Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі



бет6/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Көмей қызметі

Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Кеңірдек және бронхылар қызметі

Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері - альвеолалармен аяқталады.

Өкпенің қызметі

Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.

Тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің, өкпенің тіршілк сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің жасқа сай өзгерістері

Тыныс алудың жиілігі кеуде клеткасының немесе құрсақ еттерінің бір минуттегі қозғалу саны бойынша анықталады және организмнің оттегіне физиологиялық қажеттілігіне тәуелді. Балаларда алмасу процесінін жоғары болуы нәтижесінде оттегіне қажеттілік ересек адамдармен салыстырғанда біраз жоғары. Сондықтан тыныс алу жиілігі оларда жоғары болады. Дене еңбегі кезінде оттегінің тез жұмсалуы нәтижесінде тыныс алу жиілігі де жоғарылайды. Баланың жасы неғұрлым жоғары болса, оның тыныс алу жиілігі соғұрлым сирей түседі. Жаңа туған балада минутына 40-60 рет қозғалыс, төменгі класс оқушыларында-20-22, 12-18 жас ал жоғары класс оқушыларында ересек адамдардың мөлшеріне жақындайды, яғни минутына 16 рет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет