Штамлер (Stammle), Рудольф – неміс заңгері әрі экономисі, 1856
жылы туған, Галле профессоры. «Theorie des anarchismus» (1894), «Wirtschaft
175
Қоғамдық ғылымдардың қарастыратыны не? – деп Штам-
лер сұрау қояды да: – Қоғам құбылыстарын қарастырады, – деп
жауап береді. Бұдан кейін Штамлер: – Қоғам құбылыстарында
басқа құбылыстарда болмайтын сыр бар, сондықтан бұларды
қарастыратын ғылымдар да болмақ; қоғам құбылыстарының
айы рымы – олар сыртқы әсерлерге бағынады, сыртқы
әсерлермен тәртіпке түседі (закон, қарар, бұйрық); бұл әсерлер
болмаса, қоғам да болмас еді; қоғам болған соң, оның тұрмысы
да белгілі қалыпта болу керек, – деп созады.
Қоғам құбылыстарының сыры олардың реттелуінде
болғандықтан, қоғам өміріндегі мөлшерлі заңға бағыну
мұратшылдық мөлшерлі заң, – дейді Штамлер.
Шындықта «реттейтін» кім? Нені «реттейді»? Адам
өзіне мұрат қояды, оған ұмтылады, мұратқа жету үшін
жасаған желісін реттейді. Бұдан келіп Штамлер қоғам мен
жаратылыстың айырымын шығарады. Жаратылыстағы өсім
мен қоғамдағы өсімнен айырым шығарады.
Қоғам туралы ғылым мен жаратылыс туралы ғылымды айы-
рады. Қоғамдық өмірге жаратылысты бүтіндей қарсы қояды.
Қоғамдық ғылымдар мұратшыл ғылымдар. Жараты-
лыс турал ғылымдар себепке, салдарға сүйенген ғылымдар.
Бұл көзқарас дұрыс па? Біріне бірі өте алыс тұрған екі түрлі
ғылымның барлығы дұрыс па? – Дұрыс емес. Дұрыс еместігін
төменде көрсетпекпіз.
Адам баласының түрлі закондерге сүйеніп, қатынастарын
реттейтініне біз де көнелік. Бірақ неліктен адам бір жерде бір
уақытта араларын бір түрлі, екінші жерде екінші уақытта екінші
түрлі реттейді? – деп сұрай алмаймыз. Мысал. Германиядағы
байшыл республика «реттеу» үшін 1919–1920-сыншы жылдар-
да жұмысшыларды ата бастады. Ресейдегі Кеңесті республика-
да да қоғам қатынастарын реттеу үшін капиталшыларды атты.
Капиталшы мемлекеттер капиталды нығайтуды мұрат етеді.
Жалшылар республикасы капитал тұрмысын құлату үшін
und Recht nach der materialistischen Geschichtsauffassung», «Recht der
Schuldverhaltnisse» (1897). «Шаруашылық және құқық» атты шығармасында
Штамлер шаруашылықты әлеуметтік өмірдің материясы, құқықты оның фор-
масы деп белгілейді.
«Малый энциклопедический словарь» Брокгауза и Ефрона.
176
заң шығарады, еңбек мемлекетін орнатуды мұрат етеді. Бұл
оқиғаларды ғылымға сүйеп түсіндірген уақытта екі мемлекеттің
мұраттары екі түрлі деп қойсақ, түсіндіруіміз жеткілікті бола
ма? Бұл дәлелдеріміздің жеткіліксіздігі әркімге-ақ түсінікті
болмақ. Неге десеңіз: бұл жерде адам[ның] бір ретте бір мұрат,
екінші ретте екінші мұрат қойғаны несі? – деген сұрау өзінен өзі
туады. Бұл сұрауға: Бір ретте өкімет басындағы байлар, екінші
ретте жалшылар; байлар тұрмысы бір тілек тілетеді, жарлылар
тұрмысы екінші тілек тілетеді, – деген жауап та өзінен өзі туады.
Қысқасы, қоғам құбылысын талдап, түсінуге кірсек, «неге?»
деген сұрауға соқтығамыз, яғни құбылыстың себебін сұраймыз.
Олай болса, адам көріне барлығын реттесе де, қоғамдағы
жұмыстың барлығы адамның тілеуінше жасалса да,
құбылыстарды түсіндіру үшін сонда да себептерін тексеру ке-
рек, мұратын тексеру керек емес, себеп байлауларын табу ке-
рек. Сондықтан қоғамдық ғылымдар мен жаратылыс туралы
ғылымдардың арасында түк өзгелік жоқ, айырым жоқ.
Дұрыстап ойласақ, басқа жолдың жоқтығы түсінікті.
Дұрысында, адам қоғамы, адам жаратылыстың бір кішкентай
мүшесі емес пе? Адам ұлы мақұлықтың бір түрі емес пе? Бұған
түсінбеген адам мұрнына бүгінгі ғылымның иісі келмеген адам
емес пе? Жаратылыстың кішкентай бөлшегі – адам қоғамы.
Егерде адам, адам қоғамы жаратылыстың бөлшегі бола тұрып
жаратылыстан бүтіндей өзге болса, бұл аса түсініксіз болады.
Бұл жерден адам мен жаратылысты бөлетін мұратшылдардың
адам, адам баласын құдайға құл етіп шығарғысы келетіні айқын
көрініп тұр.
Сөйтіп, қоғамның негізгі айырмасы «реттеу» бола қалған
күнде де, мұратшылдардың қиялының қысыр, мағынасыз
қиял екені айқын. Олай болса, мұратшылдық түкке аспай-
тын жол. «Сыртқы реттеу» дұрысында қоғамға толық айы-
рым әлеумет бола алмайды. Бүгінге дейін болған адам қоғамы,
әсіресе капиталдық қоғам ешбір ретті болып көрген жоқ.
Болашақ коммуналық қоғам да болмай ма? – Болмайды.
Жақсы тәрбиеленген, түсінген, келіспен еңбек жасаған болашақ
177
қоғамның мүшелеріне ешбір «реттеу», заң-закон керек емес.
Бұл реттен де мұратшыл Штамлердің пікірі түкке аспайды.
Солай болса, қоғам өмірін ғылым қарауылынан дұрыс тал-
дап, түсіндіретін жалғыз жол себеп арқылы шешетін жол, се-
бепке қол артқан жол. «Реттеу» деп Штамлердің қол артқаны
мемлекеттің заң-законы. Мемлекет деген нәрсенің уақытша
нәрсе екенін ешкім таласпайды.
Олай болса, терең пәлсәпәда [философияда] уақытша нәрсеге
қол арту ғылым жолы емес. Екінші жағынан, мемлекеттердің
«реттеулері» көбіне қойған мақсұтына жеткізбейді. Мәселен,
әскер жинап соғысқа дайындалған капиталшы мемлекеттің
қойған мақсаты – тұрмысын бекіту [нығайту], пайдасын
көбейту еді. Оның орнына жалшылар табының тартысы, жеңуі,
капитал дүниесін қирату шығып отыр. Бұл рет Штамлердің
соқырлығына дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: |