-регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
-қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
-терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қан қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % нәруыздар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында нәруыз 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) – формалық элементтердің ең көп тараған түрі. Жетілген эритроциттерде ядро жоқ және олардың формасы екі жағынан бүгілген диск тәрізді. Оның тіршілік ұзақтығы 120 күн, бұдан кейін байыр мен көкбаурда бұзылады. Эритроциттерде құрамында темір бар ақуыз бар – гемоглобин. Ол эритроциттердің басты функциясы – газдарды, алдымен оттегі тасымалдауды қамтамасыз етеді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді. Өкпеде гемоглобин ақшыл қызыл түсті оксигемоглобинге айналып, оттегіні байланыстырады. Тіндерде оксигемоглобин оттегі шығарып, гемоглобинді қайта қалыптастырады және де қанның түсі қоңырлай бстайды. Гемоглобин тіндерден өкпеге оттегіден басқа карбогемоглобин түріндегі көмір қышқыл газды тасымалдайды.