Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет119/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

ҚАНДЫ ЖАУЫН
(Фламмарион К.)
Еуропа тарихшылары жер мен уақытқа байланыстырып
бұрын отыз қанды жауын болған деп шамалап отыр. Қан 
жауған осы күнгі Франция, Италия, Германия, Түрік жерлері 
деседі. Бұл қан ертедегі Грек заманынан біздің уақытымызға 
дейін созылады екен.
Біздің қазақта қан жауған деп айтса да, бірақ жауған жерінен 
я уақытынан дерек білмейді. Бұл екеуі болмаса тарих сөзі емес, 
қысыр кеңес болғаны. «Көптің ауызы дуалы». Ана Еуропа та-
рихына қарағанда, біздің Қазағыстанда өткен бір уақытта қан 
жауғанын ел көрген болып табылады.
Қан жауғанға сенбей болмайды.
«Қан жауды, қан жауады» деп алып, қан жауынды білім 
тезіне салып тексерелік.
Ертеде білім аты шаппай тұрғанда, ел надан болған. Айнала-
мызда сипаласақ да мұндай надан ел өз қолымызға бүлдіргелі 
қамшыдай біліне кетеді. Өзі түсінбеген нәрсенің бәрін на-
дан ел «бұл құдай исі, құдірет әдейі қылды, бұл керемет» деп 
қарайды. Осыған сүттей ұйып, жалбарынып, боз қасқасасын 
айтып, құдіретті қардан қайырдық деп өзін өзі алдап, екінші 
кереметке дейін су сепкендей сап болады.
Бір «Бед» [?] деген білімді кісі қан жауын кәдімгі жауын
бірақ жылы жауын, бірақ қандай жылы, өзге жауынынан қою 
қан сияқты көрінген соң, надан ел тексере алмай «қан құйды» 
дейді. Бед өзі де надан елден қара үзіп кеткен жоқ. Бірақ бағыты 
түзу, кереметтің керегесінен шығып сынға түсті. Бедден кейін 
бізден 7–6 жүз жыл бұрын өмір сүрген Казбини, ал-Қазан де-
ген білім иелері аспаннан қуырған қан сықылды талқан жауып-
ты деп жазады. Бұлар Бедден де бір табан ілгері қан жауынды 
шешу жолына басады. Білім иесі Шот: – Надан елдің қан жа-
уын деп жүргені сыр мен қызыл борға былғанған бу [не: бұлт], 
– дейді де: – Аспаннан шын қан да жауады, мұны жаумайды деп 
болмайды, онда онысын керемет, – деп қояды.


368
Міне тұмсығы қылтиып шығып келе жатқан білім тағы да 
жып етіп жоғалып қорғаланып қалады! Грек ақыны Гомер
1
жырларында ерлердің басына қан жудырады. Гомер жырын 
сынаушы Евстафий:
2
– Армен жерінде сыр шығатын кен көп, 
сырдың тозаңы аспанда жауынның суына араласып, қызартып 
бояп, қан жауын болып тұр, – дейді.
1608-інші жылы июлдің [маусымның] басында қан жауын Е 
қаласының аймағына жауады. Надан молдалар жаланы белгілі 
сайтанға жабады. Сонда бір білім иесі Пейрес деген адам қан 
жауынды тексеріп жіберіп, «күнде далада қоралы қойдай то-
бымен ұшып жүретін көбелектің боғы» деп дәлелдеп, елге 
көрсетеді.
Қан қаладан, қорған ішінен, көбелек асып ұша алмаған жер-
ден қан жауынның бір де тамшысы табылмайды. Надан ел бұл 
дәлелге құлақ қоймайды. «Аспан да көзінен қан сорғалатып 
жылады-ау!» – деп қорқып, қараңғы үйде жалғыз қалған бала-
дай жылады.
Реумір [?] деген білім иесі қан жауынды боғымен бояған 
көбелекке тағады. Майда бұл көбелектің жұлдыз-құрт сияқты 
баласы мың-мыңдап түзеліп ағашқа, үйді, шөпті қырман 
1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет