Тірек сөздер: Есімдік туралы түсінік. Есімдіктің түрлері. Есімдіктің синтаксистік қызметі,жасалу жолдары



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі156,71 Kb.
#18565
1   2   3   4   5   6
 

Белгісіздік  есімдіктер.  Белгісіздік  есімдіктердің  жасалуына  әр,  бір, 

әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы 

сөздердің  кейбір  басқа  есімдіктермен  бірігуі  арқылы  жасалады.  Мысалы:  1. 

біреу,  кейбіреу,  қайсыбір,  әрбір,  бірнеше,  бірдеме,  2.  әркім,  әрне,  әрқайсы, 

әрқалай, 3. әлдекім, әлдене, әлдеғайдан, әлдеқашан. 

 

Белгісіздік 



есімдіктер 

деп 


мағыналары 

жағынан 


заттар 

мен 


құбылыстарды  нақтылы  түрде  білдірмей  белгісіз  мәнде  айтылатын  сөздерді 

айтамыз.  Мысалы:  Қыр  жолаушысы  сиқтанған  біреу  кіріп  келді  дегенде 

кімнің келгені белгісіз. 

 

Белгісіздік есімдіктерінің бір, біреу, кей дегендері басқа сөз таптарынан 



лексикалық  жолмен  ауысқан;  әр,  әлде,  бірдеңе,  бірнеше,  кейбір,  әлдекім, 


әлденеше, 

әркім, 


әрне, 

әрқайсы, 

әрбір 

т.б. 


құрылымы 

жағынан 


морфологиялық  жолмен  жасалған  күрделі  есімдіктер.  Бұл  есімдіктер  заттық 

ұғымды  білдіреді  де  зат  есімше  өзгереді,  мысалы,  әркім,  әрне,  біреу, 

кейбіреу, 

бірдеме 


дегендер 

сөйлемде 

субстанциялық 

(бастауыш, 

толықтауыш)  қызмет  атқара  алады.  Ал  кейбіреулері  затты  анықтайды 

(кейбір,  қайбір,  қайсыбір,  әлденеше,  бірнеше),  енді  біреулері  пысықтауыш 

мүше болып (әлдеқалай, әлдеқашан) қызмет атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет