Тірек сөздер: Есімдік туралы түсінік. Есімдіктің түрлері. Есімдіктің синтаксистік қызметі,жасалу жолдары



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі156,71 Kb.
#18565
1   2   3   4   5   6
 

Жалпылау  есімдіктері.  Жалпылау  есімдіктеріне  бәрі,  барлық,  барша, 

бар, күллі, бүкіл,  түгел деген сөздер ғана жатады. Жалпылау есімдіктері деп 

мағына  жағынан  кем  дегенде  екі  я  одан  да  көп  заттар  мен  құбылыстарды 

жинақтай 

атау 

үшін 


қолданылатын 

сөздерді 

айтамыз. 

Жалпылау 

есімдіктерінің  ішінен  бәрі  деген  атау  формада  субстанциялық  ұғымды 

білдіреді  де,басқалар  атау  формада  аттрибутивтік  ұғымдарды  білдіреді. 

Жалпылау есімдіктерінің ішінен бар, бүкіл, күллі сөздері лексикалық жолмен 

өзге  сөз  таптарынан  ауысқан,  бәрі  барлық,  барша  сөздері  морфологиялық 

тәсіл  арқылы  бар  есімдігінен  жасалған.  Бірақ  бұл  сөз  де  әуелдегі  бар  (жоқ 

деген  сөздің  антонимі)  деген  есімнен  прономиналдану  негізінде  пайда 

болған.  Бар,  барлық,  барша  есімдіктеріне  тәуелдік  жалғаулары  оңаша  және 

ортақ түрінде жалғана береді де, бүкіл, күллі, бүтін есімдіктеріне ешқашан да 




жалғанбайды.  Жіктік  жалғаулары  да  жалпылау  есімдіктерінің  ешбіріне 

жалғанбайды. Жалпылау есімдіктерінің  ішінде тек субстантивтенген  түрлері 

тәуелденіп барып ғана септеле алады. 

 

Жалпылау  есімдіктері  негізінен  алғанда  сөйлемде  анықтауыш  болып 



қызмет  атқарады.  Бірақ  оның  өзі  де  жалпылау  есімдіктерінің  бәріне  бірдей 

қызмет  емес.  Өйткеніолар  ретіне  қарай,  толықтауыш  мүше  болып  та 

жұмсалады,  бірақ  ешуақытта  да  пысықтауыш  болып  қызмет  атқармайды. 

Мысалы  Барлық  көш  иесіз  тұл  кетіп  бара  жатқан  анау  қаралы  киім,  тұл  ат-

баршасы осы барлық қауымның қайғысын Абайға өзгеше терең түсіндірді.  

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Есімдіктер мағыналарына қарай неше топқа жіктеледі 

2. Жіктеу есімдіктеріне қай есімдіктер жатады 

3. Жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдіктеріне ортақ қай есімдік 

4. Cұрау есімдіктерінің жасалуына қай есімдіктер негіз болған 

5. Болымсыздық есімдіктеріне қай есімдіктер жатады 

6. Жалпылау есімдіктерінің негізгі ерекшеліктері қандай 



Негізгі әдебиеттер: 

1. 


Ә.Болғанбаев,  Ғ.Қалиев.  Қазiргi  қазақ  тiлi  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы.А., 1997 

2.  Кеңесбаев  I,    Мұсабаев  Ғ.  Қазiргi  қазақ  тiлi  (лексика  мен  фонетика).  А, 

1995 


3.  М.Балақаев Т.Сайранбаев. Қазiргi қазақ тiлi.Сөз тiркесi мен жай сөйлемнiң 

синтаксисi.1997.  

4.  Мырзабеков С.  Қазақ  тiлiнiң  фонетикасы. Алматы, 1992 

5.  Исаев С. Қазiргi қазақ тiлiндегi сөздердің грамматикалық сипаты. А, 1998  



6. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. Алматы, 1991ж.                

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет