Белоктардың конформациялық лабилділігі — бұл белоктардың бір әлсіз байланыстарының үзілуі есебінен екінші байланыстардың түзілуі нәтижесінде пайда болады
Белоктардың конформациялық лабилділігі — бұл белоктардың бір әлсіз байланыстарының үзілуі есебінен екінші байланыстардың түзілуі нәтижесінде пайда болады.
Глобуланың бетінде лиганда деп аталатын басқа молекулаларды өзіне қосылдыратын бөлік болады. Лигандаларға келесі заттарды мысал ретінде келтіруге болады:
фермент белоктың лигандасы – субстрат, тасымалдаушы белоктың лигандасы – тасымалдаушы зат, антиденелердің (иммуноглобулиндердің) лигандасы – антиген, гормон немесе нейромедиаторлар рецепторларының лигандасы – гормон немесе нейромедиатор.
Комплементарлылық – бұл әсерлесуші беттердің кеңістіктік және химиялық сәйкестігі. Белоктардың қызметінің негізінде олардың лигандалармен спецификалық әсерлесуі жатқызылады. Уникальды бірінші реттік құрылымдағы 50000-дай индивидуальды белоктарда
тек спецификалық лигандалармен байланысуға қабілетті уникальды активті орталықтар қалыптасады және активті орталықтың
құрылысының ерекшелігіне байланысты олар өзіне тән қызметтерді атқарады.
Ұзын полипептидтік тізбектер жиі түрде, салыстырмалы түрде тәуелсіз, компактілі бірнеше тәуелсіз бөліктерге ықшамдалады. Олар
глобулалық белоктардағыдай өзіндік үшінші реттік құрылымда болады және домендер деп аталады. Домендік құрылымға
байланысты белоктар үш өлшемдік құрылымды жеңіл қалыптастырады.
Көптеген белоктардың құрамында бірнеше
полипептидтік тізбектер болады. Бұл белоктарды олигомерлік белоктар, ал олардың жеке тізбектерін протомерлер деп атайды. Олигомерлік белоктардағы протомерлер бір-бірімен көптеген әлсіз, ковалентсіз
байланыстармен (гидрофобтық, иондық, сутектік) байланысады. Протомердің өзара әсерлесуі олардың жанасушы беттерінің комплементарлылығы бойынша атқарылады.
Белоктағы протомердің саны әртүрлі: аспартаттранскарбомилаза ферментінің құрамында 12 протомер, темекі мозайкасының вирусында
ковалентті байланысқан 2120 протомер болады. Сондықтан, төртінші реттік құрылымдағы белоктардың молекулалық массасыөте үокен бола алады.
Олардағы әрбір протомер басқа
протомерлері үшін лиганда қызметін атқарады.