Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Қазақстанда ұлт мектебі жаңа құрылып жа-



Pdf көрінісі
бет118/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

«Қазақстанда ұлт мектебі жаңа құрылып жа-
тыр, оқытушылар дайындау, оқытушылардың 
білігін толықтыру, мектеп түрлерін белгілеу, мек-
тепке оқу жоспары, оқу програмын жасау, мектеп-
ке Госпрограммасын ыңғайлап ендіру, аса маңызды, 
жаңа, тәжірибе, екшеу тілейтін мәселелер. «Жаңа 
мектептің» жазып отырғанының ең негізділері осы 
мәселелер туралы.
Оқытушыларымыз жазғанымызды бұйрық, де-
креттей көріп, есі-дерті орындау болып жатыр ма? 
– деп күдіктеніп едік.
Екінші жағынан – оқу жылы өтіп кеткен жоқ 
қой...».
V.
1926 жыл. Мәскеу.


363
ОҚЫТУШЫДАН КӨМЕК КҮТТІК
«Жаңа мектеп» журналын оқушының алдына міне 7-нші 
кітабы барып отыр.
Жаңадан құрылып келе жатқан ұлт мектебінің қаз-қаз 
тұрып, жаңадан аяқтанып келе жатқан оқытушыларының өзіне 
арналған журналының аз уақыттың ішінде жеті кітабының 
қолдарына барып тиюі – зор олжа.
Журналымыздың алдырушылары күн санап өсіп келеді. Осы 
күні мыңға таяу оқытушылар алдырып тұрады. Аз уақыттың 
ішінде Қазақстандағы барлық оқытушылар журналды алдырып 
тұрады, сөйтіп, «Жаңа мектеп» тамырын жайып, ауылдардағы 
шала-жансар мектептерге қарап, Қазақстандағы оқу-тәрбие 
жұмысының «күре тамыры» болып, сусаған жерлерді білім-
мәдениет суымен суарар деп сенеміз.
Журналды алдырушылардың көбеюіне көңіліміз сүйінеді. 
Оқытушылардың журналды пайдалы тапқанын, журналдың 
шығуының «кездейсоқтық» құбылыс емес, мөлшерлі заңға 
бағынған құбылыс екенін сеземіз, әйтсе де көңілімізде азырақ 
күдік бар. Бұл күдігімізді оқушының алдына салып, аз-кем 
сырласпақпыз.
Біздің күнімізде барлық тұрмысты, оның ішінде оқу оқыту 
жұмысын Маркс, Лениннің диалектика жолымен, тәжірибе 
жолымен көпке сүйеніп, көптің тәжірибесін зерттеп құратын, 
жүргізетін күнімізде ешбір газет, журнал, әзір білікті, мінсіз, 
қатесіз білімді жазып, баласын асыраған анадай шайнап, 
оқушының аузына сала алмайды. Оқушының жұмысы әзір 
асты жұтумен бітпейді. Оқушының шайнап көруі, дәмін, исін 
білуі, жағымды болса ғана жұтып, жағымсыз болса, берушіге 
қайта беруі керек. Әрбір журналда, газетте жазылған нәрсенің, 
ойдың, планның бұқара оқушының тәжірибе қазанына түсіп, 
талқыға салынып болып барып, пайдаға асуы керек.
Оның бер жағында Қазақстанда ұлт мектебі жаңа құрылып 
жатыр, оқытушылар дайындау, оқытушылардың білігін 
толықтыру, мектеп түрлерін белгілеу, мектепке оқу жоспары, 
оқу програмын жасау, мектепке Госпрограммасын ыңғайлап 


364
ендіру, аса маңызды, жаңа, тәжірибе, екшеу тілейтін мәселелер. 
«Жаңа мектептің» жазып отырғанының ең негізділері осы 
мәселелер туралы.
Бүгінге дейін жоғарыдағы мәселелер туралы біз алды-
рушыларымыздың дені оқытушылардан еш бір тәжірибе
пікір алғанымыз жоқ. Көңіліміздегі күдік дегеніміз осы еді. 
Оқытушыларымыз жазғанымызды бұйрық, декреттей көріп, 
есі-дерті орындау болып жатыр ма? – деп күдіктеніп едік.
Екінші жағынан – оқу жылы өтіп кеткен жоқ қой, «Жаңа 
мектебіміз» ауылдардағы мектептерде тәжірибеге қойылып 
жатқан болар, оқу жылы біткен соң, оқытушылар бұл 
тәжірибелерінен қорытынды берер, бізбен пікір алмастырар – 
деп көңілімізді демеп те қоямыз (дәл осылай болғайды!).
Бүгінгі мектептің Маркс жолын негіз еткен мектептің 
«жаны» аймақ құбылыстары, аймақ заттары, «Жаңа мектептің» 
өзіне қойған мақсұтының бірі – аймақ зерттеу, аймақ матери-
алдарын жинау. Бұл аймақ материалдарын Қызылорданың 
шаңдағын жұтып отырған жазушылар шаңдақ арасынан та-
уып алып, оқушының алдына сала алмайды. Әркім аздап, ба-
сында қалғанын жазған болып келеді. Майкөт ақынның айты-
сымен, иә Жанқожа туралы аз-кем әңгімемен аймақ зерттеу 
жұмысы орындалып болмайды. Аймақты, аймақтың ішінде 
отырған оқытушылар зерттей алады, аймақ материалда-
рын жинап «Жаңа мектепті» бұл материалдармен тойғызу 
оқытушылардың қолынан келеді. Бұл күнге дейін оқытушылар 
аймақ материалдарын жіберген жоқ, бұл да көңіліміздегі бір 
күдік, ауыл оқытушылары әзір еш нәрсе жазған жоқ. Жазушы 
аз-кем қала оқытушылары. Бұлар да мектеп туралы, мектеп 
жұмысы туралы жазбай, көбіне жалпы мәселені қозғайды, бұ 
да аз-кем түзету тілейтін бүкірлік.
Жұмыстың оңды болуы тұрмыстың оңды болуына тіркеулі, 
оқытушылар айлық алатын біреудің қолына қарағандардан. 
Оқытушының тұрмысын оңдау – оқу жұмысын оңдау. Жолдас 
Ленин бұл жұмысты баса тапсырып кеткен, «Жаңа мектептің» 
тағы бір ірі мақсұты – оқытушылардың тұрмысымен танысып 
тұру. Тұрмыспен танысып, түзелуінің шарасын қарастыру.


Бірақ орталықта отырып, журнал бал ашып, оқытушылар-
дың тұрмысының қандай екенін біле алмайды. Тұрмыстары ның 
қандай екенін журнал бетіне оқытушылардың өздері суреттеп 
отыруы керек.
«Жаңа мектеп» – оқытушылардың тілі, құлағы. Жур-
нал оқытушылардың тілектерін, мұң-мүддесін күзететін 
күзетшісі, журналға тұрмыстарын суреттеп жіберген ауыл 
оқытушыларында мүгедектік, қорқақтық бар. Көрген кемдігін, 
зәбір-запасын оқытушы ашып айтпайды. Бұлай ету қате:
Оқытушылар мұң-мүддесін, тілегін, зәбір-запасын, қысқасы, 
тұрмысын өзінің тілі – «Жаңа мектеп» анық жазсын.
Сөйтіп, оқу жылы бітті. Оқытушылар қыстай тәжірибе жина-
ды. «Жаңа мектеп» те тартылған мәселелерді тәжірибе елегінен 
өткізді, жиған аймақ материалдарын сұрыптауға, реттеуге, 
жаңадан жинауға қолдары босады, білім толықтыру курстеріне 
араласты, жұртшылық жұмыстарына араласты, «Жаңа мектеп» 
арқылы заң жүзіндегі оқытушылардың құқықтарымен танысты 
...
Енді бұдан былай өздерінің тілі – «Жаңа мектептің» күдігін 
таратар: жасаған жұмыстары, жинаған материалдары, шешкен 
тәжірибелері, өздерінің тұрмыстары туралы толық етіп, үзбей 
жазып тұрар деп сендік, оқытушылардан көмек күттік.
V.
«Жаңа мектеп» журналы, 1926 жыл, № 7–8.
Қызылорда.


366
«Жаңа мектеп» журналының 1926 жылғы 7–8 сандары (Қызылорда).
Очередные № 7–8 журнала «Жаңа мектеп» («Новая школа») за 1926 год 
(Кзыл-Орда).


367


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет