Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Жартылай алмалы пластиналы протездің элементтері, олардың орналасуы



бет10/25
Дата12.09.2023
өлшемі75,09 Kb.
#106924
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
вопросы ООС 2 курс каз

Жартылай алмалы пластиналы протездің элементтері, олардың орналасуы.

Жартылай алмалы пластиналы (уақытша) протездер
Алынбалы протездер, алынбайтын протездерден айырмашылығы, мыналар үшін қолданылады
1. кез келген көлемдегі және топографиядағы ақаулар.
2. Алынбалы протездер гигиеналық болып табылады. Қажет болса, алынбалы протездерді суық зарарсыздандыру, әртүрлі дезинфекциялық құралдардың көмегімен өңдеуге болады.
Жартылай алмалы протез базистік пластиналар, жасанды тістер, бекіту элементтерден тұрады. Алынбалы протездің базисі пластмассалы пластинкадан жасалады, оған жасанды тістер мен бекіту элементтері орнатылады. Ол арқылы шайнау қысымы протез базисінен шырышты альвеолярлы өсіндіге және таңдай мен төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісіне беріледі. Пластмассалық базистар әртүрлі түске ие, өндірісте түссіз пластмассада бар, оны бояуларға жоғары сезгіштігі және аллергиясы бар адамдарға қолданады. Базистің ішкі беті шырышты қабаттың рельефін дәлме дәл қайталау керек, бұл шайнау қысымынан болатын жарақаттарды болдырмайды. Таңдайдың алдыңғы рельефі индивидуалды және фанетика мен дәм сезуге қатысады. Сол үшін протез жасағанда рельеф тек іш жағынан ғана емес сыртынанда болу керек.



  1. Жартылай алмалы пластиналы протездің клиникалық-зертханалық дайындау кезеңдері.




  1. Жоғарғы және төменгі жақтарда жартылай алмалы пластиналы протездердің шекаралары. Торустар мен экзостозтарды оқшаулау.

ЭЛЕМЕНТТЕРІ:
• Негізі
• Тіректі элементтер (ілмектер және жасанды тістер).
Протез негізі: жасанды тістер орналасатын, протезді ауыз қуысында ұстап тұратын пластмассадан немесе металдан жасалған бөлігі. Ол төменгі жақта адьвеолярлы өсіндіде,жоғарғы жақта сонымен қатар таңдайда орналасады. Жасанды тістер арқылы түскен шайнау қысымы негізі рқылы шырышты қабатқа беріледі.

Негіздің көлемі сақталған тістерге, альвеолярлы өсіндінің атрофиясына, шырышты қабаттың батымдылығына т.б байланысты. Жоғарғы альвеолярлы өсінді, айқын таңдай торусы протездің бекінуіне жағдай жасап, протездің негізін кішірейтуге мүмкіндік береді.
ПРОТЕЗ НЕГІЗІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ: Жоғарғы және төменгі жақта тіссіз альвеолярлы өсіндіде ерін, ұрт жағынан өтпелі қатпар бойымен , шырышты қабаттың қозғалмалы аймағын, үзеңгілерді айнала өтеді. Қатты таңдайда А сызығына жетпейді. Протез жоғарғы жақ төмпешігін жауып жатуы тиіс. Бұл протездің ауыз қуысында бекінуін жақсартады. Сақталған тістер аймағында алдыңғы топ тістерінде 1\3 бөлігін , бүйір тістердің 3\2 бөлігін жауып жатуы тиіс. Төменгі жақта тіл жағынан тістер сақталған және жоқ бөлігінде өтпелі қатпар бойымен тіл үзеңгісін айналып өтеді. Сақталған тістер аймағында сауыттың 3\2 бөлігін жауып жатуы тиіс.


Жасанды тістер: Жасанды тістерге қойылатын талаптар: Тітіркендірмейтін және зиянды әсер көрсетпейтін материалдан дайындалуы тиіс; Дұрыс анатомиялық формалы, табиғи тістердің түсіне сай болуы керек; Қажалуы төмен ,шайнау қысымынан өзгеріске ұшырамауы тиіс.


ТОРУСТАР МЕН ЭКЗОСТОЗТАРДЫ ОҚШАУЛАУ


Экзостоздар, торустар - бұл сүйек шығыңқылары, әртүрлі пішіндер мен мөлшердегі түзілімдер. Экзостоздар жақ бетінде пайда болады, әдетте тістерді алып тастағаннан немесе жарақаттанғаннан кейін; туа біткен жағдайлар да бар. Анатомиялық экзостоздар да бар: төменгі жақтың ішкі жағында, тілдің бүйірлерінде роликтер түрінде немесе иек аймағында. Жоғарғы жақта торус таңдайдың ортасында болуы мүмкін.
Дәрігерлер мен тіс техниктері пациенттерінде сүйек шығыңқысына ұқсас қатерсіз түзілімдер (доброкачественные образования) болуы мүмкін. Мұндай түзілімдер оқшауланбауы да мүмкін, яғни тіндердің әртүрлі аймақтарында осындай бірнеше сүйек шығыңқылары болуы мүмкін. Ортаңғы таңдай тігісі аймағында орналасқан таңдай торусы сияқты түзілім.
Бұл жағдайда тіс техникінің басты міндеті - зертханалық жағдайда осы қатерсіз түзілімді оқшаулау. Оқшаулау процесі тіс протезінің тепе-теңдігін болдырмау, сыну және тітіркендіргіш ауырсынуды болдырмау үшін қажет. Торус пен сүйек шығыңқы жерлерін оқшаулау, мысалы, қалыңдығы шамамен 0.3-0.4 мм фольга көмегімен мүмкін болады. тіс техникі жұмыс жасамас бұрын, тіс дәрігері химиялық қарындаштың көмегімен қатерсіз түзілімдердің контурын өзі бөліп алады, бұл тіс техникі болашақта тығыздағыштың дәл қалыңдығын қолдана алатындай етіп жасалады. Жұмысты тапсырғаннан кейі тіс техникі, фольга пластинасын гипс үлгісінде дәрігер белгілеген өлшемге және пішінге сәйкес дәл кесу керек. Әрі қарай пластинканы модельге арнайы желіммен жабыстырылады, содан кейін протез қайнатылып, пластмассаның полимерленуі басталады, онда фольга пластинасы құрылымның ішкі бетінде қалады, фольга протезді жылтыратқаннан кейін алынады, онда ойықтар тегістеліп, дәрігерге жіберіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет