Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Мағжанның «Сауатты бол»-ында жазылған



Pdf көрінісі
бет116/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   150
«Мағжанның «Сауатты бол»-ында жазылған 
әңгімелердің 98 %-ы саясат әңгімелері десек, 
көтеріп айтқан болмаймыз. 30 40 шамалы тізілген 
мақалалардың ішінде Абайдың бір-екі өлеңі, 
Мағжанның «Жылқышысы», Халелдің «Бейіттен 
келетін зиян» деген мақаласы, 2 3 шаруашылық 
туралы мақалалардан (бұлар да тегінде саясат 
мақалалары) басқасы саясат мақалалары.
Кітап бұл реттен жақсы. Ешкім саясат мәселелері 
жазылмаған, саяси мән бермейді деп кінә қоя алмай-
ды».
V.
1926 жыл, Қызылорда.


353
Сын
САУАТТЫ БОЛ!
(Жұмабайұлы Мағжан)
Сын деген нәрсені бізде аздап теріс ұғынатындар да болады. 
Біреу бір кітапқа сын жазыпты десе, біреулер «оның несін сы-
нап отыр екен» деп наразылық білдіріп отырады.
Атбегі ат сынағанда, құсбегі құс сынағанда аттың, құстың 
бойындағы жақсылығын да, мінін де сипаттайды.
Кітап сынаушы да кітаптың жақсы жағын, жаман жағын 
айқындап оқушыға көрсетеді.
Осы ниетпен біз жалпы Ресейлік сауатсыздық жоятын 
Төтенше комиссариаттың бастырып шығарған «Сауатты бол» 
деген әліпби кітабын сынамақпыз.
Кітап Мәскеуде Кеңестер Одағындағы елдердің Кіндік баспа-
сында басылып шыққан, баспадан 1926-ыншы жылы шыққан. 
Тізген – қазақтың атақты ақыны Жұмабайұлы Мағжан.
Кітаптың сыртында «ересектердің сауатты болуына қол-
қабыс қылатын кітап» – деп жазылған. Кітап 63 бет. Қағазы 
жақсы, ақ, қаріп басқан бояуы анық; қаріптері түйедей, оқуға 
аса қадірлі. Ішінде 11 сурет, 2 диаграммы бар. Бұдан бұрын 
қазақша кітаптарда болмаған қымбат нәрсе. Аздап қате 
басылған жерлері бар. Бұларды екінші басқанда түзеп жіберу 
керек болады.
Кітап дыбыс әдісімен жазылған. Бұл кемшілік емес: тұтас сөз 
әдісін бірден қолданып кетуге бізге болмайды, оқытушыларды 
дайындап барып, бірте-бірте көшу керек. Дәл осы ниетпен 
Ахметтің екі әдіспен бірдей оқытылатын әліпбиі басылып жа-
тыр.
«Сауатты бол»-дың әліпби бөлімі, яғни қаріптермен таныс-
тыратын бөлімі Ахмет әліпбиінің ретінен айырмасы аз. Ішкі 
маңызында айырма көп.
Ахметтің сауат ашқышының иә әліпбиінің кемдігі – 
үстіміздегі дәуірден, болып жатқан саясаттан мағлұмат аз. Ах-


354
мет кітабының бұл кемшіліктерін көре тұрсақ та, сауат аша-
тын басқа кітабымыз болмағандықтан, уақытша қолданып 
келгенбіз.
Мағжанның «Сауатты бол»-ында жазылған әңгімелердің 
98 %-ы саясат әңгімелері десек, көтеріп айтқан болмаймыз. 30 40 
шамалы тізілген мақалалардың ішінде Абайдың бір-екі өлеңі, 
Мағжанның «Жылқышысы», Халелдің «Бейіттен келетін зиян» 
деген мақаласы, 2 3 шаруашылық туралы мақалалардан (бұлар 
да тегінде саясат мақалалары) басқасы саясат мақалалары.
Кітап бұл реттен жақсы. Ешкім саясат мәселелері 
жазылмаған, саяси мән бермейді деп кінә қоя алмайды.
Бірақ оқыту әдісі ретінен бұл кемшілік те келтіреді. Осы 
күні мектептің, мектепте оқылатын сабақтың «жаны» аймақ 
тану материалдары: «Сауатты бол»-да аймақтану материалы 
жоқтың қасында.
Екінші, оқыту әдісінің заңы «оңайдан қиынға», «жақыннан 
алысқа» бет алып оқыту. Мағжан тізген саясат мәселелері 
СССР-ден алынған, ҚССР-ден түк әңгіме жоқ.
Кітаптың аяғындағы «Жылқышы» деген өлең Лермонтовтың 
«Үш ағаш» («Три пальмы») деген өлеңімен салмағы тең кестелі 
өлең. Хат танымайтын, жаңа хат таныған қазақтың ішіне жаға 
қоя ма? Бұдан «қайныма бес қарғамен ұрын бардым» деген не 
өтірік өлең я Крыловтың мысалы сіңімді болмас па? Бұ да екі 
алуан. Бұлар кітаптың кемшіліктері.
Қорытып айтқанда, кітап сыңар аяқ. Қазақстандағы аймақ 
зерттеу материалдары жоқ. Нүкте, запятой, сұрау белгілерін 
қоя білмейтін шәкірт жазуының аяғына бұл таңбаларды көп 
етіп қойып, оқытушыға хат жазыпты: – Мен қайда қоюын 
білмедім, мыналарды өзіңіз орналастырып қойыңыз! – деп. Дәл 
осы сияқты Мағжан саясат мәселелерді шоғырлап жинаған.
Не дегенмен кітаптың шығуы аса пайдалы. Ахметтің «Са-
уат ашқыш», «Әліпби»-леріне қосымша саяси сауат ашатын 
орындардың бұл кітапты алдырулары керек-ақ. Бірақ, екінші 
басқанда толықтыру керек қой дейміз.
Сөз аяғында бір таңданып кететін нәрсеміз:


«Сауатты бол» шыққаннан кейін Кеңес Одағындағы елдердің 
Кіндік баспасының бір қызметкері мен Мағжан екеуі қол 
қойып: «кітапты бірінші әліпби деп қойыппыз, тізуші Мағжан 
деппіз... Бұлар қате. Мағжан біреу «тіз» деген соң тізіп отыр, 
кітап бірінші кітап емес және ішінде аздап қате кеткен жерлері 
бар...», – деп мекемелерге, басқармаларға қағаз жазып отыр... 
Мағжанға кітап тізген айып па, я тіздірген айып па? Мағжан 
сияқты жаңа жұртшылық жұмысына белсеніп араласпай 
жүрген азаматтардың жақсы саяси кітап жазуы қуыстанатын 
жұмыс па? Бұл жері түсініксіздеу.
V.
«Жаңа мектеп» журналы,
1926 жыл, № 5, 64–65 беттер.
Мәскеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет