Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата15.03.2017
өлшемі8,02 Mb.
#9365
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
материализмнiң  барлық  қағидалары  криминалистикада  өзiнше  байқалып 
отырады. Мәселен, материяның кескiнделу мүмкiндiгiнiң, құбылыстардың өзара 
байланысының,  материяның  бiртұтас  қозғалысының,  материалдық  дүниедегi 
объектiлердiң  даралығының  және  т.б.  ерекше  мағынасы  бар.  Танымның 
жалпылама әдiстерiне, екiншi тiркестi құрастыратын қылмысты тергеу, ашу және 
алдын алу шеңберiндегi тәжiрибелiк қызмет пен криминалистика ғылымының 
жалпы  (жалпы  ғылыми)  әдiстерi  негiзделген.  Әдiстердiң  үшiншi  тiркесiне  ар-
найы әдiстердi жатқызуға болады [2].
Жалпы (жалпы ғылыми) әдiс деп нақтылы құбылыстар, объектiлер және 
фактiлердi  зерттеуде  қолданылатын  тәсiлдер,  ережелер,  нұсқаулар  жүйесiн 
айтады.  Жалпы  әдiстер  барлық  ғылымдарда  қолданыла  отырып,  олардың 
әрқайсысында  өзiне  тәндiлiгiн  көрсетедi.  Жалпы  әдiстер  қатарына  бақылау, 
өлшеу, суреттеу, салыстыру, эксперимент, моделирование және математикалық 
әдiстер жатады.
Арнайы әдiстер жалпы әдiстерге қарағанда бiр немесе бiрнеше ғылымдар-
да қолданылады. Олардың екi түрi болады: 
– өзiндiк криминалистикалық (техникалық-криминалистiк және құрылы-
мы бойынша криминалистикалық); 
–  криминалистикамен  басқа  ғылымдардан  алынған  әдiстер  (физикалық, 
химиялық,  социологиялық,  статистикалық,  кибернетикалық,  антропологиялық 
және т.б.).
Жоғарыда аталып өткен әдiстерге баға беру критериялары – ғылымдылық, 
тиiмдiлiк, берiктiлiк, қауiпсiздiк, қажеттiлiк және т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1.  Абуов  А.ғ.  Криминалистика  негіздері  /  А.ғ.  Абуов.  –  Алматы:  Жеті  жарғы, 
2004.
2. Аверьянов Т.В. Криминалистика / Т.В. Аверьянов, [и др.]. – М., 2000.
3. Андреев И.С. Криминалистика: учеб. пособие / И.С. Андреев, Т.И. Грамович, 
Н.И. Порубов. – Минск: Высш. шк., 1997.
4. Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика: оқу-әдістемелік құрал / 
М.А. Арыстанбеков, А.О. Шакенов. – қарағанды, 2003.
5. Белкин Р.С. Криминалистика / Р.С. Белкин. – М., 1987. 
6. Бычкова С.Ф. Следственные действия: краткий комментарий к УПК Республи-
ки Казахстан / С.Ф. Бычкова, А.Я. Гинзбург. – Алматы: ТОО «Аян Әдет», 1998.
7. Гинзбург А.Я. Криминалистическая тактика: учебник / А.Я. Гинзбург, А.Р. Бел-
кин. – Алматы, 1998.
8. Жәкішев Е.ғ. Криминалистік тактика / Е.ғ. Жәкішев. – Алматы, 1997.
9.  Исаев  А.А.  Криминалистика  және  сот  сараптамасы  сұлба  нысанында:  оқу 
құралы / А.А. Исаев, А.О. Шакенов. – Алматы, 2005.
10. Криминалистическая тактика / Под ред. В.П. Лаврова, Б.М. Нургалиева. – Ка-
Қ.Қ. Жазыкбаева

111
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
раганда, 1999.
11. Тілеубергенов Е. Криминалистика / Е. Тілеубергенов. – Алматы, 2002.
ӘОЖ 341.13(574)
Қ.Қ. Жазыкбаева, И.Е. Смайлова
С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, өскемен қ.
қАЗАқСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫң қЫЛМЫСТЫқ іС ЖҮРГіЗУ 
ПРОЦЕСіНДЕГі АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДің МӘНі, МіНДЕТТЕРі, МАқСАТЫ
Мақалада автор Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу процесін­
дегі алдын ала тергеудің мәні, міндеттері, мақсатын қарастырады.
В данной статье автор рассматривает цели, задачи и особенности стадии пред-
варительного следствия в уголовном процессе Республики Казахстан. 
In this article the author considers the concern, tasks and specifics of a process of pre-
paratory inquest in criminal action of the Republic of Kazakhstan.
қіЖқ-ның 191-бабына сәйкес алдын ала тергеудi КіЖқ-ның 33-бабының 
бiрiншi  бөлiгiнде  және  285-бабында  көрсетiлген  қылмыстар  туралы  iстердi 
қоспағанда, барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi [1]. 
Алдын ала тергеудi кәмелетке толмағандар немесе өздерiнiң дене немесе 
ақыл-ой кемiстiктерiне байланысты өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзе- 
ге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық iстер 
бойынша жүргiзу мiндеттi. 
қылмыстық  iстер  бойынша  алдын  ала  тергеудi  Ұлттық  қауiпсiздiк 
комитетiнiң,  iшкi  iстер  және  қаржы  полициясы  органдарының  тергеушiлерi 
жүргiзедi. 
қылмыстық  iстердi  тергелуi  бойынша  бiр  органнан  екiншi  органға  беру 
қіЖқ-ға сәйкес жүргiзiледi.
Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кей-
iн ғана жүргiзiледi. 
Тергеушi өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс бойынша тергеуге дереу 
кiрiсуге мiндеттi. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдағаны туралы тергеушi қаулы 
шығарады.  Егер  қылмыстық  iстi  тергеушi  қозғаса  және  өзiнiң  iс  жүргiзуiне 
қабылдаса, онда қылмыстық iстi қозғау және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау 
туралы бiрыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшiрме ле-

112
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
рiн тергеушi жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбередi [2].
Алдын ала тергеу – мерзімі және жинақталған құжаттардың саны бойынша 
қылмыстық-процессуалдық  әрекеттің  ең  үлкен  бөлігі.  Дәл  осы  сатыда,  сот 
алдында  қылмыстық  процестің  мақсаттары  шешіледі.  Алдын  ала  тергеудің 
(тергеудің және анықтаудың) түсінігі заң бойынша әдебиеттерде пікірталастық 
санына  жатпайды  және  мәні  бойынша  бірдей  анықталады.  Алдын  ала  тергеу 
деген  қылмыстық  процестің  өзінің  өзгеше  мақсаттары  және  шекаралары, 
сатыларының бірі деп түсіндіріледі.
қіЖқ-ның  7-бабының  16-тармағында  «алдын  ала  тергеу»  («алдын  ала 
iздестiру») – уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде 
iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған 
адамдарды  қылмыстық  жауапқа  тарту  жөнiндегi  сотқа  дейiнгi  қызметiнiң  iс 
жүргiзу нысаны делінген.
Н.В. Жогин және Ф.Н. Фаткуллиннің жазуы бойынша, «алдын ала тергеу 
дегенді  кеңестік  қылмыстық  процестің  сатыларының  бірі  түсіндіріледі.  Сот 
өндірісінің осы сатысы қозғалған қылмыстық істі тергеушінің немесе анықтау 
органының  өндірісіне  қабылдаудан  басталып,  осы  іс  бойынша  айыптауыш 
қортындысын  бекітумен  немесе  қылмыстық  істің  тоқталуымен  (әрекет 
қабілетсіздер жөнінде – құжаттарды, мәжбүрлі емдеу шараларды қолдану үшін, 
сотқа тапсырумен) аяқталады». Соның өзінде, «алдын ала тергеу» және «алдын 
ала  тергеу  сатысы»  деген  түсініктер  арасында  ешқандай  айырмашылықтар 
байқалмайды [3].
Бірақ осы мәселелерді шешуде жалпы әдіспен бірге, алдын ала тергеудің 
бастапқы  және  аяқталу  кезеңдерін  және  оның  құрылымын  анықтауда 
қайшылықтар байқалады.
С.П.  Ефимичевтің  жазуы  бойынша,  «алдын  ала  тергеуді  жүйе  ретінде 
қарастыру барысында, оның тәуелсіз бөліктерін айырып шығаруға болады..:
– істі өзінің өндірісіне қабылдау туралы шешімі; 
–  қылмыстың  оқиғасының  және  қылмыстың  құрамының  болуына  және 
нақты тұлғаның кінәлілігін дәлелдеуіне бағытталған, тергеу және процессуалдық 
әрекеттердің жиынтығын өткізуі;
– айыпталушы ретінде тұлғаны қатыстыру туралы мәселені шешуі, айыпты 
қою және айыпталушыдан жауап алу; 
– бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу; 
–  айыпталушының  жауаптарын  тексеруіне  және  іс  бойынша  мағыналы, 
барлық  фактілік  жағдайларды  ақырғы  анықтауына  бағытталған,  тергеу  және 
процессуалдық әрекеттердің жиынтығын өткізуі; 
–  тергеуді  аяқталуы  туралы  шешімін  қабылдау  және  тергеу  өндірісті 
таныстыру  үшін  процестің  қатысушыларына  ұсыну;  алдын  ала  тергеудің 
Қ.Қ. Жазыкбаева, И.Е. Смайлова

113
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
аяқталуын процессуалдық рәсімдеуі; 
– процеске қатысушылардың қолдаухаттарын шешу және қосымша тергеуді 
өткізу; 
–  істі  прокурормен  қарастыру,  ол  бойынша  шешімді  қабылдау  және  істі 
сотқа жіберу».
А.С. Кобликовтің редакциясынан шыққан «Советский уголовный процесс» 
оқулығында,  «алдын  ала  тергеу  және  анықтау  қылмыстық  процестің  дербес 
сатысын құрайды» деп айтылады. іс бойынша алдын ала тергеудің жүйесі келесі 
сатылардан тұрады:
– қылмыстық істі тергеушімен өзінің өндірісіне қабылдау;
–  әрекеттің  қоғамға  қауіптілігінің  бар  болуын  немесе  болмауын,  осы 
әрекетті жасаған тұлғаның кінәлілігін және істің дұрыс шешілуіне маңызы бар 
басқа  жағдайларын  анықтау  мақсатымен  дәлелдемелерді  жинау  және  тексеру 
бойынша тергеу әрекеттерді өткізу;
–  тұлғаны  айыпталушы  ретінде  қатыстыруы,  айыпты  қою  және 
айыпталушыдан жауап алу;
–  айыпталушының  түсініктерін  тексеру  және  дәлдеу,  оған  қоса,  істің 
дұрыс шешілуіне маңызы бар барлық жағдайларын жан-жақты, толық және әділ 
зерттеу мақсатымен дәлелдемелерді жинау бойынша тергеу әрекеттерін өткізуін 
жалғастыруы;
–  қылмыстық  процесстің  қатысушыларын  істің  мәліметтерімен  таныс-
тыру;
– айыпталу қортындысын құрастыру.
Аталған әрекетшілдік заңдылық процестің қатысушыларының және басқа 
іс бойынша өндіріске қатысатын тұлғалардың құқытарын және заңды мүдделе-
рін қорғау жағдайларында өтуі міндетті [4].
қылмысты  жедел,  толық  және  әділ  тергеуі  қылмыстық  заңды  дұрыс 
қолдануды  қамтамасыздандырады  да,  осыған  қоса  айыпталушы  ретінде 
қылмысты жасамаған тұлғаны қатыстыру мүмкіндігін болдырмайды.
Тергеудің алдын ала деп аталынуының себебі, ол, соттық тергеу өткізілетін 
соттағы  өндірістен  бұрын  өтетіні.  Анықтау  органдарымен  және  тергеушімен 
қылмыс болғаны және оны жасаған тұлға туралы шығарылған қортындылары, 
сот  үшін  –  сотта  жан-жақты  тексеруіне  жататын  айыптаушының  нұсқасы. 
қылмыс жасалғанда тұлғаға «кінәлі» деген үкімді шығаруда тек қана сот құқық-
ты (қазақстан Республикасының 77-ші бабы). Сонда сот үкімді тек қана соттық 
мәжілісінде  қарастырылған  болған  дәлелдемелерде  негіздейді  (қР  қіЖК-нің  
369-шы баптың 3-ші бөлігі). Бірақ заңмен қатаң сәйкестігінде өткізілген алдын 
ала тергеуі соттық мәжілісінде істің жағдайларын жан-жақты, толық және әді-
летті зерттеуін, заңды және негізделген үкімін шығаруын қамтамасыздандыра-

114
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
тын фактордың рөлін атқарады [5].
Алдын  ала  тергеу  сатысында  дәлелдеуге  жататын  барлық  жағдайларды 
анықтаусыз, сотта қылмыстық істі, жалпы ереже бойынша, қарастыру мүмкін 
емес. Соттық билік ұйымының ерекшеліктерінің себебінен, сот, белсенді және 
мақсаттылықпен,  дәлелдемелерді  жинаумен,  қылмысты  жасаған  тұлғаларды 
әшкерелеумен  айналыса  алмайды.  қажетті  алғышарттар
 
алдын  ала  тергеуді 
өткізу барысында құрылады.
Осы сатының атауының өзі – «алдын ала тергеу», болашақта іс бойынша, 
соттық талқылау түрінде, ол үшін алдын ала тергеудің қортындылары алдын ала 
мінезді болатын, аяқталушы өндіріс болу тиіс туралы хабарлайды.
Осымен  бір  сәтте,  алдын  ала  тергеу  қылмыстық  процесінде  маңызды 
рөлін ойнады. Дәл осы сатыда жасалынған қылмыс жағдайлар, оларды жасаған 
кінәлі тұлғалардың анықталуы өтеді, қылмыстық істер бойынша кейінгі соттық 
талқылаудың шектері анықталады.
Осы  сатының  мәнін  түсінуге  көмектесетін  алдын  ала  тергеудің  ерекше 
кескіндері:
– прокурор, тергеуші, анықтау органдары әрекеттерінің қылмысты ашуына, 
оны  жасаған  тұлғаны  анықтауына,  іс  бойынша  қолданылатын  шешімдерін 
дәлелдейтін дәлелдемелерін табуына және тексеруіне бағытталуы;
– процессуалдық әрекеттердің қылмыстық-процессуалдық нормаларымен 
реттелуі  және  оны  тергеушінің  немесе  анықтау  органының  қызыметкерінің 
осыдан  тыс  кез  келген  әрекеттері  құқықтық  нәтижеліктерін  туғызбайтын, 
анықталынған процессуалдық нысанында іске асыруы;
– іске қатысы бар фактілік мәліметтерін тек қана жинап, тексермей, осыған 
қоса  алынған  мәліметтерді  бекітеді  (рәсімдейді)  оларға  құқықты  мағынасын 
беретін,  тергеушінің  және  анықтау  органының  қызыметкерінің  танымдық, 
зерттеулік бағытталуы және куәландыру сипаты [6].
Алдын ала тергеу сатысының тәуелсіз сипаты және өзінің мақсаттары бар, 
оның қатарына келесілер кіреді:
– жасалынған қылмыстың тез және толық ашылуы;
– кінәліні ашуы және оны айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкерші-
лікке қатыстыруы (қылмыстық қуғынды іске асыруы);
– қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды өтеуіне шараларды қолдануы;
– қылмыстың себептерін және оны жасауына жағдай жасаған жағдайла рын 
анықтау, оларды жоюына шараларды қолдануы.
қылмыстың  ашылуы  дегенді,  қылмысты  жасаған  тұлғаны  анықтау  және 
осы жағдайды процессуалдық актіде (ұстап алу хаттамасында немесе бұлтарт-
пау шараны таңдау туралы қаулысында; тұлғаны айыпталушы ретінде қатыстыру 
туралы  қаулысында;  айыптау  актісінде,  айыптау  қорытындысында)  бекітуді 
Қ.Қ. Жазыкбаева, И.Е. Смайлова

115
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
түсіну қажет [7]. қылмыс жасалғанда кінәліні ашу және жауапкершілікке тарту 
мақсаты туралы айтқанда, біріншіден, осы мақсатты орындаудың және қылмысты 
жасағанның жауапты болатын, жауапкершіліктің түрін және дәрежесін анықтау 
мақсатымен  органикалық  байланысына:  екіншіден,  осындай  жауапкершілік 
негізсіз орнаған жағдайларда, кінәсізді қорғау шараларын қолдануды тергеушінің 
және  анықтау  органы  қызыметкерінің  міндетіне,  яғни  осыған  заңды  негіздер 
анықталған кезде жауапкершілікке тартудан бас тартуға нұсқау қажет.
қылмыспен  келтірілген  мүліктік  зиянды  өтеуге  қолданылатын  шаралар 
жедел іздестіру және тергеу әрекеттерінің толық жиынтығынан тұрады, оларға 
мыналар кіреді:
– жоғалған құндылықтарды іздестіру;
– келтірілген зиянның көлемін және толық немесе бөлшекті жауапкерші-
лікті мойындауға міндетті тұлғалардың қатарын анықтау;
– өтеуге жататын, келтірілген зиян бөлігінің көлемін анықтау;
– келтірілген зиянды өтеудің көздерін анықтау;
– меншікке тыйым салу;
– меншіктің қорғауына шараларды қолдану;
–  азаматтық  талапкерді  мақұлдау  және  азаматтық  жауапкер  ретінде 
қатыстыру.
қылмыспен  тек  қана  мүлікке  зиян  келтірілмейді.  Әрбір  қылмыс  зиянды 
нәтижеліктерді  тартады:  әлеуметтік,  физикалық,  моральдік  және  мүліктік. 
Тергеуді  жүргізетін  органдардың  және  лауазымды  тұлғалардың  мақсаттарына 
қылмыспен  келтірілген  салдардың  барлық  түрлерін  анықтау  және  келтірілген 
зиянды өтеуіне мүмкін болатын шараларды қолдану кіреді. Зияндарының кейбір 
түрлерінің  мінезі  және  көлемі,  әрқашанда,  мүлікті  зиян  сияқты,  дәл  түрінде 
анықтала алынбайды, бірақ барлық оқиғаларда зиянды салдар жойылды және 
тергеу  органдары  осы  үшін  мүмкін  болатын  барлық  әрекеттерді  орындауға 
міндетті.
қазақстан  Республикасының  қылмыстық  процесінде  алдын  ала  тергеу 
сатысына қылмыстық істердің басымды үлесі келеді. Ерекшелікті тек қана жеке 
айыптау  істері  құрайды,  олардың  саны  маңызсыз  және  қоғамға  қауіптілігінің 
деңгейлері  шамалы  болады  (ауырлығы  шамалы).  Тергеуді  алдын  ала  деп 
атайтынның себебі, сатылардың бірі соттық тергеу болатын соттық талқылаудан 
бұрын  өтеді.  Тергеу  барысында  қабылданатын  шешімдер  (қылмыстық  істі 
тоқтату  туралы  шешімден  басқа),  аяқтау  емес,  алдын  ала  ерекше  болады  да, 
сотпен  соттық  тергеуде  міндетті  түрде  тексерілуге  жатады.  Осы  сатының 
өзі  соттық  инстанцияның  жұмысы  үшін  негізін  әзірлейді,  белгілі  мөлшерде 
соттық тергеудің шектерін алдын ала анықтайды, оның жемісті іске асырылуын 
қамтамасыздандырады. Алдын ала тергеудің мақсаттарына жету қылмыстық іс-
ЭКОНОМИКА И ПРАВО

116
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
тің келесі сатысына көшуі себеп болады, ал қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, 
осы сатымен қылмыстық сот өндірісінің аяқталуын белгілейді [8].
Алдын ала тергеу сатысының мағынасы:
осы саты қылмыстық істі қозғау сатысының логикалық жалғасы болады 
– 
және істі мәні бойынша қарастыру және шешу бойынша соттық әрекетшілдігінен 
бұрын өтеді;
тәуелсіз  саты  ретінде  оның  процессуалдық  әдістермен  құралдардың 
– 
қатаң анықталған жиынтығымен шешілетін өзінің ерекше мақсаттары бар;
алдын  ала  тергеуді  іске  асырудың  кепілінен  істің  соттық  шешілуінің 
– 
заңдылығы және уақытында болуы тәуелді;
істің соттық қарастырылуы алдын ала тергеусіз іске асырыла алынбай-
– 
ды [9].
Алдын  ала  тергеудің  мәні,  анықтау  нысанында  да,  алдын  ала  тергеудің 
формасында  да,  заңмен  орнатылған  тәртіпте,  осыған  уәкілді  мемлекеттік 
органымен  іс  бойынша  өндіріске  қатысатын  азаматтардың  құқықтарын  және 
бостандықтарын  қамтамасыздандыру  шарттарында,  тергелінетін  іс  бойынша 
қылмысты  ашуы,  кінәлі  тұлғаларды  әшкерлеуі,  негізделген,  әділді  және 
уақытында  болатын  шешімдерді  қабылдау,  келтірілген  мүліктік  зиянды  өтеуді 
қамтамасыздандыру, қылмыстардың алдын алу шаралары жөнінде, шаралардың 
жиынтығын іске асырылуында тұрады.
қылмыстық-процессуалдық  заңнамамен  орнатылған,  жалпықұқықтық 
принциптерден  басқа,  алдын  ала  тергеу  үшін,  гуманизм,  әділеттік  және 
демократизм сияқты, тергеу органдарының алдында тұратын мақсаттарды шешу 
барысында өзара қатынасатын, жалпыәлеуметтік принциптер тән деп белгілеуіміз 
жөн болады [10].
Гуманизм азаматтардың өміріне және денсаулығына, ар-намыстарына, жеке 
бостандықтарына  және  мүліктеріне  қарсы  қолсұғушылықтардан  азаматтарды 
қорғауда қамтамасыздандыруға арналған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Власов В.И. Расследования преступлений. Проблемы качества / В.И. Власов. – 
Саратов: СГУ, 1988. – С. 8.
2. Жогин Н.В. Проблемы предварительного следствия в уголовном судопроизвод-
стве / Н.В. Жогин [и др.]. – М., 1980. – С. 80.
3. Савицкий В.М. Теоретическая модель нового уголовно-процессуального регу-
лирования / В.М. Савицкий // Сов. государство и право. – 1990. – № 2. – С. 6-7.
4. Деришев Ю. Следственный судья в досудебном производстве / Ю. Деришев // 
Уголов. право. – 2004. – № 3. – С. 35.
5.  Смирнов  Д.В.  Об  исторической  форме  советского  уголовного  процесса  / 
А.В. Смирнов // Правоведение. – 1989. – № 5. – С. 33.
Қ.Қ. Жазыкбаева, И.Е. Смайлова

117
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
6.  Басков  В.И.  Протокольная  форма  досудебной  подготовки  материалов:  практ. 
пособие. юрид. лит. / В.И. Басков. – М., 1989. – С. 168.
7. Химичева Г.П. Досудебное производство по уголовным делам: концепция со-
вершенствования уголовно-процес суальной деятельности: монография / Г.П. Химиче-
ва. – М., 2003. – С. 233.
8. Михайленко А.Р. Возбуждение уголовного дела в советском уголовном процес-
се / А.Р. Михайленко. – Саратов, 1975. – С. 68.
9. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследования и применение мер про-
цессуального принуждения / А.Н. Ахпанов. – Караганда, 2000. – C. 123. 
10. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в Республике 
Казахстан: состояние, организация перспективы / М.Ч. Когамов. – Алматы: ТОО «Аян 
Эдет», 1998. – C. 45.
ӘОЖ 342.56(574)
Қ.Қ. Жазыкбаева, З.С. Еркінқызы
С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, өскемен қ. 
қАЗАқСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ ЖҮЙЕСіНің 
КОНСТИТУЦИЯЛЫқ-қҰқЫқТЫқ НЕГіЗДЕРі
Автор  сот  жүйесінің  ерекшеліктерін,  судьялардың  мәртебесін  және  олардың 
қызметін қарастырып, әрқайсысының мазмұнын ашып, бір­бірінен аражігін ажыра­
тып көрсеткен.
Автор в данной статье рассматривает особенности судебной системы, статус 
судей и их деятельность, раскрывает значение, а также отличие.
The author in this article considers features of judicial system, the status of judges and 
their activity, also opens judicial system’ value and difference.
Еліміздің  сот  жүйесі  туралы  жаңа  Конституциялық  заңында  заң 
шығарушылық,  аткарушылық  және  сот  билігі  тармақтарының  функциялары 
айқын жазылып қоймай, құқық қорғау жүйесін реформалаудың мәселелерді де 
шешімін тапқан [1].
қР  Конституциясының  75-бабына  және  «Сот  жүйесі  және  судьялардың 
мәртебесі  туралы»  қР  Конституциялық  заңының  3-бабына  сәйкес  қазақстан 
Республикасының  сот  жүйесін,  сот  билігін  жүзеге  асыру  бойынша  өзара 
белгіленген  заңдармен  өзара  байланысты  республиканың  Жоғарғы  Соты  мен 
жергілікті  соттар  кұрайды.  қандай  да  бір  атаулармен  арнаулы  және  төтенше 
ЭКОНОМИКА И ПРАВО

118
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
соттар  кұруға  жол  берілмейді.  Сот  жүйесі  туралы  Конституциялық  заңмен 
республикада  алқабилер  институты  белгіленді.  Бастапкы  кезеңде  жасалғаны 
үшін  қылмыстық  заңмен  өлім  жазасы  түріндегі  жаза  көзделген  аса  ауыр 
қылмыстар туралы істер алқабилерінің карауында болады. Одан әрі алқабилері-
нің соттылығына қылмыстық әрекеттердің басқа да санаттары жөніндегі істерді 
жатқызу жоспарлануда.
қазақстан Республикасынын Конституциясы, сондай-ақ жаңа сот төрелі-
гін атқарымды түрде құруға бағытталған бір топ қабылданған заң актілері сот 
жүйесін  жетілдіруге  елеулі  әсер  етті.  қылмыстық  сот  ісін  жүргізуде  соттың 
орны мен рөлі өзгерді. Сот алғаш рет заңнамалық деңгейде айыптауды дәлелдеу 
міндеттерінен босатылды. Айыптаушы, жазалаушы соттан адамның құқықтары 
мен заңды мүдделерін қорғайтын органға айнала бастады [2] .
қазақстан  Республикасының  соттары  біртұтас  жүйені  құрайды.  Сот 
жүйесінің  бірлігі  мынаны  білдіреді:  сот  жүйесі  қазақстан  Республикасының 
Конституциясында,  сот  жүйесі  туралы  Конституциялық  занда  белгіленген 
сот  төрелігінің  жалпы  қағидаттарымен  құрылып,  әрі  жұмыс  істейді;  барлық 
соттар  заңмен  белгіленген  барлық  соттар  үшін  бірдей  қылмыстық,  азаматтық 
және  сот  ісін  жүргізудін  өзге  нысандары  арқылы  қылмыстық,  азаматтық 
және өзге істерді қарайды әрі шешеді; сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тек 
Конституция  мен  Республиканың  заңдары  басшылықка  алынады;  заңнамада 
барлық соттарды қалыптастырудың бірыңғай тәртібі белгіленген – қР Жоғарғы 
Сотының  сот  корпусын  сайлау  және  жалпы  заң  құзырындағы  соттардың 
судьяларын  тағайындау;  заң  күшіне  енген  сот  қаулылары,  шешімдер,  сондай-
ақ заңды өкілдер, талаптар және соттың басқа да актілері республиканың бүкіл 
аумағында  барлық  мемлекеттік  органдардың,  ұйымдардын  (меншік  нысаньша 
қарамастан),  лауазымды  адамдар  мен  азаматтардың  орындауы  үшін  міндетті 
болып табылады. Оларды орындамау, сақтамау, сондай-ақ сотты құрметтемеудің 
өзге көрінісі әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларында көзделген 
заң бойынша жауапкершікке әкеп соқтырады; барлық соттарды қаржыландыру 
тек республикалык бюджеттің каражаты есебінен жүзеге асырылады [3].
Бүгінгі қызметті фрагментарлық зерделеу қазақстанның кейбір жерлерінде, 
қазақтар  тұратын  елді  мекендерде  би  немесе  ақсақал  соттары  болғанын 
көрсетеді. Соттың құзыреті тиісті буындағы соттар үшін бірыңғай сот саясаты 
айқындайтын  міндеттер  мен  фукнцияларға  байланысты  олардың  қызметінің 
мәселелерін шешуде зандармен белгіленген өкілеттіктер жиынтығын білдіреді. 
Айталык,  сот  жүйесінің  әрбір  буыны  заңмен  оның  қарауына  жатқызылған 
істерді  ғана  карауға  құқылы.  Соттылық  –  сол  немесе  өзге  сот  қарауы  мүмкін 
істер белгілерінің жиынтығы. қылмыстық және азаматтық істердің соттылығы 
әрбір  буынның  соттарына  қылмыстық  іс  жүргізу  және  азаматтық  іс  жүргізу 
Қ.Қ. Жазыкбаева, З.С. Еркінқызы

119
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
зандарымен  айқындалған.  Мысалы,  облыстық  соттың  қарауына  ауырлататын 
мән-жайларда  қасақана  кісі  өлтіргені  туралы,  мемлекеттік  опасыздық, 
терроризм, жаппай тәртіпсіздік және толық тізбесі қР қіЖК-нің 291-бабынын 
2-бөлігінде белгіленген басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады. 
қР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында: «өзіне заңмен 
көзделген  соттылығын  оның  келісімінсіз  ешкімнің  өзгертуіне  болмайды»,  – 
делінген. Осы конституциялық ережеге сәйкес төмен тұрған соттың қарауындағы 
істі жоғары тұрған соттың өзіне іс жүргізуге қабылдау, сондай-ақ істі соттылыкты 
өзгертуге  әкеп  соқтыратын  сол  деңгейдегі  басқа  сотқа  беру  сотта  ісі  қаралып 
жатқан адамның келісімімен ғана мүмкін болады [5].
қР  қіЖК-нің  291-бабының  3-бөлігіне  сәйкес  аппеляциялық  тәртіппен 
алдын  ала  тергеу,  анықтау  және  сот  ісін  карау  нысанда  кысқаша  тәртіппен 
жүзеге  асырылған  істер  қаралады.  Азаматтық  іс  жүргізу  заңдары  бойынша 
аппеляциялық  сатыда  талап  қою  бағасы  5  мың  айлық  есептік  көрсеткіштен 
асатын  кезде  тараптары  заңды  тұлғалар,  заңды  тұлға  құрмай  кәсіпкерлік 
кызметті жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік дауларды қарау 
кезінде аудандык және оларға теңестірілген соттардың шығарған шешімдеріне 
шағымдар, наразылықтар қаралды (АіЖК-нің 333-бабы) [6].
1 Сотта аппеляциялық сатыда іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу 
ережелері бойынша жүргізіледі және мәні бойынша тиісті сот қаулысын, соның 
ішінде үкім шығара отырып, қайтадан, жаңадан іс қаралады. істі аппеляциялық 
сатыда қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы сот шығарған сот қаулысына беріл-
ген шағымдар мен наразылықтар қанағаттандырылған жағдайда тек күшін жоюы 
немесе өзгертілуі мүмкін.
2 Аппеляциялык сатыдағы соттың үкімдері мен қаулылары бірден күшіне 
еңбейді. Оларға қР қіЖК-нің 421-бабында (АіЖК-нің 368-бабында) көзделген 
жағдайларды  коспағанда,  кассациялык  сатыдағы  сотқа  шағым  берілуі  немесе 
наразылық  білдірілуі  мүмкін.  Кассациялык  сатыдағы  қаулылар  оларды  жария 
еткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және сот қадағалауы тәртібімен наразылық 
немесе шағым берілуі мүмкін.
3  Облыстық  соттың  қылмыстық  (азаматтық)  істер  жөніндегі  сот  алқасы 
ғана  аппеляциялық  саты  болып  табылады.  Аудандық  (қалалық)  және  оларға 
теңестірілген  соттар  –  облыстық  және  оларға  теңестірілген  соттардың  сот 
алқалары,  республиканың  Жоғарғы  Соттың  сот  алақалары  мен  Төралқасын 
қоспағанда, барлық соттар аппеляциялық саты болып табылады.
Сот  сатылары  мынадай  түрде  кұрылған:  әрбір  кейінгі  саты  іс  жүргізу 
заңдарында белгіленген тәртіппен төменгі тұрған соттың үкімдерін, қаулылары, 
ұйғарымдары мен шешімдерін қарауға құқылы, яғни сот қадағалау функциясын, 
бірақ істерді қарау және шектеу бойынша тек төмен сатыдағы соттың қызметіне 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет