Гомер (Homeros) – ежелгі гректердің аты аңызға айналған жыршы-
ақыны, грек және жалпы еуропалық әдебиеттің атасы, бүкіл ежелгі дәуірдің
үлгісі. Оның есімі гректердің ерте кездегі әдеби жанры, қаһармандық эпосы,
әсіресе «Илиада» мен «Одиссея» эпостарымен байланысты. Ежелгі дәуірдің
өзінде де Гомердің тұлғасы мен өмір сүрген уақыты туралы шынайы мәлімет
болған емес. Ол екі көзінен де айрылған қарт ретінде бейнеленді. Туған жері
де беймәлім. Оның туып өскен қаласы деген атаққа Смирна, Хиос, Колофон,
Саламин, Родос, Аргос және Афина сынды жеті қала таласты.
Гомер (Homeros) – легендарный древнегреческий поэт-сказитель, праро-
дитель греческой и европейской литературы, образец для всей эпохи антич-
ности. Его имя связано с древнейшим литературным жанром греков, героиче-
ским эпосом, особенно с «Илиадой» и «Одиссеей». Уже в древности о личности
и времени жизни Гомера достоверных сведений не имелось. Он изображался в
виде слепого старца. Место рождения Гомера неизвестно. За право называться
его родиной боролись семь городов: Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос,
Аргос, Афины.
2
Солунилік Евстафий (Фессалоникийлік) (шамамен 1110–1198) –
Фессалоникийлік архиепископ, Гомер шығармаларына жазылған әйгілі
түсініктердің авторы.
Евстафий Солунский (Фессалоникийский) (ок. 1110–1198) – архиепископ
Фессалоникийский, автор знаменитого комментария к Гомеру.
369
басындағы қараторғайдай қаптайды екен. Июн [маусым] біте
бұршақ мүшеліндегі тонын тастап, көбелек мүшеліне жетіп
ұшады екен. Осы жұлдыз-құрттың бәрі тегіс көбелек бо-
лып ұшқанда, бұлттай аспанды қаптап күннің көзін жабар
еді, боғымен жүрген жерінде дүниені де былғар еді. Боғы тап
қатқан қан тамшыдай болған соң, надан ел осыны «қан жау-
ын таңбасы, керемет» деп, жөн ескінің иесі осы күнде шығады
да тұрады: нәрседегі қызыл кір таңба теңбілді «қан жауын»,
сары кір таңба теңбілді «күкірт жауын» деп келеді. Қан жауын
жел алып алысқа алып кеткен қызыл тозаңнан, сары жауын –
қарағай гүлінің насыбайдай ерлік ұрығынан болады. Көбелек
боғымен бояған қан жауын сирек болады.
Қан жауының не екені жаңада ғана, жүз жыл ішінде
айқындала бастады. 14 мартта [наурызда] 1813-інші жылы
Италияда Неаполь аймағына қан жауады. Екі күн ұдайымен
шығыстан жел соғады. Теңізден қоп-қою қара бұлт шығып омы-
раулатады. Түсте жел басылады. Бұлт тауды, тасты, аймақты
бүркеп, күнді тасалап ақ-қызғылттан оттай қызылға айналады.
Сағат төртте қалада түн болып, ел үйге жарық жағады.
Ел күндізгі қараңғы түннен, бұлттың түрінен шошып кетіп
шіркеуге, тоғытқан қойдай, топырлап намазға жығылады. Аспан
қызған темір түріне түседі, нажағай ойнап, күн күркірейді.
Дауылдағы теңіз толқыны қалада естіледі. Елден үрей ұшады.
Сонда біреу «қан», біреу «қорытқан темір» деген жауын жауа-
ды. Түнде ауа тазарып, нажағай ойынын, күн күркіреуін қояды,
ел де тынышталады.
Осы жауыннан сұрғылт сары ен қалады. Үлкейтіп көрсететін
«лупа» деген шынымен қараса, кішкентай, мыстың егеу алған
жоңқасындай заттар болады. Отқа салса, әуелі баран тартады,
қараяды, одан барып қызарады. Тап отқа салып қыздырғандағы
темір, мыстың құбылыс-өзгерісі суреттеледі. Бұл жазылып
отырған қан жауын қалдығының ішінде қағаздай жұқа, жыл-
тыр жоңқашық құралсыз көзге де ілінеді.
Білім иелері осы қан жауын қалдығын химия тезіне салып
жіберсе, бұлар темір, мыс, тағы да осылардың туысқандарынан
құралған тозаң болып табылады. Бұл тозаң қайдан келді?
370
1846-ншы жылы 16-ншы майда [мамырда] тағы да осындай
қан жауын Сиамда (Америка) жауады. Осы жауынның дауылы
Атлант теңізімен [мұхитымен] ұлы теңізде, Италияда, Фран-
сияда, Түрікте соғады. Талай кеме ойрандалады, дауыл кемені
мамықтай ұшырады. Бұл дауыл борпылдақ шаңдақ жердің
топырағын қардай боратып іліп алып, қиырға көшіріп кетеді.
Осы топырақ Америкадан ұшып, Атлант теңізінен [мұхитынан]
өтіп Франсияның Саскелегінде қан жауын қалдығы болып
қалады. Ел қан жауды дейді. Жорықта кетіп бара жатқан бір
қол әскердің киімі қан жауыннан сап-сарыала болады, қырып
жуып киімдерін әзер тазартып алады. Шамание қорғаны
қожалақ-қожалақ болып танылмай қалады. Палансе қаласында
су ағатын түтіктер, арықтар бекіліп қалады. Пурне деген білім
иесі жалғыз ғана Дром аймағына қан жауын әкеліп тастаған
тозаң төрттен ат жегетін арбамен жүз сексен арба екен деп,
есептен шығарады. Осы қан жауын әкеліп Франсияда төккен
тозаң қалдықты білім тезіне салып сынаған білім иесі ер Эн-
бер [?] тозаңнан Түстік Америка жайлаған жәндіктің 73 түрлі
қалдығын табады. Сөйтіп, тозаң Түстік Америка құлыны бо-
лып табылады. Осы тозаңды Америкадан Франсияға әкелген
дауыл 17-нші өктәбірде [қазанда] Америкадан шығып, 21-інде
Франсияға келген, сағатына 68 километр (15 километр – 14
шақырым) жүрген.
1847-нші жылы 31-інші мартта [наурызда] Шамбери
қаласының аймағында (Франция) сүттей ақ жауын жауады.
Қалдығынан ақ балшық тозаңы табылады. Тағы да сол жылы
Сенбернарға (Франсия) құбыладан келген желмен ере келіп
қызыл қар жауады, қалыңдығы бірнеше елі болады. Қызыл
қарды тексеріп жіберсе, қызыл топырақтың тозаңымен боялған
болады. Осы қызыл қар жауғандағы дауыл Еуропада, Амери-
када болды, күші сондай: бір қалада ішінде күзетші тұрған
күркені 3 метр жоғары көтеріп әкетті.
1862-нші жылы 27-нші мартта [наурызда] жауған тозаң жа-
уын қандай қызыл болып, надан елді қан жауып әніне түсіріп,
371
сар тозаң қалдық тастап кетті. Ер Энбер осы тозаң қалдығынан
44 түрлі жануар мен өсімдік жұрнағын табады.
Енді қан жауын неден болады? Дәлелді тежейік те әңгіменің
іргесіне тоқтайық:
1) Қан жауғаны рас;
2) Қан жауын – жел әкелген тозаңнан болады, дауылға алыс
жер жоқ;
3) Қан жауын сирек жаумайды.
4) 1803–1887-нші жылдардың ғана арасында 25 қызыл, сары
жауын жауған.
Көбінесе жазғытұрғы, күзді күнгі күн мен түн теңелген
уақыттың дауылы қан жауынды ала жүреді.
Қан жауынның қызыл болатыны қызыл тозаңнан, сары жа-
уын көбінесе қарағай гүлінің насыбайдай ерлік ұрығынан.
1824–1828-інші жылдарда Иранда таң қаларлық бір жа-
уын жауып, қалдығы неше елі болып жерді басады. Мұны ел,
әсіресе қой қысқы жусандай сүйіп жейді. Адам нан да пісірмек
болады. Білім тексере келе, осы жауын қалдығы біздің қынаның
бір атасының ұлы болып шығады.
Ыстық-суық, жел, тыныштық, ашық-жарық күн райын
бағатын білім – метеорология – бидай, сұлы, жапырақ, гүл
жауғанын да біледі. Бұлар да дауылмен ілесіп алыстан келіп
жауады ғой.
1833-інші жылы 8 июлде [маусымда] құбын екі кебеже
апельсинді (үлкендігі сақа айғырдың тезегіндей, алманың
ағайыны, жеміс) алып кетіп, көп жердегі терезеде қарап отырған
қыздың алдына апельсин жауған. Өрмекші мен бақа жауғаннан
қызға бұл апельсин жауын сұлу да да, сүйкімді де көрінген.
Міне бақа жауынға келейік. Біздің қазақ көбелек, қоңыз,
өрмекші, кене жауады дейді. Осының бәрі де рас.
1835-інші жылы Қам қаласында метеоролог Пелтсенің өз ба-
сына бақа жауған. Құйын бақаны судан көтеріп әкетіп Пелтсе
басына тастай берген.
1869-ншы жылы 29–30 түні януарда [қаңтарда] Италия-
да қармен аралас тірі жұлдыз-құрт жауады. Бұл Франсияның
372
түсінген шыбындай болып көп жайлайтын, латын тілінде
«тоғолита муртаника» дейтін көбелектің баласы. Бұл жұлдыз-
құрт мүшеліне феуралда [ақпанда] жетіп, Кіндік Түстік Фран-
цияны жайлайды.
Жауған жерінің салбыраған желбау 5-пен өлшегеніндегі
биіктігі 1–2 километр. Бұған жұлдыз-құрт дауыл, құйын аты-
на мініп қана жетіскен. Осы жұлдыз-құрт алып келген қарда
қиямет қайым дауылмен келіп жауған.
1854-інші жылы ноябрде [қарашада] Нурын [?] қаласының
алабына өлі, тірі неше ананың ұлы, жауған жерінде кездеспейтін,
жұлдыз-құрт жауған.
Ертедегі Плутарх,
Достарыңызбен бөлісу: |