Ыстықтан қатаятын пластмассадан алынбалы протездерді жөндеу техникасы.
Протезді жөндеуді протездің бөліктері сыну сызығы бойынша дәл жиналатынына көз жеткізіп жүргізеді. Протездің сынықтарын (отломки) жылы суда жуады, кептіреді және жанасу жазықтығынан кішкене болсын ауытқымай сол қолына жинайды. Сынықтарды оң қолындағы қыздырылған тіс техникалық шпатель көмегімен мықтап ұстап, оларды сыртқы бетінен балауызбен жабыстырады. Гипсті араластырады және сұйық гипске ішкі беті желімделген протезді қойып, осылайша бекітуші (фиксирующий) модельді алады. Гипс қатайғаннан кейін кесінділерді (отломки) модельден алып тастайды, сыну сызығы аумағындағы әр бөліктен 3 мм дейін пластмассаны тігеді, жақсы бекітілуі үшін трапеция түрінде 8 - 10 мм дейін врезы жасайды, шеттерін дөңгелетеді, шаберлермен немесе фрездермен сынық шекарасындағы жылтыратылған беткейді шешеді және бекітетін модельге сынықтарын бекітеді.
Осыдан кейін пайда болған саңылауды балқытылған балауызбен толтырады және оны протездің деңгейінде тегістейді. Тек балауыз құйылған бөлігін гипстен бос қалдыра отырып, кюветаның негізін оның жоғарғы бөлігімен жауып, гипспен толтырып және одан әрі әдеттегідей балауызды пластмассамен ауыстыру арқылы кюветаның негізіне протезі бар модельді тікелей тәсілмен гипстейді.
Полимерлеу процесінде сынықтардың монолитті (химиялық) қосылуы жүреді. Протезді кюветадан шығарады, өңдейді, тегістейді және жылтыратады.
"ГосСил" эластикалық төсемдеріне арналған ыстық полимерленген силиконды материалынан эластикалық төсем жасау технологиясы.