Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі



бет8/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Өкпенің тіршілік сыйымдылғы жас жоғарылаған сайын арта түседі. Сөйтіп, 7 жасар балалар 1400 мл болса, 9 жаста - 1700, 11 жаста 2100, 14 жаста -2700 және 16 жаста -3200 мл. Қыз балаларда 100-300 мл. тереңдеу болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы бойдың әрбір 5 см өсуіне 400 мл жоғарылап отырады да, организмнің тыныс алу түрі (тип) мен жаттығу дәрежесіне тәуелді болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жас кезінен бастап спорт ойындарымен шұғылданған адамдарда жоғары болады - жүгіру, малту, шаңғы тебу.

Тыныс алу мүшелері мен дауыс аппаратының гигиенасы

Тыныс алу мүшелері гигиенасына, ең алдымен, мұрын арқылы дұрыс тыныс алу жатады, ал дұрыс тыныс алу кеуде қуысы дұрыс дамыған кезде ғана мүмкін болады. Ол үшін жүйелі түрде таза ауада дене жаттығуларымен айналысып, тұрғынжай тазалығын, сондай-ақ жеке бастың гигиеналық ережелерін сақтау керек. Ең бастысы тұрғын үй, оқу және қоғамдық орындардағы ауаның қалыпты құрамын сақтау қажет. Ауада шаң-тозаңмен бірге үнемі бактериялар да болады. Мектепте сабақ басталғанға дейін шамамен 1 м3-де 2600 микроб болса, бірінші ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген. Күнделікті таңертең және кешке тұрғын үйді желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. Терезені немесе желкөзді (форточка) ашып ұйықтаған пайдалы. Нашар желдетілетін бөлмедегі ауа құрамында 0,1% -дан артық көмірқышқыл газы болады. Бұл адам үшін зиянды болып саналады. Аумақты көгалдандыру және ағаш егу, бөлме өсімдіктерін өсіру ауадағы көмірқышқыл газының артық мөлшерін жойып, оттекпен байытады.

Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты дамуы

Жоспары:

1. Қан құрамы және топтары.

2. Жүректің құрылысы мен қызметі, гигиенасы.

3. Қан айналу жолдары.

4. Жүрек-тамыр жүйесінің жас ерекшеліктері

5. Лимфа айналымы

Қан құрамы және топтары

Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет