Тақырып: Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері.
Тіршілік қауіпсіздігі
Преподаватель:
Батесова Фируза Кайсарбековна, техника ғылымдарының кандидаты, Сәулет және құрылыс институты директорының орынбасары f.batessova@satbayev.university 87024988226
Жоспар:
1.1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні, мақсаты және міндеттері.
1.2. Төтенше жағдайлар жөнінде түсінік.
1.3. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру.
Дәріс міндеттері:
«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінің ғылыми жүйедегі орнын анықтау.
ТЖ түрлерімен танысу, сипаттама беру.
Қауіпті және зиянды факторларды қарастыру.
ТЖ және курстың негізгі терминдерге сипаттама беру.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәннің мақсаты -
қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамның ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері курсының мақсатына төмендегі мәселелер кіреді:
• қауіп-қатерді тани білу, оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың зиянының шамасын, қатер болу мүмкіндігін және т.б.;
• қауіп- қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасау.
ТҚН—адамдарды, олардың өмір сүретін ортасынан туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау, денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы.