Тірек сөздер: Есімдік туралы түсінік. Есімдіктің түрлері. Есімдіктің синтаксистік қызметі,жасалу жолдары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі156,71 Kb.
#18565
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-Есімдікке тән белгілер, сипаттар.

 

Сұрау  есімдіктері.  Сұрау  есімдіктері  мыналар:  кім?  не?  неше?  қай? 

қандай?  қанша?  қалай?  қашан?  Бұлардан  басқа  да  бірнеше  сүрау  есімдіктері 

бар.  Бірақ  олар  белгілі  жолдармен  жоғарыда  көрсетілген  негізгі  сұрау 

есімдіктерінен  жасалған  есімдіктер.  Мысалы  нешеу?  нешінші?  деген  сұрау 

есімдіктері  сан  есімдердің  морфологиялық  формаларына  сәйкестеніп,  демек 

сан  есімнің  қосымшалары  арқылы  неше  деген  негізгі  сұрау  есімдігінен 

жасалған. 

 

Өздік  есімдік.  Қазақ  тілінде  өздік  есімдікке  жалғыз  ғана  өз  сөзі 

жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзі, өзіңіз деген сияқты оңаша және ортақ 

тәуелдеулі  түрде  қолданылады.  Мысалы:  Өзің  жүрген  жақтан  өзің  тауып 

келген  жол  бар  ма  ?  Өздік  есімдік  зат  есімнен  бұрын  айтылғанда  ілік 

жалғаулары  түсіріліп  қолданылып  үнемі  анықтауыштық  қызмет  атқарады. 

Мысалы, өз кітабым, өз кітабың. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет