кәсіпті
жайлап жұтады; жалшылар табы капиталға шабуыл
жасаса, капиталшыл түрлі айламен бас сақтайды; жасау жемісі
өссе, баға төмендейді;
адам қанына мөлшерлі у құйса, адам
өледі; тағы осы сияқтылар.
Қысқасы, әрбір себептің законы мынадай түрге бағынады:
егер пәлендей құбылыстар болса, дерегінде төлендей басқа
құбылыстар болады. Бір құбылыстың себебін тауып түсіндіру
– бұл құбылысқа себеп екінші бір құбылысты табу. Яғни,
құбылыстардың себептік байламдарын табу.
Бұл байлам та-
былмай тұрғанда, құбылысты түсініп болмайды. Бұл құбылыс
табылғанда, дұрыстығы тексерілгенде, баяндылығы тексеріліп
анықталғанда – біз ғылымдық (себептік,
ғылым тілімен
айтқанда – «каузалдық» – ?) түсінісін табамыз. Бұл түсінісін жа-
ратылыс құбылыстарында да, қоғам өміріндегі құбылыстарда
да ғылымдық дұрыс түсініс. Бұл түсініс түрлі
кереметті істен
шығарады. Түрлі ескі, шірік жолдар адамның, жаратылыстың
күштеріне қожа болуына, өзінің қоғамдық күшімен пайдалану-
ына бөгет бола алмай, серпіліп жол ашады.
«Закон солай бұйырады» деген сөз «күн шықты» деген
сияқты (бір шақта адам күн шығады деп те ойлаған ғой) әдет.
Себеп пен салдардан бөтен түк жоқ.
(Жалғасы бар)
V.
«Қызыл Қазақстан» журналы,
1925 жыл, № 2(38), 23–25 бет.