368
Міне тұмсығы қылтиып шығып келе жатқан білім тағы да
жып етіп жоғалып қорғаланып қалады!
Грек ақыны Гомер
1
жырларында ерлердің басына қан жудырады. Гомер жырын
сынаушы Евстафий:
2
– Армен жерінде сыр шығатын кен көп,
сырдың тозаңы аспанда жауынның суына араласып, қызартып
бояп,
қан жауын болып тұр, – дейді.
1608-інші жылы июлдің [маусымның] басында қан жауын Е
қаласының аймағына жауады. Надан молдалар жаланы белгілі
сайтанға жабады. Сонда бір білім иесі Пейрес деген адам қан
жауынды тексеріп жіберіп, «күнде далада қоралы қойдай то-
бымен ұшып жүретін көбелектің боғы»
деп дәлелдеп, елге
көрсетеді.
Қан қаладан, қорған ішінен, көбелек асып ұша алмаған жер-
ден қан жауынның бір де тамшысы табылмайды. Надан ел бұл
дәлелге құлақ қоймайды. «Аспан да көзінен қан сорғалатып
жылады-ау!» – деп қорқып, қараңғы үйде жалғыз қалған бала-
дай жылады.
Реумір [?] деген білім иесі қан жауынды боғымен бояған
көбелекке тағады. Майда бұл көбелектің жұлдыз-құрт сияқты
баласы мың-мыңдап түзеліп ағашқа, үйді, шөпті қырман
1
Достарыңызбен бөлісу: