Ортопедиялық стоматологиядағы «қалып» («слепок») термині протездік төсемнің тіні мен ауыз қуысының іргелес қатты және жұмсақ тіндерінің теріс(негативті) көрінісін білдіреді.
Қалыптың екі түрі бар: жұмысшы және көмекші.
Жұмысшы қалып- бұл протез жасауға арналған қалып.
Көмекші қалып қарама-қарсы жақтан алынады және тістемді(прикус) анықтауға қызмет етеді.
Жұмысшы қалып алу әдісі бойынша анатомиялық және функционалды болып бөлінеді. Біріншілері анатомиялық түзілістерді функцияны орындау кезінде олардың өзгеруін ескермей көрсетеді, екіншісін(соңғысын) алып тастағанда, шайнау, сөйлеу функциясын орындау кезінде жылжымалы жұмсақ тіндердің күйі ескеріледі.
Өз кезегінде, протездік төсемнің оларды қабылдау кезіндегі қысылу дәрежесіне байланысты функционалдық қалыптар:компрессионды, босатқыш(разгружающий) және аралас болып бөлінеді.
Жақсы қалып- ортопедиялық емдеудің бір кепілі. Сондықтан дәрігерлер өз қызметтерінің басынан бастап әр түрлі қалыптық материалдарын қолдану арқылы қалып алу техникасын меңгеруі керек.
Функционалды қалыптар протезбен шекарада орналасқан ауыз қуысының қозғалмалы тіндерінің орналасуына қатысты қалыптың шеттерін жобалауға мүмкіндік беретін функционалды сынамаларды(проб) қолдану арқылы алынады. Функционалдық қалып жеке қасықпен, яғни әрбір пациент үшін жеке дайындалған қасықпен алынады.
Анатомиялық қалыптар ең көп таралған. Олар протездік төсем тіндерін салмалар(вкладки), сауыттар, көпіртәрізді протездері, жартылай алынбалы протездер және т. б. кезінде қолданылады.
Анатомиялық қалып жартылай(частичные), толық және екі жақты (қосарлы) болады.
Екі жақты қалып протездік төсемнің білігін дәлірек кескіндеуге мүмкіндік береді. Екі жақты қалып алу техникасы дәлдігі аз алдын-ала қалып алудан, содан кейін екінші түзету қабатымен ерекше дәл қалып алудан тұрады. Ауыз қуысынан алған қалыпты алып тастағаннан кейін, түзету қабаты бүкіл алдын ала қалыпқа түзету материалының жұқа қабығын қалдырады.
Қалыптарға белгілі бір талаптар қойылады. Қалып протездік төсемнің барлық тіндерінің білігін дәл көрсетуі керек: шырышты қабық, өтпелі қатпар, еріннің жүлгесі(уздечек губ), тіл, ұрт қатпарлары, сондай-ақ қызылиектің бүкіл периметрі бойынша тіл аралықтары, тістер аралықтары және бүкіл тіс қатары.
Модель, оның анықтамасы, жіктемесі. Аралас ажыратылатын модельді құю.