Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Себептік заң деген немене? Бұл керекті, дәйім, әр



Pdf көрінісі
бет67/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150
«Себептік заң деген немене? Бұл керекті, дәйім, әр 
орында болатын құбылыстардың байламы: егерде, 
мысалы, заттың жылуы көбейсе, көлемі де көбейеді; 
сұйық нәрсені ысытса, буға айналады; қағаз ақшаны 
керегінен артық жасап шығарса, бағасы кемиді; 
капиталшылық дәуірінде уақыт-уақыт соғыс бо-
лып тұрады; уалаятта ірі кәсіп те, ұсақ кәсіп те 
болса, ірі кәсіп ұсақ кәсіпті жайлап жұтады; жалшы-
лар табы капиталға шабуыл жасаса, капиталшыл 
түрлі айламен бас сақтайды; жасау жемісі өссе, баға 
төмендейді; адам қанына мөлшерлі у құйса, адам 
өледі; тағы осы сияқтылар».
Н. И. Бухариннен


173
«Қызыл Қазақстан» журналының 1925 жылғы № 2(38) саны
№2 (38) журнала «Қызыл Қазақстан» («Красный Казахстан») за 1925 год


174
ТАРИХИ ЗАТШЫЛДЫҚ ҚИСЫНЫНАН
1
§ 1. Қоғамдық ғылымдардағы мұратшылдық
Мұратшылдықты адамнан басқа мақұлықтардың я зат-
тардың өмірінде қарасақ, мағынасыздығы айқын. Жоқ. Табыл-
майды. Мұрат жоқ болған соң, мұратшыл мөлшер заңы да 
болмақ емес.
Мұратшылдықты адам қоғамынан іздеген уақытта ма ғы-
насыздығы, жоқтығы айқын көзге түспейді. Мұнда кейбір 
қиындық бар. Ойланыңқырауға тура келеді. Тастың ешбір 
мұраты болмайды. Тағы құланда мұрат бола ма, болмай ма? 
Адам өзіне мұрат қояды. Маркс бұл туралы былай жазған: 
«Өрмекшінің өрмек тоқуы мата тоқуышының жұмысына ұқсас. 
Ара ұя салғанда адам-инженерден әдемілігін арттырады. Бірақ, 
ең жаман үй салушы шебер мен ең жақсы ұя салғыш арада 
айырым бар: үй салушының ойына үй салмастан бұрын үйді 
қалау салудың жобасы, желісі болады; жұмыстың нәтижесі 
жұмыс бас талмастан бұрынғы жұмыс туралы ойдың жүзеге 
шығуы болады. Үй салушы жаратылысқа өзгеріс ендіргеннің 
үстіне, ол жаратылыста өзінің ойын, мұратын орындайды, 
мұратын түсінеді; мұраты оның да тәжірибесіне, жұмысының 
түріне, тетігіне әсер береді; мұратына үй салушының еркі 
бағынады. Бұл бағыну жеке оқиға емес. Жұмыс жасайтын 
мүшелерін жұмсаудың үстіне мөлшерлі заңға бағынған ерік ке-
рек. Жұмысқа зейін салу керек».
Бұл жерде Маркс адам мен басқалардың арасындағы айы-
рымды көрсетеді. Бұл дұрыс па? – Дұрыс. Неге десеңіз: адамның 
алдына мұрат қоятыны даусыз. Бұл айтылғаннан қоғамдық 
ғылымда да мұратшылдық бар деушілер не шығаратынына 
қаралық.
Бұл үшін бізге қарсылардың ең күштісі, неміс философы 
Штамлердің
2
пікірін алайық.

Басы өткен санда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет