлкен, бірақ қыздардың жүрегі 10 - 11 жастан қарқынды өсіп, 13 - 14 жаста ер балалардың жүрек салмағынан асып кетеді. Жыныстық жетілу кезеңінен кейін ұлдардың жүрегі қайта қарқынды өседі.

Лимфа айналымы

Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады.[1] Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады.

Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың жақтаулары өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.

Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.

Асқорыту жүйесінің физиологиясы, жасқа байланысты дамуы

Жоспары:

1.Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет