Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі


Сүйек және бұлшықет жүйесінің гигиенасы



бет4/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Сүйек және бұлшықет жүйесінің гигиенасы

Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Бұлшық ет күшінің жас ерекшеліктері

Күш дегеніміз ағзаның сыртқы кедергіні жеңе алу қабілеті немесе оның бұлшық ет ширығуына қарсы тұруы.

Бұлшық ет күші күші тәуелді физиологиялық факторларды үш топқа бөлуге болады: 1) бұлшық ет ішілік факторлар; 2) жүйкелік реттелу ерекшеліктері; 3) психологиялық-физиологиялық механизмдер.

Адамның жасы ұлғайған сайын жүйкелік реттелудің жетілуіне, бұлшық ет химизмінің және құрылысының өзгеруіне байланысты бұлшық еттердің салмағы мен күші артады. Ұлдарда 4-5 жастан 20 жасқа дейін бұлшық ет салмағы 7,5-8,5 есе; максимальды күш 9-14 есе артады.

Күштің біршама өсімі 13-15 жас пен 16-17 жас аралығында байқалады да, максимальды деңгейіне 18-20 жаста жетеді.

Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты дамуы

Жоспары:

1. Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.

2. Тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің, өкпенің тіршілк сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің жасқа сай өзгерістері.

3. Тыныс алу мүшелдері мен дауыс аппаратының гигиенасы.

Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет