Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды



бет8/10
Дата01.05.2023
өлшемі64,84 Kb.
#88629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
15. «Бір сөйлеммен түйіндеу»
Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады.
16. «Температураны өлшеу» әдісі» Бұл әдіс оқушылар тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім оқушылардан: «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды. Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе оны орындау ретін түсінгенін анықтай алады. (немесе дайын термометр қолдануға да болады)
17.«Плюс-минус-қызықты » әдісі
Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: 
П(+) , М(-) , Қ (қызықты).
«П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.
«М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады
Қ (қызықты) сабақтың қызықты тұстары, жаңа ақпарттар, жаңалықтар жазылады
18. «Өзіме хат» деп аталатын байланыс арқылы оқушы бүгінгі сабақ туралы толық ойын жазады. Сабақ соңында оқылады.
Аталған бағалау өлшемдері бағдарламаны игеру процесінде білім алушының аздаған жетістіктерін және алға ілгерілеушілігін ескеруге мүмкіндік береді, түзете дамыту жұмыстарының нәтижесін бағалауға және алдағы жеке дамыту жұмыстарының жоспары мен білім, білік, дағдыды икемді қалыптастыруға ықпал етеді. Біріншіден, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, арнайы қажетті жағдайлар жасалғанда ғана объективті болады. Атап айтқанда: − білім, білік, дағдыларды тексеру жұмыстарын (шағын топтарда, жеке дара), ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып қолайлы ұйымдастырған жағдайда; − сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай туғызу. Әлеуметтік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие әсерінен балалардың білім сапасы дамиды, белгілі білім, білік, дағдыларды алады. Бірақ оқудағы осындай ілгері басқан қадамдар түрлі оқушыларда бірдей бола бермейді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту мүмкіндіктерінің түрлілігі даму бұзылысындағы тереңдігіне және таралуына байланысты болады. Дегенмен, критериалды бағалау жүйесін қолдану, ақыл-ойының дамуында кемістіктері бар балалардың да даму динамикасындағы оң өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауда жиі қолданылатын өзін-өзі бағалау және өзара бағалау тәсілдері, инклюзивті оқыту сыныптарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімді әдістердің бірі. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, өз нәтижесін зерделеуге жетелейді және жиынтық критериалды бағалау нәтижесінде білім деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді. Жалпыға міндетті білім беру стандартын игеру жалпы білім беретін мектептерде қамтылған ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардан да талап етіледі, сондықтан инклюзивті білім беру жағдайындағы критериалды бағалау жүйесі де бірыңғай болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет